Нұрбол Бимұрзаев | Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің

Балаға жақсы тәрбие бере алу үшін ата-ана және басқа отбасы мүшелерінің бүкіл тәрбиелік қағидаларды орындауымен қатар, отбасы өмірінің жүйелі, ата-ана ара-қатынасы жақсы болуы шарт. Үйде ұрыс-керіс болуы балаға кері әсер етеді. Әсіресе ажырасудай баланың көңіліне қаяу салатын нәрсе жоқтың қасы. Балалар ата-анасын идеал, мінсіз адам ретінде көретінін ұмытпау керек. Солар сияқты болуға, солар сияқты әрекет етуге тырысады. Үлкендердің дағдыларын, әрекеттерін тез қағып алады. Сондықтан бала дүниеге келгеннен бастап ата-ана барлық жағынан жақсы болуға, үлгілі болуға мәжбүр. Сондай-ақ ата-аналар ешбір баласын бөліп жармай, барлығына бірдей қарауы, бірдей мәміле етуі қажет. Әрбір ата-ана баласының жақсы жетілуін, жақсы мінезді, тәрбиелі, еңбекқор, табысты болуын қалайды. Мұның шешімі жоғарыда айтқанымыздай, балаңыз қандай болуын қаласаңыз, өзіңіз сондай болыңыз. Өйткені бала айтқанымызды емес, бізден көргенін .....
Әңгімелер
Толық

Сәбит Мұқанов Тіл алушылар

1

— Бұл жолғы барлауға «тіл» әкелем деп өзіне өзі сенген ғана жолдас барсын, — деп ұшқынды кішірек қара көзін айнала ойнақшыта жүгірткен командирға:

— Мен, жолдас младший лейтенант! Әкелем тілді! — деді Расулов.

Расуловтың уәдесінде қалт болмайтынына сенімі көптен бекінген лейтенант:

— Мақұл!— деді оған жымия қарап,— ал, Расуловқа серік қайсының?

— Мен, жолдас лейтенант!-— деді Бектұрғанов.

Қайда бару, не істеу туралы лейтенанттан тапсырма алған екеуі қалың орманның ішіне сүңги жөнеле бергенде:

— Шіркін, осындайда жүзіктің, көзінен өтетін жылпос, жүйрік атың болса!— деді Бектұрғанов.

— Не істер ең ол атпен мына қалың орманның арасында?

— Көрер ең не істегенімді!.. Бірақ, жоқ қой ондай ат!..

— Неге жоқ?—деді Расулов, жеңіл күрсінген Бектұрғановқа, — Даяр атты кім мінбейді? Мықты болсаң немістен тартып ап мін!

— Кездессе көрер ем, — деп кіжінді Бектұрғанов......
Әңгімелер
Толық

Мұқан Иманжанов | Адам туралы аңыз

«Адам — ардақты ат».

Максим Горький

1

— Шіркін, мен ақын болсам! Адам жанын, адам жүрегін, адамның ұлылығын терең сезімді тербете жырлар едім, достым! Адам бойындағы ерлік пен ізгілікті мадақтауға не жетеді!

— Біз сені үй салуды ғана үйренген қарапайым инженер ме десек, өзің үлкен романтик екенсің ғой, Бәкен,— деді құрылыс бастығы Петров, өткір қара көзімен алысты шолып, тотыққан қара торы бетінде қанатты ойдың елесі ойнаған жас инженерді арқаға қағып.

— Қалжың өз алдына, Николай Иванович. Көз салыңызшы төңірекке. Зәулім үй, сәулетті қала алақаныңыздың аясында тұрған жоқ па! Осыдан екі жыл бұрын сіз бен біз қайда кездесіп едік. Есіңізде ме, бірінші рет қол алысып төңірекке көз салғанда, қаусаған қаланы, бұзылған үйлерді, жалын жалап кеткен құр қабырғаларды көрмеп пе едік. Менің бір жолдасым: «Біздің еліміз ерлердің елі, әр күніміз — ұлы жорық» деуші еді. Өмірдегі қарапайым адамдардың ерлік ісін көргенде, осы сөз есіме түседі. Біздің өмірдің әр минутты бір дастан сияқты. Мынау үйдің әр кірпішінде дауыстап айтылмаған терең сыр жатқандай көрінеді маған... .....
Әңгімелер
Толық

Эдгар По Шөлмектен шыққан қолжазба

Қасқағым ғұмыры қалғандардың енді бұл жалғаннан жоғалтары жоқ.

