Қанатты қара қасқа ат

Ерте-ерте ертеде, ешкі құйрығы келтеде бір қарт болыпты. Әкесі атын Жанбай деп қойыпты. Өсе келе, әйел алып, өз алдына үй болыпты, бай қолында жұмыс істепті. Бірнеше жыл еңбек, етіп еңбегіне бір қара бұзау алыпты. Жанбай ол бұзауын «қотыр баспағым», «қоңыр баспағым», «бес жылдық еңбекке алған баспағым» дейді екен. Жанбай бірнеше жыл аянбай еңбек етсе де байдың бергені - бір бұзау. Жанбай тамақ асырай алмай дағдарыпты. Осы кезде бұзауы өсіп, бұзаулы сиыр болыпты. Сиырдың ерте......
Ертегілер
Толық

Жерден шыққан Желім батыр

Баяғы уақытта бір кемпір бар екен. Оның үш баласы болыпты. Ол кемпірде түк мал болмапты. Күнелту үшін базарға жусан алып барып сатады екен. Сатқан жусаннан тамақтарынан артылып, күнде бес тиын қалады екен. Бір күні сол артылып қалған бес тиындарын санаса, едәуір пұл болып қалыпты. Қыс келе жатыр, балаларыма шапан әперейін деп, қалаға барып, үш баласына үш шапан сатып алады.......
Ертегілер
Толық

Сауысқан мен көкек

Ертеде сауысқан мен көкек бір орманды мекендепті. Олар ұялары болмай, ағаштың бұтақтарын паналап күнелтіпті. Көкек күнде ерте тұрып алып: «ұя керек», «ұя керек», - деп, көршілерінің мазасын кетіреді. Бір күні сауысқан көршісіне:
- Екеуміз бірігіп ұя істейік. Әуелі саған, содан кейін маған салармыз, - дейді. Көкек:
- Менің ұя салатын қуатым да, қаруым да жоқ. «Керек, керек» деп қақсай берсем, құстың бәрі ......
Ертегілер
Толық

Тышқан мен мысық

Мысық пен тышқан дос болыпты. Бір күні екі дос келе жатып, бір құмыра май тауып алыпты.

Мысық білгірсініп:

— Құмырадағы майды қыста жейік, – деп, шұңқыр қазып, көміп тастапты. Күндер өте береді. Қыс келеді. Аяз қысып, қарны ашып жатқан мысықтың есіне өзі көміп қойған құмырадағы май түсіпті. Енді мысық сылтауратып:

— Тышқан, менің апам ұл тауыпты, соған той жасайды екен, мені шақырып кетті, – дейді де кетіп қалады. Сонан соң құмырадағы майдың төбесін ғана ойып жеп қайтады. Алдынан тышқан шығады.

— Бөбектің атын кім қойдыңдар? – деп сұрайды.......
Ертегілер
Толық

Тышқан ит және мысық

Ертеде ит, мысық және тышқан үшеуі дос болыпты. Сонда да ит пен мысық тышқанды онша жақтырмайды екен. Тышқан күні-түні тынбайтын еңбекқор болыпты. Ал ит пен мысық тапқанын жеп, жұмсақ шөп пен жылы жерде жатып алады. Бір күні ит қасындағы мысыққа:
— Осы тышқанның жұмысы таусылмайды, тіпті. Күйбеңдейді де жүреді, – деп, қынжылады. Сонда мысық:
— Өзіміз шолжиып жатып біреуді күндейміз.......
Ертегілер
Толық

Торғай мен тышқан

Торғай мен тышқан дос болыпты. Екеуі бірігіп егін егіпті. Тышқан жерді аяғымен қазып, торғай тұмсығымен шоқып, дән сеуіпті.

Егін өте жақсы шығады. Торғай мен тышқан бітік өскен бидайды жинап алып, тең бөлісе бастайды. Бір бидай артылып қалады. Соны қайсысы аларын білмей, ақыры жанжал басталады. Торғай тұмсығымен шоқып, тышқан тырнағымен тырналай осқылап, бір-бірімен ұзақ төбелеседі.

