Жұмағали Саин (Қызғалдақ)

Қызғалдақ күнге қарады
Жымың етті,
Құдіретті
Күн күлді,
Кім білді,
Бұл сырды!
Қызғалдақ жерде,
Күн көкте.
Жайды алақан
Не сұрады?
Неге сонша жалынды?
Дүние мәз,
Па, шіркін, жаз.
Күн жігіттей
Көзбен атты
Қызғалдақты.....
Өлеңдер
Толық

Қызғалдақ ғұмыр

Отан басына қауіп төнген қаһарлы соғыс жылдары елін-жерін қорғауға аттанып, мұз жастанып, қар кешкен ерлермен қатар сапқа тұрған қазақтың қайсар қызы азғантай әскери қызметінің өзінде бүкіл халқымыздың қанына тән қасиет танытып, ержүректілігімен, қайсарлығымен, алған бетінен қайтпас табандылығымен келешек ұрпаққа өнеге болатындай із қалдырды.
Ол - Кеңес Одағының Батыры. Көрінген ер шыдас бере алмайтын сұрапылда қан майданның қақ ортасында жүріп, таңдай қақтырар ерлік көрсеткен қыз. Жарты әлемге ықпалын жүргізіп келген Кеңес Одағының барлық ұлттарының бірнеше ұрпағына қайсарлықтың, жігерліліктің, отансүйгіштіктің өнегесі ретінде ұсынылып келген балғын қаһарман. Көшелерге, мектептерге, шаруашылық пен кәсіпорындарға, тіпті кемеге де есімі берілген, ерлігі туралы әндер, дастандар, кітаптар, мақалалар жазылған, сахналық қойылымдар қойылып, келбеті көптеген мүсіндірге, көркем суреттерге айналған адам. Жанкешті ерлігінен соң қазақтың аяулысына, аруақтысына айналып, есімін мыңдаған сәбилерге сыйлаған, өзінің тірі ескерткіштерін есепсіз көбейтіп кеткен қазақ қызы. Фәни дүниеде он тоғыз жасқа тола алмай кеткен бойжеткен үшін осының бәрі осал даңқ еместі.
Қазақ халқының мақтанышы, қазақ жерінің топырағында туған батыр қыз Әлияның туған жерінде, туған елінде оған арнап жылына бір кітап жазылса да аздық етпесі анық. Ақтөбенің топырағында дүниеге келген, сол ел-жұртын ерлігімен тәнті етіп, қызғалдақтай қысқа ғұмыр кешкен аяулы, ару қызымыз Әлия туралы бір толғанып, ол туралы Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында шығармама арқау еткім келді.
Батыр қыз Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Бұлақ ауылында 1925 жылы маусымның 15-де дүниеге келеді. Бұл- патшалы Ресейдің отары болып, езгіні көріп отырған, рухы қамаулы қазақтар еліне ақ пен қызыл болып жағаласқан дүрбелеңнің салып кеткен ойраны енді ғана бәсеңдеп, жұрт қосүрей күйде отырған кез еді. Әкесі Нұрмұханбет жаны сергек, қажырлы ер мінезді, намысшыл жігіт болса керек. Анасы Маржан Молдағұлова - мінезі өткір, аққұба, көзі аялы, ажарлы адам болған. Әлия анасына тартқан көрінеді.
Тағдыр Әлияны әуелі анасынан айырады......
Шығармалар
Толық

Қызғалдақ №11 сабақ (3 сынып, I тоқсан, 1 бөлім)

Пән: Қазақ тілі Т2
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жанды табиғат
Сабақ тақырыбы: Қызғалдақ №11 сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 1.4 Мәтіндегі негізгі, қосалқы ақпараттар ды түсіну
3.1.4.1 тыңдаған мәтіннің тақырыбын, жағымды және жағымсыз кейіпкерлерді, мұғалімнің қолдауымен оқиғалар ретін анықтау
2.4 Оқыған/тыңдаған материалды мазмұндау
3.2.4.1 жоспар (сурет, сызба түрінде) және тірек сөздер негізінде оқиға желісін сақтай отырып мазмұндау
5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді қолданбау)
3.5.1.1 мұғалімнің қолдауымен заттың атын/сынын/санын/іс-қимылын білдіретін сөздер мен көмекші сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану
Сабақ мақсаттары:
1. Тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсіну
2. Тыңдаған мәтінді мазмұндау
3. Заттың сынын, қимылын білдіретін сөздерді қолдану
Оқушылардың барлығы: тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсінеді, қолдау арқылы мәтін мазмұнын айтады, заттың сынын, қимылын білдіретін сөздерді қолданады
Оқушылардың көпшілігі: тыңдаған мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, тірек сөздердің көмегімен мәтінді мазмұндайды,
Оқушылардың кейбірі: тыңдаған мәтіндегі кейіпкерлердің әрекетіне қатысты пікірін айтады....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Қызғалдақ

Көктем ... Шуақты көктем, шұғылалы көктем. Әсіресе, бұл көктемді бақ иелері мен дихандар қалай күтеді десеңізші! Көктем шығысымен олар жер ананың төсін гүлге орайды. Гүл. Біздің ата-бабаларымыз «жердің көркі - гүл» дейді емес пе? Десек те, гүлдің де гүлі бар. Көктемгі бақтың ең әйгілі гүлі – қызғалдақ (тюльпан). Қаhарлы қыстан жалыққан адам көңіліне қуаныш сыйлап, сәулелі сезімді қытықтап оятатын да осы гүл. Сондықтан да бақ иелері өздерінің бақшасын гүлдендіруді қызғалдақтан бастайды. Сондай ақ, бұл гүл мектеп ауласында да әдемі көрік береді.......
Шығармалар
Толық