Филлип Кино. Атис

Отаным мен туған-туыстарым туралы айтарым аз. Әділетсіздіктің әлегінен жат жерге қуылдым, ұзақ жылдар бойы шет жерде жүргендіктен — жат туыспын. Еншіме тиген мол мұра сол кездегімен салыстырғанда әжептәуір білім алуыма мүмкіндік берді, ал бойыма туа біткен алғыр зеректік жас шағымда талмай тырбанып жиған мағлұматымды жүйелеуге жағдай жасады. Мен бәрінен де немістің философ-моралистерінің шығармаларын оқуды жақсы көруші едім, әрине, онда мені қисынсыз қызыл сөз емес, логикалық ойлауға дағдыланған адамға олардың құрылысындағы жасандылықты оп-оңай шығаруға болатындығы шектен тыс ынтық ететін еді. Мені әдетте тақуалықтан таймайды деп айыптап, қиялымның қарымы үшін қылмыскердей кінәлайтын, мені жұрт қашан да Перронның ізбасары санайтын. Тұрпайы философияға тым әуестігім шынында мені де біздің ғасырымыздағы мейлінше кең таралған қателіктің құрбаны етті ме деп қорқамын — мен бұл жерде барлық құбылыстарды, тіпті оған қатысы шамалы құбылыстардың өзін сол ғылым принципімен түсіндіруді айтып отырмын. Жалпы айтқанда, мен сияқты адамдарды ырымшылдықтың алдамшы сәулесі еліктіріп, шындықтың шегінен шығады дегенге сенудің өзі қиын. Мен өз әңгімемді осындай шағын алғысөзден бастауды орынды көрдім, өйткені мен баяндағалы отырған бұл әдеттен тыс оқиғалар қисынсыз қиялдың нәтижесі емес, қайта қиялды құр жаңғырық пен жансыз әріптердің құбылысы деп біліп, оны мүлдем жоққа шығаратын адамның ақыл-ойының шынайы тәжірибесі болып табылады. .....
Әңгімелер
Толық

Сәбит Мұқанов | Кер заман


1

— Қайынаға, салығыңызды кешіктіріп кеттіңіз, неге төлемейсіз? — деп қайқы мұрындау келген, денелі, томпақ көз, жұқа ерін, суық шарпыған беті қара қожалақтаның-қыраған, басында түбіт шәлісі, аяғында саптама етігі, қолында тері биялайы бар, үстінде сеңсеңмен тыстаған сары тоны бар Ұлбосын, дәреттен келе жатқан Кәдірбай хажының алдынан кес-кестей берді.

Шалбарының бауын екшей байлап, аяғымен жерді тебініп, қысықтау келген қиғаш көзін Ұлбосынға алайта қарады да:

— Қайдағы салық? — деді хажы.

— Білмейсіз бе, қандай салық төлейтініңізді, — деді Ұлбосын, даусын көтере сөйлеп.

— Нені білейін! — деп хажы бір уыс көдедей шоқталып біткен ұзын қасын көзіне түсіріп, қалың қабағын тыржитты.

— Білмесеңіз айтайын: бір ауылнайдың имамы боласыз ғой. Зекет-ғұшырдан, жаназа шығарғаннан, тағы сондай табысыңыздан 350 сом, салған егін, жылқы, сиыр, қойыңыздың салығы 86 сом. Патент алмай сауда қылғаныңыз үшін 61 сом, барлығы 607 сом.

— Келін, осы сенің-ақ маған құтың түсті-ау жарқыным. Бір жылғы табысымның бас-аяғы 100 сомға зорға толады. Әнеугүні пинәтделге осы мәнімді айтып арыз бергем. Одан жауап алмай төлемеймін. Егінді жөнді салғам жоқ. Бір-екі десятина сепкен болып едім, шықпай қалды. Сауда қылғанымды кім көрген екен? — деп хажы аппақ сақалын қолымен тарап кейіді. .....
Әңгімелер
Толық

Шортанбай Қанайұлы | Шортанбай айтқан екен


Қатынын мақтар хас жаман,
Баласын мақтар нас жаман.
Алыстағы дұшпаннан
Андып жүрген дос жаман.

Құдыққа еңкейгенде басындағы топысы суға түсін кетеді. Шортанбай қарманып, ұстай алмай қалады. Сонда былай деген екен ойланбастан:

Басымда топым ба еді көп көргенің,
Мен бе еді осыншама жек көргенің.
Бар сенгенім сен болсаң, екі қолым,
Кәнеки, тап бергенде — ап бергенің?
* * *
Пенде жоқ тәубә қылған ісін біліп,
Төрт кісі өз жақыныңнан талап алар
Оң жаққа салғаннан соң шешіндіріп,
Қолынан қарындастың келгені сол,
Керге сап, көміп қайтар көсілдіріп. .....
Әңгімелер
Толық

Намаз Мурсалы | Жақсылық жасап жарысқан

«Басыңа іс түссе, жақсы көмек етеді, жаман күліп кетеді» демекші, пенде атаулы қиындыққа тап болып, басына іс түскенде өзгелерден көмек күтеді. Халі мүшкіл жандарға қолдан келгенше қайырымдылық жасап, барыңмен бөлісу- имандылықтың белгісі. Мұндай қасиеттерді бойға жиған ақ пейілді адамдар айналамызда аз емес. Солардың бірі - бүгінде талай жанды қуанышқа кенелтіп, алғысын алып жүрген- «Қайырымды жандар» еріктілер тобы.

Көмекке мұқтаж, мүмкіндігі шектеулі жандарға барынша жәрдемдесуді мақсат еткен «Қайырымды жандар» еріктілер тобы 2015 жылы 22-желтоқсанда құрылған. Айдын Тоқсанбаеваның бастамасымен ұйымдастырылған бұл топ алғаш Алматы қаласынан бастау алып, уақыт өте келе Астана, Шымкент, Ақтау, Тараз, Ақтөбе, және т.б.еліміздің ірі қалалары мен аудандарында құрыла бастады. Алматыдағы «Қайырымды жандар» еріктілер тобының 80 % -ы 18-25 аралығындағы жастар болып саналады. Бұл топтың құрамында бүгінде 300- ге жуық адам бар.
Бүгінге дейін мейірімді жандар көптеген қайырымдылық шараларын ұйымдастырып, талай көмекке зәру адамдарға қол ұшын созған. Соның ішінде, 2015 жылы екі бүйрегі істен шыққан алматылық Жанель Жайлауованың еміне 12 млн теңге жинап берулері- топтың ең ірі шарасы. Өздерінің айтуынша, бұл ақшаны жинау оларға оңай соқпаған, тіпті базардағы алмаларды 2-3 есе бағамен көшелерде сатқан екен. Мешіттерге барып, өздерінің пісіргендерімен жәрмеңкелер ұйымдастырған. Бұл іске тек Алматыдағы ғана емес, өзге де қалалардағы топтар, сонымен бірге, кейбір кәсіпкерлер де барынша атсалысты. Қаршадай қыздың өмірге деген ұмтылысы оларға сенім беріп, одан әрі құлшындыра түскен. Ақыры еңбектері ақталып, Жанельдің еміне қажет соманы түгелдей жинап береді......
Әңгімелер
Толық

Қарға мен сауысқан

Ала сауысқан бір бұтақтан бір бұтаққа қонып, тынбай шиқылдай беріпті. Қасындағы құзғын-қарға үндемей отырыпты-мыс. Сонда сауысқан......
Ертегілер
Толық

Тышқан мен жылан

Бір тышқан тамақ аулап, ініне қайтып келсе, онда бір жылан жатыр екен. Тышқан мұнан жаман қорқып, қуып шығаруға батпай, ақыл сұрай, өзінің қайғысын айтқалы көршілеріне барады. Ақылды тышқандар жиылысып отырып, кеңесін айтыпты:
— Сен ол інді тастап, өзге ін қазып ал. Жылан сенің ініңді тартып алғаны әділдік емес, бірақ оған қылар еш айла жоқ. Оған тиіп не қыласың? Мазасын ала берсең, өзіңді жеп қояды, оған ештеңе қыла алмайсың.......
Ертегілер
Толық