22 Наурыз - Наурыз мейрамы (Қош келдің, Наурыз!)

Жер жүзіндегі жұрттардың бәрінің де түрлі-түрлі мейрамдары болады. Мәселен, дін мейрамы, ұлт мейрамы, мемлекет мейрамы секілді. Өзгелерді былай қоя тұрып, өзіміздің сыбайласымыз орыс жұртын алсақ, бұл туралы қазақтың мақалы да бар: "Орыста мейрам көп, қазақта айран көп".

Біздің қазақ айранға бай болғанымен: мейрамға жарлы екендігі осыдан да көрінеді. Жалпы мұсылман жұрттарына ортақ жылына екі рет келетін ораза, құрбан айттарын есепке алмағанда, бізде жалғыз-ақ мейрам бар, ол - Наурыз.

Наурыз қазақтың шын мағынасындағы ұлт мейрамы. Наурызды қазақтан басқа Күншығыс жұрттарының көбі, мәселен, Үндістан, Иран, Ауған, Бұхар....
Шығармалар
Толық

Қош келдің Наурыз

Қазақ халқының өмірінде ерекше орын алатын, ертеден мерекеленіп келе жатқан мейрамның бірі - Наурыз. Бұл жыл сайын наурыз айының 22 - жұлдызында мерекеленеді, яғни күн мен түн теңеліп, қар еріп, көк шыға бастайтын көктем айы. Сондықтан ертедегі адамдар наурыз күнін жаңа жыл басы - ұлыстың ұлы күні деп есептеп, жақсы тілек, зор қуаныш пен қарсы алған, жұрт ел аралап, наурыз көже ішіп, палуан күресіп, ойын саулықпен өткізген. Сол себепті біз бүгін ертеңгілігіміз “Қош келдің Наурыз!”- деп атап отырмыз.
Наурыз келсе, құт келгені халайық
Есік ашып, шашу шашып,
Ел болып қарсы алайық.
(шашу шашылады) .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық