Еліміздің оңтүстік өңірінде жаңа түскен келіннің бетін оқтау байланған орамалмен ашса, Батыс Қазақстанда қамшымен ашады. Қазақстанның әр өңірі беташарды өзгеше өткізуінде қандай сыр бар? Неліктен қамшы немесе оқтау таңдалады? Қазақтың күнде көріп жүргенімен, аса мән бермейтін ырымының астары жайлы NUR.KZ жазады.
Байқоңыр космодромы қазақ жеріндегі ең үлкен және өте күрделі инженерлік құрылыс. Мұндай инженерлік кешенді адамзат баласы бұрын- соңды жасаған емес. Бұл ғажап құрылыста космос корабльдерін, космос станцияларын, зымырандарды, зымыран- тасымалдаушыларды сынау, космос кеңістігін зерттеу үшін кең көлемде ғылыми- зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Байқоңыр космодромындай құрылыс жер шарында жоқ. Сондықтан Байқоңыр космодромы дүниежүзі халықтарының назарын аударып, алаңдатып отыр. Ол тек космос корабльдері мен зымырандарды космос кеңістігіне ұшыру мақсатына жасалған емес. Сонымен қатар, әскери қару- жарақтардың жаңа түрлерін сынау мақсатын да көздейді. Байқоңыр космодромы әскери ғылыми- техникалық орталық болып есептеледі. Космодромда өнеркәсіп және шаруашылық орындары шоғырланған. Олар да космос кеңістігін зерттеуге атсалысады. Мұнда космосқа ұшырылатын космос корабльдерінің, зымырандардың, зымыран- тасымалдаушылардың бөлшектері жиналып, космосқа ұшырылып отырады. Космосқа ұшқан космос корабльдерінің ұшатын бағыты белгіленіп, ұшу жылдамдығы анықталады. Онда зымырандардың бағытын және жылдамдығын анықтайтын электронды есептеу орталығы бар. Космодром 1957 жылы Байқоңыр қаласында салынған. Бұл қалада қазіргі кезде 6 мың халық тұрады. Космодромда 9 зымыран ұшуру кешені, 15 зымыран ұшыратын қондырғылар бар. Ресейдің барлық космосқа ұшқан корабльдері мен зымырдандары осы Байқоңыр космодромынан ұшырылған. Зымырандарды отынмен қамтамасыз ететін 3 станция, космонавттардың денсаулығын бақылайтын медициналық орталық, 1- классқа жататын 2 аэродром, сұйық оттек, сұйық озот өндіретін завод, электр жылу жүйесі, газ құбырлы электр станциясы, 470 шақырым темір жол, 1280 шақырым автокөлік жүретін магистраль, электр, жылу, сумен қамтамасыз ететін жүйелері бар. Космодромның құрылысы алғашқы кезде тым құпия болған. Салынған жүйелер мен құрылыстар объектілерді жасырын түрде жүргізілген. Қазақ елінің жерге деген билігі жоқ болатын. Байқоңыр космодромы Қазақстанның оңтүстік-батысында, яғни Қызылорда облысының территориясында орналасқан. Бұл аймақтың ауа райы өте құбылмалы келеді. Қысы суық, жазы ыстық, жауын-шашын 90-150 мм-дей аз жауады. Сол себептен ауа райы ылғалсыз болып келеді де, құрғақшылық жиі-жиі болып тұрады. Жер бедері жазық, тау-тастар жоқ. Тек қана құм белестері мен көшпелі құмдар көп кездеседі. өсімдік әлемі онша көп емес. Орман-тоғай бұл аймақта өспейді. ....
✅ ҚАНТ ДИАБЕТІ: қант мөлшерін бір күнде қалпына келтіретін ем бар Қант диабетінен зардап шегіп жүрген жандарға дәрі ішпей-ақ қант мөлшерін қалпына келтіретін халықтық ем түрлері бар.
✅Диабет – қанда қант мөлшерінің көбейіп кетуінен пайда болатын дерт. Бұл аурумен жас та, кәрі де ауырады. Әсіресе жасөспірім кездегі диабет ауруы өте ауыр өтеді. Қант диабетінің белгілері шөлдеу (науқас тәулігіне 3-5 л, одан да көп су ішуі мүмкін); кіші дәретке жиі шығу (күндіз де, түнде де); ауыздың құрғауы; әлсіздік; тәбеттің күшті болуы; терінің қышуы (әйелдерде жыныс мүшелерінің жан-жағы); ұйқының қанбауы; ұйқыдан шаршап тұру; жараның ұзақ уақыт жазылмауы; тез салмақ тастау немесе тым көп салмақ қосу. Осындай белгілерді байқасаңыз, дереу дәрігерге тексеріліңіз. Аурудың асқынуына жол бермеңіз. ......
