Қағаз қарындашпен таныстыру

«Балапан» I кіші тобының ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Шығармашылық
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекет түрі: Сурет салу
Тақырыбы: Қағаз, қарындашпен таныстыру
Мақсаты: қағазбен майлы қарындашпен таныстырып, жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.
Көлденеңінен, тігінен сызықтар сызуды үйрету. Зейінділікке, қабілетін дамыту.
Үстелде дұрыс отыра білуге және еңбек етуге тәрбиелеу.
Қажетті құрал - жабдықтар: сурет салуға арналған ақ қағаз, түрлі түсті майлы қарындаштар.
Қостілділік компонент: қарындаш - карандаш, қағаз - бумага.

Мотивациялық - қозғалушылық
Педагог балалардың назарын өзіне аударады.
Ертегі айтып береді.
- Қазір мен сендерге ертегі айтып беремін.
Ерте ерте ертеде...
Бір қорап өмір сүріпті.
Ол, міне, мынадай екен (қорапты көрсетеді).
Сырты қандай әдемі безендірілген (сыртқы суретіне тоқталып өтеді де), оның ішінде не бар екен?.....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық