Есімде жоқ ең бірінші таныстық, Арамызда болмағандай қалыстық. Саған айтқан сөздерімнің бәрі жөн, Маған айтқан сөздеріңнің бәрі ыстық. Ойлануға жылдың апта, айы аз ба? Ой інжуі жатпас, жаным, таязда.......
Сыңайы бар жер мен көк кінәласқан. Ызаланған баладай жылады аспан. Мыңқ етпейді шынардың діңгектері Жасыл барқыт сияқты қына басқан. Құқайларды көрген ол мұнан асқан, Желге, күнге, аязға кеуде тосып, Тұратындай мәңгілік құламастан. Қар ызғары! Қарып тұр астананы! Осы ызғардан нағыз қыс басталады.......
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды, Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды. Үсті-басы ақ қырау, түсі суық, Басқан жері сықырлап, келіп қалды. Дем алысы - үскірік, аяз бен қар, Кәрі құдаң - қыс келіп, әлек салды. .....