Қаһарман ұрпаққа тағзым

Біздің үрейді жеңетін ең күшті қаруымыз бар, ол-Отанға деген сүйіспеншілік. Б.Момышұлы
Мен бейбіт заманның ұрпағымын.Қасіретті соғысты мен түгіл менің ата-анам да көрмеген.Елімізде тыныштық орнап, әрбір арайлап атқан таңды қуанышпен қарсы алғалы да 71 жыл.
Соғыс-адам баласы үшін ең үрейлі, ең қорқынышты сөз.Себебі соғыс атаулы адамзатты қырып-жоюға бағышталған. Тарих беттерін парақтасақ адам-адам бол-ғалы осылай. Талай рет үстемдік,байлық үшін адам қаны суша аққан.Әріге бармай-ақ 50 миллионнан астам өмірді жалмаған Ұлы Отан соғысын алайық.Кімге қажет болып,не мақсатты көздеп еді сол соғыс? Әдетте соғысты әділетсіздік,жауыздық, қанішерлік бастайды ғой. Ол сонысымен лағнетті.Қарапайым халыққа қасірет әкел-ген,қарғыс арқалаған соғыс ешқашан жеңіске жеткен емес.
Таң алдында,тәтті ұйқыда жатқан Отанымыздың шекарасынан ұрланып өткен жау оғымен бірге адам баласының тарихында болмаған бір ғаламат соғыс басталды.Сол күні жау тәтті ұйқыны ғана бұзған жоқ.Зұлым жау бейбіт өмірге бүлік әкелді. Қыз жігітімен, ана баласымен қоштасты.Қырда қойшы қойын тастап,таягын винтовкаға айырбастады,ойда диханшы трактордан түсіп,танкіге отырды.Ол кезде бүкіл ел сол-дат болды.Сол жылдардың біз секілді бозбала,бойжеткендері ақын болуды,инженер болуды,оқымысты болуды армандаған еді.Алайда олардың армандарының қанатын сұм соғыс қырқып түсірді.....
Шығармалар
Толық

Халық қаһарманы Батыр қазақ-БАУКЕҢ!

Жеңіске тек рухтың күштілігімен ғана жетуге болады
Б.Момышұлы
Биыл қазақтың біртуар батыры, Халық Қаһарманы Бауыржан Момышұлының туғанына 106 жыл толып отыр.Баукеңнің ерлік істері, жарқын бейнесі ел жүрегінде мәңгілік сақталады.Жадымызда мықтап жатталған даңқты тұлға есімі тарихта алтын әріппен жазылған.Қызыл империя белсенділерінің қатыгез саясатының нұсқауымен қасапшы машина қаймана қазақтың «сүт бетінен сылып алар қаймағын», яғни, саналы һәм санаулы асылдарын аяусыз қырып-жойғаны белгілі.Бір өкініштісі, бұл келеңсіздік Ұлы Отан соғысы тұсында да жалғасып, ұлы далада өсіп-өнген қайсар ұлдардың есепсіз ерлігін тиісінше бағаламады, тылдағы ерен еңбекті елемеді.Керісінше, аз ұлттарға әрдайым қысым көрсетіп, қиянат жасап, марапат-атақтан, жоғары лауазымнан шеттетіп әлекке түсті. «Қызыл империя күшейіп тұрған шақта Баукеңнің асқан батырлығы да, қайраткерлігі де, жазушы ойшылдығы да дұрыс бағаланған жоқ.45 жыл бойы батыр атағына екі рет ұсынылса да берілмей қойды.Мәскеудегі Жоғары академияда 5 жыл “Жоғары тактикадан» аға оқытушы болып қызмет атқарып, ұстаздықтың ең биік шыңына жетті.13 жыл генералдық қызмет атқарды.Бірақ генерал шені берілген жоқ». (Әскери журналист қолжазбасынан). Сол кезде жоғарғы әскери басшылыққа өзге ұлттың өкілін араластыра бермейтін саясаттың зардабы өлшеусіз болды, оны жария заманда бірақ білдік.Оның үстіне жалғандықты, жағымпаздықты өлердей жек көріп, жақтырмайтын бірбеткей Бауыржан Момышұлының ешкімнен қаймықпас өжет мінезі де шовинистік пиғылдыларды әбден қитықтырып, биліктегілер шешім қабылдар кезде әдейі сыңар езулікпен бұра тартуын тоқтатпады......
Шығармалар
Толық

