Бәрі шаттық. Бәрі ұнау, уайым-қайғы жоқ тегі... Басқалау ма еді, Тәңір-ау, балалық шақтың көктемі. Құйғанда лезде жаңбыр да, құйынын басып көп шаңның. Қаулайтын үйдің алдында кеудеге дейін көк шалғын. Жуатын көзін әйнектің......
Ірі мекеменің қарауындағы бір шағын ғана орталықты басқаратын Кішкентай Адам үйіне барып түстенген соң жұмысына қарай жетіп алмақшы болып, автобусқа жайғасқаны сол еді, қалтасындағы телефоны безілдеп қоя берді. Хабарласып тұрған хатшысы болса керек. Орталық деген аты ғана болмаса, онда бар-жоғы екі-ақ адам бар. Бірі – өзі, екіншісі – компьютерде мәтін теретін бір жас қыз және қабырғасы бір есікпен ғана бөлінетін табыттай тар екі бөлме. Төр жағында өзі, есік аузында хатшысы жайғасқан. Соған қарамастан, аты дардай. «Ұлы дала мұраларын бүгіншілеп тану орталығы» деп аталады. Орталықтың басшысы...
Ахмет Қуанұлы Жұбанов (1906-1968) — қазақ музыкасын зерттеуші көрнекті ғалым, әйгілі композитор, дирижер. Қазақстанның халық артисі (1944), өнертану ғылымының докторы (1943), профессор (1948), академик. Ол Ақтөбе облысы Темір ауданында 1906 жылы 29 сәуірде өмірге келген. Жасынан музыка өнеріне бейімділігін байқатып, домбыра, скрипка аспатарында ойнауды меңгереді. Жас кезінде ауылдасы Талым күйшіден, ауыл мұғалімі Қ. Ашғалиевтен, әкесі Қуаннан, ағасы Құдайбергеннен тәлім алып, музыка өнеріне ден қояды. Темірде орыс халық аспаптар әуесқойлары оркестріне жетекшілік ететін (П. Черняктан сольфеджио, скрипка, музыка теориясы бойынша) сабақ алады. 1929 жылы Ленинградтың М.И. Глинка атындағы техникумында (А.А .Этигонның скрипка класы бойынша), консерваторияда (профессор Ф.А. Ниманның гобой класы бойынша, кейіннен музыка тарихы мен теориясы факультетінде) оқыған. 1932 жылы Ленинградтағы Актер шеберлігі мектебінің аспинрантурасына түседі. 1933 жылы Алматыда ашылған музыкалық драма училищесіне ұстаздық қызметке шақырылады. 1930 жылы Ленинградтағы «Рабочий и театр» журналында жарияланған мақаласынан бастап, өмірінің соңына дейін қазақ музыкасының тарихы мен теориясын зерттеумен айналысты. 1936 жылы «Музыка әліппесі» атты тырнақалды кітапшасы жарық көрген. 1934 жылы А. К. Жұбанов алғаш 11 адамнан құралған домбырашылар ансамблі негізінде Қазақ ұлттық халық оркестрін ұйымдастырды. Осы ұжымның тұңғыш дирижері ретінде көптеген халық композиторларының музыка туындыларын оркестрге лайықтап нотаға түсірген. 1945-1951 жылдары Алматы консерваториясының ректоры, 1954-1961 жылдары осы консерваториядағы өзі ашқан халық аспаптар кафедрасының меңгерушісі болып, қазақ халық музыкасының тарихынан, дирижерлік өнер менаспаптанудан сабақ берді. Жұбановтың қазақ халқының ән-күй шығармаларының табиғаты мен ерекшелігі, ұлы күйшілер Құрманғазы, Дәулеткерей, Сейтек, Тәттімбет, Қазанғап туралы монографиялық ғылыми -зерттеу еңбектері- қазақ музыкасының ғылыми тарихын жасауға қосылған қомақты үлес болды. А. К. Жұбанов — қазақ халқының қазіргі заманғы кәсіби музыкасының негізін қалаған аға буын композиторлардың бірі. Ол халық күйлерін оркестрге лайықтап, нотаға түсірді және қазақ музыкасын күрделі аспаптық симфониялық шығармалармен байытты. Олар «Тәжік биі», «Қазақ билері», «Төлеген Тоқтаров», «Ария», «Вокальдік сюитасы», «Абай сюитасы», тағы басқалар.....
К І Р І С П Е Адам қоғамын мыңдаған жылдар бойы өмір сүріп келеді. Жеке адамдар тиісті мемлекеттің азаматы болып, сол мемлекеттің билігіне, құқықтық тәртібіне бағынып, өзінің іс-әрекетін, мінезін, тәртібін қоғамдық мүдде-мақсатты орындауға жұмсайды. Ерте заманнан бері адамдар дүние құбылыстарын тану, соның ішінде мемлекет пен құқық туралы да зерттеулер жасап келеді. “Мемлекет” сөзін қоғамның ересек мүшелері де, мектеп оқушлары да түсініп, естіп жүреді. Бұл терминнің толығырақ мән-мағынасын анықтап, жете түсіну үшін ол мәселеге қажетті көлемде көңіл бөлу керек. Кеңес Одағы ыдырап, оның территориясында егеменді мемлекеттер пайда болып, әр мемлекет, оның ішінде Қазақстан Республикасы да өзінің мемлекеттік құрылысын, құқық жүйесін реформалауларды жүргізіп отыр. Осындай қоғамдағы өзгерістерге сәйкес белгілі бір объектілерді зерттеудегі маркстік-лениндік көзқарасты ғана қолдану қағидасынан да ауысып, басқа да халықаралық қауымдастық қолданып жүрген зерттеулермен жете танысуға және сол бағыттарда жұмыс жүргізуге жол ашылды.....
Көгілдір аспан аясында жасыл орманға бөленген көгілдір қала жатыр. Қала қай жағынан қарасаң да бірдей көрінген, сан қырлы гауһар тастай жалт-жұлт етеді. Керемет көрікті. Шығыс-күнгейі мен құбыласына дейін тұтаса созылған, аспанмен тілдескен ақ сәлделі таулары қандай айбарлы, сәнді десеңдерші! Кант бастары күн сәулесімен ойнап, көздің жауын алады. Бұл көшелері, көшені қуалай жүгірген арықтары әлі асфальт пен бетонға құндақталмаған соғыстан кейінгі Алматы. Бұнда әлі алты қабат, жеті қабат үйлер жоқ. Жиырма бес қабатты «Қазақстан» мейманханасы тұрғындардың қиялына да кірмеген. Сонда да қала сандықтан алып шыққан жаннат ішіктей құлпырып тұр. Сонау аспанмен тілдескен алып таулардың қойнауларынан, шатқал, арналарынан қуалай, қаланың шығысы мен батысын ала үш өзен ағады. Шығысындағыны - Кіші Алматы өзені, батысындағыларын - Көктем мен Жаман өзен деп атайды. Шығысындағы Кіші Алматы өзені сонау тау қойнауынан сарқырай шаттана күліп, тынбай ағып, қалаға жетеді де, кіре бере екіге бөлінеді. Бір қолы тасты, құмды Кіші Алматы өзенінің арнасымен төмен қарай құлайды да, судың екінші жартысы Бас арықты беттей жүйткиді. Бас арықтан әр көшенің екі жағын ала, тарам-тарам боп, қала бойын қуалай жөнеледі. Көгал көмкерген, әлі бетон кимеген бұл арықтар, нағыз бір тау етегіндегі тас бұлақтар тәрізді көбік атып секіре, сылқ-сылқ күледі. Сулары көз жасындай мөп-мөлдір, ұрттап қалсаң, тісіңді жарардай сұп-суық. Күндіз-түні сыңғырлап жатқан ағысының жылдамдығы ұшқан құсқа пара-пар бір кереметтер.
Менің ең жақын досым анам... Мен анамды қатты жақсы көрем. Бұл дүниеде қай бала анасын жаман көреді. Осы анамыз шыр-пыр етіп, күндіз-түні жұмыс істеп, «Мен жемегенді балам жесін, мен кимегенді балам кисін» дейді ғой. Мүмкін біреулердің жаман жолға түсіп кеткеннен кейін шығар, жаман көретіндері.......
Тілеуберді Қуандықов – Алматы қаласының штаттан тыс бас анестезиолог-реаниматологы, №7 қалалық клиникалық аурухананың анестезиология және реанимация бөлімінің меңгерушісі, «ҚР анестезиологтарының федерация» АҚҰ басқармасының мүшесі.
Медицинаның трансплантология сияқты аса маңызды саласы елімізде осы уақытқа дейін өте баяу дамыды. Мыңдаған науқас жөнді хирургиялық ем ала алмады, ота жасау кезегін күте-күте көбі қайтыс болды. Ауыл халдегі науқастарды Денсаулық сақтау министрлігінің бағдарламалары бойынша квотамен шетелде емдеу үлкен материалдық шығынды қажет етті. Ал орган алмастыру оталарын жасайтын мамандар елімізде жеткіліксіз болды.....