Өміріңізді құр өткізіп жатқаныңыздың 13 белгісі Және сіз мұны байқамай жүрген болуыңыз да мүмкін.
Тәжірибелі психолог және ұстаз Кэрол Морган, оқырмандарына 2 сұрақ қояды: бала күнінде кім болуды армандадыңыз және сол арманыңыз іске асты ма? Теріс жауап бергендерге өмірлерінің құр өтіп жатқандығын білдіретін 13 белгіні айтқан екен. Кэрол ұсынған мақаланы оқып көріңіз.
1. Сіз лайықсыз заттарға тым көп уақыт жұмсайсыз
Бейнеойындар. Теледидар. Интернет. Тым көп тамақ. Шамадан тыс ішімдік. Тізімді жалғастыра беруге болады. Өміріңізге байсалды қараңызшы. Уақытыңыздың көп бөлігін қайда және қалай өткізесіз? Бұл сізге пайда әкеле ме? Бұл сізді жақсы өмірге жетелей ме? Егер жоқ болса, сізге күнделікті әрекеттеріңізді қайта қарастырып, өзгерістер енгізу қажет. ......
«Тырнақ сынып, шаш түссе, дәрумен ішу керек» деген сөзді барлығымыз айтамыз. Бірақ қандай дәрумен ішу керек екенін білесіз бе? Тырнағымыздың сұлулығы туралы ойлана бастасақ, ең бірінші дәрумендер еске түседі. Бірақ дәл қай дәруменнің пайдасы болатынын білесіз бе? Олардың қайсысын пайланаған дұрыс? Ол үшін алдымен тырнағымызды қандай мәселе мазалайтынын анықтау керек! Өйткені, проблемалардың түріне байланысты оларға әртүрлі дәрумендер қажет болады.
Ал «ТЫРНАҚ КҮТІМІ ҮШІН...» деген жазуы бар барлық затқа сене беруге болмайды. Мысалы сіздің тырнағыңыз сынғыш болса, С және Д дәрумендері жеткіліксіз деген сөз. Тырнақтың жұқа болуына B дәрумені және йод пен темір жетіспеуі себеп. Ал тым әлсіз болса, ақуыз жетіспейді деп түсіне беріңіз. Тырнаққа ақ сызықтардың пайда болуы ағзадағы темірдің аз екенінен хабар береді. Қандай дәрумендер қажет? Әрине, дәрумендердің басым бөлігін біз өзіміз тұтынатын тағамдардан ала аламыз. Бірақ ол үшін тамақтану роционының дұрыс болғаны маңызды. А және Е дәрумені жастықты сақтауға көмектеседі. Оны тағамдардан бөлек, арнайы таблеткаларды ішіп арттыруға болады. ......
Бүтін дәнді және бидай наны денсаулық үшін аса маңызды. Ол диабеттің өршу қаупінің алдын алады.
Шығыс Финляндия Университеті мамандары зерттеу жүргізіп, жасұныққа бай бүтін дәнді нанды жиі тұтыну қандағы қант деңгейін төмендетуге және екінші дәрежелі диабеттің өршу қаупінің алдын алатынын дәлелдеген.
Қара және бидай наны да инсулинге төтеп беру реакциясын жақсартады, ал ақ нанның қанты жоғары адамдарға да, дені сау адамдарға да аса пайдасы жоқ екені дәлелденген. ......
✅ 1. Автокөліктен түспеңіз. ГАИ қызметкерінің мұны талап етуге еш қақысы жоқ. Ол — Қазақстан Республикасының “Полиция туралы“ заңын сізге көлденең тартып, полицияның заңды талабын орындау міндетіңiз екенін еске түсіруі мүмкін. Сіз “заңды“ сөзіне жабысыңыз. Атап айтқанда, оның талабы заңсыз. ҚР “Жол жүрісi туралы“ заңына сәйкес, жүргізуші көліктен шығуға болмайды.Қорытынды: машинадан шықпай, сәл төмен түсірілген терезе арқылы сөйлесу керек.