Жеңісті жақындатқан қаһармандар

Мен Қазақстанды жақсы көремін. Себебі мен осы елде тудым. Қазақ елі басынан талай қиындықты өткерді. Отанымның мақтанышы да өте көп. Оның тарихының түбі тереңде жатыр. Қазақтың батырлары да жетерлік. Ғалым, ғұламасы да жетіп артылады. Қазақстан даму үстінде. Өскелең жас ұрпақ оны көркейтуге атсалысуымыз керек. Қазақстанның әсем жерлері, тау мен тасы өте көп. Зерттелмегені де қаншама. Қазақтың даласы тұнып тұрған байлық. Тек оны ысырап қылмауымыз керек. Қазақтың жүрегінде мәңгілік өшпес от қалдырған жылдар, әрине, соғыс жылдары. Қазақ жерінде небір қантөгіс майдандар болған. Сонау елімізге моңғолдардың шабуыл жасауынан бастап, Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі жариялануына дейін қаншама майдан болды. Сондағы батыр бабаларымыз өсиет етіп қалдырған жері бабадан балаға дейін мирас болып сақталуы тиіс. Оны ары қарай жалғастырып, көркейту - біздің міндетіміз. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілі. Оны әр заманда да сақтап қалуымыз қажет. Тілімізді шұбарлап сөйлеудің тіпті де қажеті жоқ. Біз шет тілде сөйлесек, өзімізден кішілерге қандай үлгі, тәлімтәрбие береміз?! Ұлы Отан соғысы - қазақтардың басынан өткерген ең бір қиын кездердің бірі. Мен әрине ондай қасіретті көрмедім. Бірақ бабаларымның ондай азап шеккені өте аянышты. Сол заманда данышпан елім «Катюшаны»ойлап таппағанда , біз мұндай бейбіт өмір сүрмес едік.......
Шығармалар
Толық

Қаһарман қыз - Хиуаз Доспанова

Қаһармандығы тарихта белгілі болғанымен, дүйім жұртқа көп таныс емес қазақтың батыр қыздарының бірі Хиуаз Қайырқызы Доспанова. Ол 1922 жылы Орал қаласында дүниеге келген.
Ұшқыштық өмір жолын Оралдың аэроклубында бастап, кейін әйгілі ұшқыш Марина Раскова басқарған 46-гвардиялық полкінің құрамында 300-ден астам әуе шайқастарына қатысқан Хиуаз Доспанова сол кездің өзінде теңдессіз ерлігі үшін «қанатты қыз» атанған еді. Әлия, Мәншүк, Хиуаз... Олардың есімдерін тек Қазақстан ғана емес, кезіндегі КСРО халықтары да жақсы біледі.
Хиуаз Астрахандағы балық кәсіпшілігімен айналысқан жұмысшы отбасынан шыққан. Ол кісінің кезінде Мәншүк Мәметовамен бір көшеде тұрып, көрші болғанының өзі өмірінің естен кетпес бір сәті іспеттес. Есімдері тарихта мәңгі қалатын бір көшенің батыр қыздарының мінездерінде де ұқсастық бар. Алғырлық, қайсарлық, адалдық. Екеуіне ортақ қасиет.
Мектеп қабырғасын үздік бағамен тәмамдаған талдырмаш жас қыз ұшқыш болуды армандайды. Сонымен алған бетінен қайтпайтын пысық қыз 1940 жылы мектепті үздік бітіргенде запастағы ұшқыш деген куәлік те алып шығады. Сөйтіп Мәскеуге жол тартып, Жуковский атындағы әскери-әуе академиясына түспек болады. Бірақ ол «жастарға қайда барса жол ашық» деген ұран жұрттың бәріне бірдей емес екенін болжай алмапты. Қазақ даласынан келген қара торы қызға мұндай оқу орнының есігі жабық екен. Сонда, тұңғыш рет маңдайы тасқа тиген жас қатты налиды. Бірақ налыса да жасымаған Хиуаз Мәскеудің 1-ші медициналық институтына оқуға түседі. Бұл жерде де алғыр қыз құрбыларының алды болып жүреді. Сабақты жақсы оқуымен қатар ол спорттық гимнастикамен де айналысып, әрі қоғам жұмысының белсендісі болады.
Сөйтіп жүргенде бір жыл өте шығып, жазғы сессия күндері басталады. Каникулға енді-енді шығайын деп тұрған күндерінің бірінде соғыс өрті бұрқ ете қалады... Бойында патриоттық сезім шалқыған қыз өзге құрбылары секілді демалыста үйіне кетпей Мәскеу қорғанысына қатысу жұмыстарына қалады. Олар әуелі «Метрострой» жүйесінің қарамағында болса, еріктілерді артынан Мемлекеттік қорғаныс комитеті өз қолына алады........
Шығармалар
Толық

11-сабақ Қазақтың қаһарман ұлы (3 сынып, III тоқсан, 6 бөлім)

Пән: Қазақ тілі Т2
Ұзақмерзімді жоспар бөлімі: Уақыт
Сабақ тақырыбы: 11-сабақ Қазақтың қаһарман ұлы
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:
1.1 Тыңдаған материалдың мазмұнын түсіну
3.1.1.1* анық айтылған сөзді тыңдап, түсінгені бойынша қарапайым нұсқауларды орындау.
2.3 Түрлі жағдаяттарда қарым-қатынасқа түсу (диалог)
3.2.3.1* белгілі тақырыптағы әңгімеге қатысу және сұхбаттасын түсіну және олардың ойын толықтыру.
5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді қолданбау)
3.5.1.5 үлгі бойынша сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап жай сөйлем және мұғалімнің қолдауымен құрмалас сөйлем құрастыру.
Сабақ мақсаттары:
1. Мәтінді сұрақтарға жауап беру арқылы мазмұндау.
2. Сурет, тірек сөздерге сүйеніп, әңгімеге қатысу.
3. Құрмалас сөйлемдер құру.
Оқушылардың барлығы: тыңдаған, оқыған мәтіндегі сөйлемдердің мазмұнын түсінеді, сөздердің орын тәртібін сақтап сөйлем құрады.
Оқушылардың көпшілігі: тыңдаған, оқыған мәтінді сұрақтарға жауап беру арқылы мазмұндайды, белгілі тақырыпта әңгімеге қатысып, сұхбаттасын түсінеді, мұғалімнің қолдауымен құрмалас сөйлем құрайды.
Оқушылардың кейбірі: тапсырмаларды орындау барысында белсенділік көрсетеді, белгілі тақырыпта әңгімеге қатысып, сұхбаттасының ойын толықтырып отырады, құрмалас сөйлемдер құрайды ....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Мұхтар Шаханов (Отырар қаһармандығы немесе жеңiлген жеңiмпаз туралы дастан)

– Даңқың қайда төске өрлеген?
Екi жүз мың әскерменен
Алты ай бойы кiп-кiшкентай Отырарды ала алмау,
Алты ай бойы Отырардың осал тұсын таба алмау –
Ойы – дауыл, сезiмi – аспан,
Тек жеңiспен көзiн ашқан
Менiң алғыр ұрпағымның сүйегiне зор таңба,
Намысыма сызат түстi мына сенiң арқаңда, –
Деп Шыңғыс хан Шағатайға оқты көзiн қадады.....
Өлеңдер
Толық

Жамбыл Жабаев (Қаһарман халық достығы)

Өткізген жерім жасымды,
Ағартқам сенде шашымды
Ыстықсың өте тым маған,
Еріме ылғый болысып,
Елімді жаудан қорысып,
Ерінбей сенде жырлағам.
Алалы жылқы, ақты қой,
Қырында өсіп мыңдаған.
Қыдырлы шалқар көлдерің
Балығы тайдай тулаған.
Барқыттай, шүйгін белдерім,....
Өлеңдер
Толық