Фариза Оңғарсынова (Қасірет пен ерлік жыры)

Аспан мен Жер арасын
өрт қаптады жалыны жаландаған,
көңірсіді құйқадай адал далам.
Бір-бірінің қанынан ұрттамаса,
тыншымастай сұстанды адамға адам.
Түндер келді жарыңның құшағында
рахаттың орнына алаңдаған.
Жас орнына мөлдіреп жанарда қан
тамайын деп тамбаған, тама алмаған.
Алмасты ілез күрсіну, күңіренумен
жүректерден шарықтап таралған ән.
Түнде соғар дүлейін жасырғандай,
күліп атып қылымсып таң алдаған. ....
Өлеңдер
Толық