Маңайында арашалайтын ешкім болмаған соң, бір кезде шаршап барып тоқтайды. Ақыры өздерінің билеріне барып жүгінбек болады.

Алдымен тышқандар биіне келеді. Тышқандар биі:

— Бұл бидайды тышқан алуға тиіс. Өйткені тышқанның күші көп.......
Ертегілер
Толық

Бұлбұл жарқанат және қарақұрт

Бұрынғы өткен заманда гүл-бәйшешегі жайқалған жалпақ бір аңғарда таңдайынан күй төгілген әнші бұлбұл болыпты. Өз тұқымының ішінде одан асқан әнші болмапты. Жалпақ аңғардағы орманды аралап, ағаштан-ағашқа қонып, күні-түні тыным таппай, сайрайды да жүреді екен. Мүлгіген тауды, қалғыған орманды, шық оранып, балбыраған гүлді әсем әнімен тербетіпті. Таң арайын, күн шұғыласын сұлу әнімен қарсы алады екен.......
Ертегілер
Толық

Жыл басына таласқан хайуандар

Ең ерте заманда хайуандар жылдың басы болуға таласыпты. Сонда жылқы айтыпты:
— Мен алысты жақын қыламын. Күшімді көреді, сүтімді ішеді, қылыма шейін арқан, жіп еседі. Адамға менен пайдалы мал жоқ, жыл ағасы мен боламын, – дейді.
Түйе айтады:
— Сен адамның жұмысын қылсаң, сұлы, шөп асайтын тамағың үшін құл болдың, міне, мен сен көтере алмайтын ауырды көтеріп, неше айшылық алыс жерлерге барамын. Аш болдым деп, арпа, сұлы сұрамаймын. Көде болса, көде, жусан болса, жусан, не кез келсе, соны қорек етіп, табылса, су ішіп, табылмаса, шөлде де жолға жүре беремін. Жыл басы болу маған лайық.......
Ертегілер
Толық

Асқар Алтай | Киллер сауысқан

(Көзжендет)

Бұла тірлік атаулыға баз кешірген бұлаң құйрық сауысқан екен...

Бұл болса — сол сауысқан сана билік еткен пенде екен. Қу құлқынның құлы боп, қу нәпсінің тұтқыны боп күн кешіп келіпті. Сауысқан саңғыған саңғырық сезім салғыртсып, сауысқан сорған саңғырық сана кеуіп қалғандай.

Ал ала мойнақ, құба құйрық сауысқан өлі-тіріге саят құрғалы қай заман?! Өлі өлексені де, тірі тірсектіні де жұмырына жұқ құрлы көрген емес.

Дәп бүгін де ауладағы молақ шөрке бетінде сыңар сауысқан шықылықтап отыр. Бөтегесі бос. Молақ бетін амалсыз тұғыр еткен түз құсы секең-секең жортақтап, қысқа мойнын соза жұтынып, ұзын құйрығы шоқаң-шоқаң қағады. Үй іргесінде көлеңкелей отырған иесі қара шалға қос жанары қанжардай қадалулы.

Ақиқатында, қалбиған қара шалға емес, иесінің алдында жатқан қақпыш бастарға көзін сатқан. Бірақ сырғақ сауысқанның қу бас атаулының қабағынан қарауыл қарағалы, көзұясынан жылы-жұмсақ қарбытқалы да көп болды... Балапан кезінен баулынған беймаза құс қой.

* * *

Күн қақтаған қара шалдың қатулы қабағының астында жатқан екі бас та ессіз. Екеуі де шикі, қанды бас. Бірі — арбиған орақ мүйіз арқардікі. Енді бірі – құлағы едірейген көк бөрінікі. Сойылмаған. Бітеу күйі. Көк желкелерінен балтамен шабылғаны көрініп тұр. Бөрінің қасқа маңдайынан қаракөк қылшық пышақтың қырындай көтеріле келіп, шабылған көк желкесінен шорт кесілген.

