Кітапхана – функция мен кластар кодтарының жиын тығы. Python-да код кітапханасын сипаттау үшін қол данылатын термин – модуль (module). Мысалы, pygame модулін де ішкі модульдер ретінде pygame.draw, pygame.image, pygame.mouse жә не т.б. қолданылады. PyGame кітапханасы – 2D ойындарын және басқа мультимедиялық қосымшаларды әзірлеуге арналған Рython программалау тілінің модулі. РyGame көптеген платформалар мен операциялық жүйелер де жұмыс істеуге мүмкіндік беретін SDL (Simple DirectMedia Layer) ойындарын жасау үшін басқа кітапхана негізінде жасалды.
Мен сіздердің өз өмірлеріңізбен ел өмірін толыққанды, сәнді және бояуы қанық ете алатындарыңызға кәміл сенемін. Жаңа ғасырға Қазақстанды сіздер алып барасыздар! Н.Ә.Назарбаев
Мен биылғы жылы он бес жасқа қадам бастым. Бала деуге келмейтін, бойжеткендеуге жетпейтін, жасөспірім кезеңге аяқ бастым. Білгенімнен білмейтінім, көргенімнен көрмегенім көп. Мен үшін жұмбақ, таңсық нәрселер жетерлік. Өзгермелі қоғамда, дамыған заманда болашағымды болжай алмасам да,келешекке үлкен сеніммен, алдағы өмірге деген үкілі үмітім бар.
XXI ғасырда болашаққа қарыштап қадам басқан елімнің жетістіктерін күнделікті баспасөз беттерінен оқып танысамын, теледидардан көріп марқаямын. Асқақтаған Астанам, көкпен таласқан Бәйтерегім, жұрттың көз-қуанышына айналған туған жерімнің табиғаты мен оны мекен еткен ұлыс пен ұлт өкілдерінің тату-тәтті тұрмысын мақтан етемін.Кім келсе де құшағын жая қарсалатын, нанын бөліп жеуге даяр тұратын, қызын аялаған, ұлын ардақ тұтқан, бейбітшілікті ту еткен ерекше елдің перзенті болғаным үшін шаттанамын. Елімнің қай түкпірін сөз етсем де туған жерге деген сезімім сана төріне сан түрлі ой, толқыныс әкеледі......