Пән: Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар: 5.4В Сарматтар Сабақ тақырыбы: Сарматтардың қандай археологиялық ескерткіштері бар? (2сағат) Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары): 5.2.2.1 сарматтардың археологиялық ескерткіштерін салыстыру 5.2.2.3 ежелгі тайпалардың қолданбалы өнер ерекшеліктерін сипаттау арқылы, қоғамдық құрылысын тану Сабақ мақсаттары: Қазақстанның батыс аймағында орналасқан сармат дәуірінің археологиялық ескерткіштерін зерделеп салыстыру; шаруашылығы мен әлеуметтік құрылымын анықтау.
Пән: Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5.4С Ежелгі Қазақстан тарихына шолу. Сабақ тақырыбы: Ежелгі заман адамдарының тұрпаты қандай болды? (2 сағат) Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): тайпалардың нәсілдік ерекшеліктерін ажырату Сабақ мақсаттары: тайпаларды нәсілдік ерекшеліктеріне қарай ажырату.
Пән: Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5.4A Ғұндар Сабақтың тақырыбы: Ғұндар мен Ұлы Қытай қорғанының салынуы арасында қандай байланыс бар (1 сағат) Оқу мақсаты: 5.3.2.2 Қазақстан территориясындағы алғашқы мемлекеттік бірлестіктердің көрші елдермен қарым-қатынасын анықтау Сабақ мақсаты: Дереккөздер арқылы ғұн мемлекеті мен Ұлы Қытай қорғанының арасындағы байланысты анықтау.
Пән: Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5.4A Ғұндар Сабақтың тақырыбы: Ғұндардың Қазақстан территориясына қоныстануы қандай өзгерістерге әкелді? Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме): 5.1.1.3 ғұндардың қоныс аудару бағыттарын тарихи картадан көрсетеді.
Көтерді бәрін ауырдың, Азамат болып арды ақтар. Көрдің бе жарын арудың, Соғыстан қайтқан солдаттар? - деп халқымыздың көрнекті ақындарының бірі Сырбай Мәуленов жырлағандай, сұм соғыс қай шаңыраққа қайғы–шер әкелмеді десеңізші?! Соғыс-күйретуші күш! Дәл солай! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін, жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын тажал. Иә,содан бері жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де ешкім де, ешнәрсе де ұмытылған жоқ. Ұлы Отан соғысынан аман оралған ақсақалдарымыздың қарасы жыл сайын азайып барады. Солардың жанымен, қанымен, терімен, көз жасымен, күшімен, ісімен, ерлігімен еңіреп жүріп жауды жеңіп, тауын шағып, жеңістің таңбасын басқан күн – Жеңіс күні. Бұл күннің толғағы ащы болса да, туғаны бар халық үшін қуаныш болған күн. Сондықтан да бұл Ұлы мереке. Оққа ұшқан қарулас жолдастарының аманатын арқалап, аман оралған ардагер аталарымыздың өздері қорғап, қамқор болып оралған қалың елдің қамығып жеткен Жеңіс күнін біз ұмытсақ та, тарих ұмытпайды. Ол – өмір заңы! Ұлы Отан соғысы... Бұл тарихта мәңгі қалатын күн. Ұлы Жеңістің ұмытылмайтыны сиякты, соғыс та ұмытылмастай ізін қалдырды. Жеңіс күні– бұл барлығымызға ортақ мереке. Біздің аталарымыз бен әкелеріміздің батырлықтары мен жанқиярлықтары, олардың өз Отанына деген шексіз сүйіспеншіліктері Қазақстанның бүгінгі біздер үшін мақтан тұтарлық үлгі ғана емес, бұл-бірнеше ұрпақты байланыстыратын қоғамның дамуы мен қайта өрлеуінің негізі. Жеңіс күні - абыройымыз бен даңқымыздың мерекесі. Батырларымыздың табандылығы мен ерлігінің арқасында, Отанға деген сүйіспеншілігінің арқасында олар қатал соғыста жеңіске жетті. Сол жылдары қазақ халқы өзінің Отанына, еліне, жеріне деген патриоттық сезімін, ұлттық мақтанышын дәлелдеді. .....
