Махамбет Өтемісұлы (Беріш Махамбет батырдың сұлтанға айтқаны)

Борай да борай қар жауса.
Қалыңға боран борар ма?
Қаптай боран соққанда,
Қаптама киген тоңар ма?
Туырлығы жоқ тұл үйге,
Ту байласаң тозар ма?
Ту түбінен тұлпар жығылса,
Шаппаған қар тұсар ма?
Ағайынның ары үшін,
Қарындастың қамы үшін, ....
Өлеңдер
Толық

Махамбет Өтемісұлы (Махамбет батырдың Шернияз шешенге айтқан жұмбағы)

Шернияздың сөзі:
Көк үйрек көлде отырған жергілікті,
Ғалымдар шариғаттан жол біліпті.
Жолдасы ер Исатай — ер Махамбет,
Сөз бар ма тыңдай тұғын ескілікті?
Махамбеттің жұмбағы:
Көп қағып дауылпазды көл шайқаған, ....
Өлеңдер
Толық

Қадыр Мырза Али (Атқан кезде ал қызыл ғаламат таң)

Атқан кезде ал қызыл ғаламат таң
Сақта мені өсектен,
Балағаттан!
Татулықтың бәрі де түсінуден,
Тыныштықтың бәрі де қанағаттан.
Мен кепілмін бұл сөзді қостарыңа,
Жақсылығын тұздық қып тостарыңа.
Бірде қылтың етсе де, .....
Өлеңдер
Толық

Қадыр Мырза Али (Қаздар қайтқанда)

Жапырақ боп сары күз түсті, міне,
Қайтты қаздар өзінің түстігіне.
Қазағың мен қаздардың түбірі бір
Түсінеді көшпелі ел құс тіліне.
Артқа салып неше күн,
Неше түнді,
Сағыныштың шамы да өшетін-ді.
Көктем келіп, .....
Өлеңдер
Толық

Қадыр Мырза Али (Аға берсін жанардан жас бастан қан)

Аға берсін жанардан жас, бастан қан,
Алайда мен қиянаттан жасқанбан.
Ал сен болсаң төркініңді жасырып,
Түскендей боп көрінесің аспаннан.
Аңыз емес,
Ертегі емес,—
Сыр тыңда:
Мен қырған мұрт — анау сенің мұртың да......
Өлеңдер
Толық