Адия

Адия есімінің мағынасы (Әдия) — араб тілінен алынған хадия — сый, сыйлық, тарту деген мағына береді.

Есімдер мағынасы
Толық

Раяна

Раяна есімінің мағынасы — араб тілінен аударғанда 1) тың, толық, қанық, мол, шырынды, тегіс, түзу; 2) дамыған, жетілген, кемелденген, — деген мағына білдіреді. Енді бір басқа мағынасы – жұмаққа кіретін қақпа.


Бұл есімді қызына таңдаған ата-аналар сәбиінің жан-жақты жетілген, көркем, кемел адам болуын тілейді.


Ал Ар-Райян деген — ораза ұстаған мұсылмандар кіретін Жәннат қақпаларының бірі. Қыздарына Райяна есімін қойған ата-аналар оның салиқалы, иманды, көркем мінезді болып өскенін, Алланың мейіріміне бөленіп, Жәннаттқа лайықты болуын тілейді.

Есімдер мағынасы
Толық

Туған жерге тарту

Мен әркез қара өлеңді ақтарамын,

Уа, Алла жансын деймін бақ-талабым.

Әр адамның алтын ұя бесігі бар,

Мен де, өз бесігіммен мақтанамын.

 

Өткен іске қарасам жарқын бұлшақ,

Өлеңге қалды...

Өлеңдер
Толық

Көшеге құрмет-ұлтыңа қызмет!

Қазақстанның барлық дерлік қала тұрғындары қаладағы көшенің атын дұрыс атай алмаймыз. Көше атауының тариxы тұрмақ, ол тұлғаның аты-жөнін де білмейміз. Жұмабаевтың атын Міржақып дейтіндер де бар. Бұл бүгінгі өз тарихымызға деген көрсетілген құрметтің түрі. Мақтанарлық жағдай емес. Мүмкін, сіз тұрып жатқан өңірде шетелдік турист кездесіп қалып, жөн сұрасып жатып, абайсызда көшенің тарихын сұрап қалса, ал сіз болсаңыз....

Шығармалар
Толық

Жігіт пен қыз туралы

- Кеше бірінші рет сүйген қызымды футболға ертіп бардым.
- Нәтижесі қалай?
- Бірінші таймда тәп-тәуір жүргенімен, екінші таймда шаршап қалды.




Бір қыз агент арқылы суретші жігітпен сөйлесіп отыр:
- Ой, мына жібергеніңіз қандай қызық смайлик. Ешқашан бұндай смайлик көрмеп едім.
- Кешіріңіз, қарындас, бұл менің суретім ғой. 

Анекдоттар мен әзілдер
Толық

Сонша ақшаны сізге не үшін бердім?

Беделді бір кісінің келіні қыз туады. Бұған көңілі толмаған әлгі кісі перзентхана басшысына телефон шалады:
- Мен немерем ұл болсын деп едім ғой. Сонша ақшаны сізге не үшін бердім?
- Ашуланбаңыз, ауыстырып береміз... 

Анекдоттар мен әзілдер
Толық

Қызым-ау, сен ол жігітке тұрмысқа шықпай-ақ қойшы

- Қызым-ау, сен ол жігітке тұрмысқа шықпай-ақ қойшы. Өзі ақсақ, басы таз, көзі қыли ғой!
- Шеше, маған оның сұлулығы керек емес! Адамдығы болса, болды.
- Мен ондай мағынада айтып тұрған жоқпын. Ол сенсіз де өмірде көп зәбір көрген екен. 

Анекдоттар мен әзілдер
Толық

Қатты уайымдап жүрмін...

- Қатты уайымдап жүрмін, - дейді бір әйел құрбысына.
- Неге?
- Қызым тұрмысқа шыққалы жатыр. Өзі әлі тамақ істей алмайды.
- Оған бола қам жемеңіз. Өткені күйеу балаңыздың тамақ істеуге қажетті азық-түлік алатын ақшасы да жоқ көрінеді. 

Анекдоттар мен әзілдер
Толық