Метрология | Қой шаруашылығының өнімдерін стандарттау

Қой шаруашылығының технологиясына өзара байланысты ұйымдастырушылық-шаруашылық шаралары мен отарды ұдайы өсіп-өндіру жөніндегі практикалық әдістер, қолайлы азықтандыру және күтіп-бағу кіреді, ол бұл саланың жүргізу жүйесінің ерекшеліктеріне орай жүзеге асырылады.Қой шаруашылығының әртүрлі технологиялық жүйелерін жұмыс істеуіне табиғи- климаттық жағдайлар әсер етуде.Қойларды өсіру техникасы, оларды төлдету, отарларды жасақтау, күйек алу, жас малдарды өсіру және басқалары сала технологиясының маңызды құрамдас бөлігі болып саналады.Ірі қара және қой шаруашылығы ортақ мазмұнға ие.
Қойдың дене құрылысының жақсы бейімделгіш қасиеті бар, сондықтан да оларды әртүрлі климаттық жағдайларда өсіреді.Басқа малдарға қарағанда олар өсімдіктердің барлық түрлерін, солардың ішінде арамшөптердің көптеген түрлерін пайдаланады,бұл ауыл шаруашылық дақылдарын егуге немесе малдардың басқа түрлерін жаюға жарамсыз жер учаскелерін пайдалануға мүмкіндік береді.Қой шаруашылығына өнеркәсіптік технологияны(мамандандыру, механикаландыру, өндірісті интенсивтендіру)
енгізгенде қойдың конституциясының мәні оданда әрі арта түседі.Малдардың конституциясының тұқым қуалау әсерімен және сыртқы орта жағдайымен қалыптасатынын естен шығармау қажет.....
Дипломдық жұмыстар
Толық