✅ 2. Бiз жол инспекторының нағыз қызметкер екеніне көз жеткізуге құқығымыз бар(құжаттарды оған тапсырмас бұрын). Сізді тоқтатқан кісінің полиция формасын киіп, қолына таяқ ұстаған алаяқ боп шықпасына кім кепіл? Сондықтан, ҚР “Полиция туралы“ заңын негізге алып, құжатын көрсетуін талап етеміз. Мүмкіндік болса, толық аты-жөнін, құжат нөмірін бір параққа жазып алуға тырысыңыз. Бұл қарама-қайшылықтарға кез болғанда, керек болады. Бұдан басқа, құжаттағы суреттің инспектормен сәйкес екендігін тексеру қажет. Олар біздің көлік жүргізу куәлігін тексергенде, біздің бетімізге үңіле қарайтыны жасырын емес қой? Біз де солай жасаймыз. ......
Мұндай қолайсыз жағдайға тап болған жан араларыңыздан міндетті түрде табыларына еш күмәнім жоқ. Әсіресе, қоғамдық орындарда киіміне сағыз жабыстырып алып, одан қалай «құтылудың» жолын таппай жататындар көп кездеседі. Ендеше, киімге жабысқан сағызды тазалаудың жолдарын қарастырып көрелік. Жалпы, сағызды киімнен тазалау үшін ол киімнің материалына, түр-түсіне, сапасына аса мән берген жөн. Мысалы, түсі оңып кететін маталарға сағыз жабысқан жағдайда ацетон немесе спирт, сондай-ақ ыстық суды да қолданбаған жөн. Тоңазытқышқа салу Ең оңай, әрі тиімді тәсіл сағыз жабысқан киімді полиэтилен қапқа (пакет) салып, тоңазытқышқа 1 сағатқа қою. Осы уақыт ішінде сағыз қатып, өзі түсіп қалады. ......
Кішкентай кезімізде жігіттерді дөрекі және қыздарды келеке еткеннен басқа ештеңе білмейтін тасжүректер деп ойлайтынбыз. Олардың да сезімге берілетінін, жауапсыз махаббаттан қайғыратынын және үмітсіздіктен күйзеліске түсетінін білген бе едік? Қазір, уақыт өте келе олар жайлы біраз құпия ашылды. Олар да қыздар сияқты сезімтал екен...
Жігіттер құшақтасқанды жақсы көреді
Көптеген жігіт құшақтасқанды жақсы көреді. Ренжіскенде құшағыңа алсаң, ашуынан қайтуы да тез болады. Бұл жағымды әрекет оларға ананың жылулығын сыйлайды.......
Кіріспе Этилендік көмірсутектер гомологтар қатарының алғашқы төрт мүшелері газдар. Бестен он жетіге дейін көміртек атомдары бар олефиндер-сұйықтықтар. Одан әрі қарай қатты заттар келеді. Көміртек атомдары нормальді тізбекті олефиндер өздерінің тармақталған тізбекті изомерлерінен гөрі жоғарырақ температурада қайнайды. Қос байланыстың молекуласы ортасына жылжуы қайнау температурасын жоғарылатады. Цис-изомерлер әдетте транс-изомерлерден гөрі жоғарырақ температурада қайнайды. Қос байланыстың молекуланың ортасында жылжуы балқу температурасын жоғарылатады. Транс-изомерлер цис-изомерлерден гөрі жоғарырақ температурада балқиды. Олефиндердің тығыздықтары бірден кем, бірақ сәйкес парафиндердікінен артық. Гомологтық қатарда тығыздықтары артады. Олефиндердің суда ерігіштігі типті аз, бірақ парафиндерге қарағанда көп.Олефиндер кейбір ауыр металдардың тұздарының ерітінділерінде комплекстік қосылыстар түзе отырып жақсы еритіндігін ескерте кету керек (мысалы, жартылай хлорлы мыс ерітінділерінде ). Олефиндер үшін инфра қызыл сәулелерді6-6,5 және 10-12 µ (1670-1560 және 100-830 см-1) облыстарында іріктеп сіңіруі тән, сондықан инфрақызыл спекрлер олефиндердің құрылысын таңдауда зор табыспен пайдаланып отыр. Дивинил қалыпты жағдайда- газ. Изопрен және юасқа жай диендік көмірсутектер- сұйықтар. Көмірсутектерінің гомологтық қатарларына тән жалпы заңдылықтар, бұл қатар үшін де күшін сақтайды.....