Екі бас та қаңсып, тістенген қасқа тістері ақсиып, құйқа терілері тұз сіңгеннен қақпыштана кеуіп қалыпты. Жанарлары жоқ. Арқардың жазықсыз жәудірі, бөрінің көк жалыны ғайып болып, орындарында үңірейген қос үңгір қарауытады. Ет жүректі селт еткізер сесті бастар жанары көңілге үрей көлеңкесін түсіреді. Оған бірақ қара шал қыңқ етер емес, еті өліп кеткен сияқты.

Қара шал есік алдына шығып, қорғасындай ауыр бастарды жерге дүрс еткізіп тастай салғанда, анадай жерде тік тұрған жалпақ бет шөрке үстіндегі сауысқан шықылықтап-шықылықтап жіберген еді бағана... Ол қазір қарны ашқанын білдіріп, ащы-ащы шықылық қағып, молақ тұғыры үстінде жорғалап-жорғалап кетеді. Жүрегін жалғар талғажу аңсап, бос бөтегесі бұлтылдап, иесіне ессіз бір көзқараспен еміне түсіп, қиық қанаттарын қозғап, қырандай қомдап-қомдап қояды. Қос басқа сыпсың етіп ұшып-ақ келгісі келеді, бірақ сирағынан сақиналанып салынған балақ бауға ұшталған шығыршықты шолақ баулы ірге бау ешқайда жібере қоймасын біледі. Біледі де бұлтың құс қара шалға мұң шаға, ашу шақыра ащы үн қатады. Ал шал да бір қара тастай болып алған. Кешеден бері құсқа деген ішінде қан қатыпты... Ала қанат болса аштықтан өзегі тала өттеніп, басқа жете алмай топқанат күйге түсіп отыр. Көлеңкеге тізе бүккен иесі болса ыстықтан терін сүртіп, шашын тықырлап алып тастаған тақыр басын жұқа орамалмен жауып алған. .....
Әңгімелер
Толық

Шерхан Мұртаза | Айқайлап айтқан сөз

Бұл сөзді мен Парижге барып айтпақшы едім...

Біздің Жазушылар одағымыздың бірінші бастығы Нұрлан Мырқасымұлы Оразалин айтты:

— Шераға, жолға дайындалыңыз, Парижге барасыз, — деді.

— Е, онда не болады екен?

— Шыңғыс Айтматовтың жетпіс жасқа толуына байланысты Біріккен Ұлттар Ұйымы аясында, ЮНЕСКО үлкен салтанаты симпозиум өткізеді. Соған барамыз. Қазақстаннан үш адам. Мен, Сіз және Қадыр Мырза Әли. Сонда бес-жеті минөттік сөз сөйлейсіз. Бірақ орысша дайындаңыз.

— Е, неге?

Өйткені Парижде қазақшадан французшаға аударатын тәржімашы жоқ.

Уақыты тым аз. Наурыз мейрамы өте салысымен, жиырма төртінде ұшуымыз керек.

- Тез құжаттарыңызды, екі суретіңізді еткізіңіз, — деп нығыздады Нұрлан мырза.

Айтты болды — орындау керек.

Құжат тапсыру қиын емес, ал сөзді қайттім? Өзіміздің Жазушылар одағының мінбесінен айта салатын сөз емес. Көз алдыма елестеттім: Париж. Салтанатты сарай. Дүние жүзінін түкпір - түкпірінен жиналған марқасқа жазушылар. Қарасы бар, ағы бар, сарысы бар. Шетінен сайрап тұр. Ал мен не айтамын? Және орысша.

Қиналған жерім осы болды. Бес-он минуттік сезді бес толғап әрең жаздым. Орысшадан соншалықты сорлы да емеспін. Бірақ өмір бойы қазақша жазып дағдыланған басым, орысшаға тосырқап қаламын.

.....
Әңгімелер
Толық