Адамзат тарихындағы ең сұмдық соғыстың болып өткеніне 75 жыл толды. Бірақ Ұлы Жеңістің ұмытылмайтыны сияқты, соғыс та ұмытылмастай ізін қалдырды. Жеңіс күні – бұл сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке. Бұл мереке – бейбітшілік пен қайырымдылықтың мәңгі жасампаздығын, Отанын қорғаған жауынгер - солдаттар мен офицерлердің айбыны, тылдағы Жеңісті жақындатқан жұмысшылардың ерлік еңбектерінің мәңгі өшпейтіндігін дәлелдейтін белгі болып қалмақ. Біздің аталарымыз бен әкелеріміздің батырлықтары мен жанқиярлықтары, олардың өз Отанына деген сүйіспеншіліктері Қазақстанның бүгінгі жауынгерлері үшін мақтан тұтарлық үлгі ғана емес, бұл – бірнеше ұрпақты байланыстыратын қоғамның рухани дамуы мен ұлттық қайта өрлеуінің жоғары адамгершілік негізі. Жеңіс күні – абыройымыз бен даңқымыздың мерекесі. Табандылық пен ерлік, Отанға деген сүйіспеншілік қатал соғыста Жеңіске жеткізді. Сол сұрапыл жылдары қазақ халқы өзінің Отанына, жеріне деген патриоттық сезімін, ұлттық мақтанышын дәлелдеді. Тарихымызда қалған бұл соғыстың кеселінен өткен ата-апаларымыз аман болсын! Ешқашанда жауынгер ерлігі мен жеңісті еңбегімен соққан еңбекшінің ерен ерліктері ұмытылмайды. Жер бетін тып-типыл етуге ұмтылған, аранын ашып, әлемге ала құйын жалын шашып, жан біткенді жалмауға жанталасқан қаһарлы зұлмат-екінші дүниежүзілік соғыс туралы шығарма жазуды бастағанымды жүз бетке болсын сыйғызудың мүмкін еместігіне көзім жетті. Соғыс – уақытқа тәуелсіз, ешқашан өзгермейтін, ешқандай сынға берілмейтін азап. Ұлы Отан соғысы кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын күн. Қариялар азайып бара жатқанын, олардың ортасында Ұлы Отан соғысынан аман оралған ақсақалдарымыздың қарасы жыл санап азайып барады емес пе? Солардың жанымен, қанымен, терімен, көз жасымен, күшімен, ісімен, ерлігімен, атаның туын жықпай, ананың намысы үшін туған жердің топырағын таптатпай, еңіреп жүріп жауды жеңіп, тауын шағып, туын жағып жеңістің таңбасын басқан күн – Жеңіс күні. «Өз халқын құрметтеп, сүймеген адам – опасыз, оңбаған адам»,- деп Бауыржан Момышұлы айтқандай, Отан үшін өз басын өлімге байлап, ажалмен алысып, өз ұрпақтарының, өз халқының намысын қорғағаны өз халқын шын сүйетіндігінен болса керек. Сондай қиыншылық жағдайда дұшпанның қаптаған қарақұрым күшіне төтеп беріп, олармен табан тіресе шайқасқан аталарымыздың ерлігі біздің көкірегімізге мақтаныш сезімін ұялатады......
Жатқанда Отан жері отқа жанып, Тұрғанда туысқандар жауда қалып, Жеңбесек, жойқын қайрат шығармасақ, Жігіттің неге жүрміз атын алып?! Жұбан Молдағалиев 1941 жылдың 22 маусымның таңы шапағат атып келе жатқан шағы еді... Дала құлпырып көк майса шалғын қыз көйлегіндей желкілдеп, құрбақа шұрылдап, құстары тамылжыта ән салып, шегірткесі шырылдап, адам баласы қолымен жасай алмайтындай табиғи симфониялық таңғажайып кез еді. Осындай мамыражай кеңістік тыныштығын кенеттен шыққан мотоциклдің, машинаның және танктың қосыла шыққан гүрілі әлем-тапырық етті. Бұл - басқыншы Германияның Кеңес Одағына жарияламай, тарихта болмаған күшпен басып кіруі еді. Бұл кезеңде қазақ елі Ресей мемлекетінің отаршылдығында болатын. Жалғыз қазақ емес, тағы да оннан астам мемлекет Ресейге бодан еді. Сол уақыттағы идеологиялық саясат өте қатты қарқынмен жұмыс істегені соншалық, осы соғыстың алдында ашаршылықтан қазақтың жартысы қырылғаны, жазықсыздардың репрессияға ұшырап, атылып түрмеге қамалғаны, тағы басқа зардаптарға қарамастан сол сәтін "ең бақытты елдің азаматтарымыз" деп мақтаныш тұтты. Ақиқатты білетіндер болса, олар үнсіз қалды. Өйткені, қылышынан қан тамып тұрған қанішер Сталиннің жандайшаптарынан зәрезап болғандар бір-біріне сөз айтудан үркіп сақтанатын.......
Жеңіс туы, Желбіресін мәңгілік! Жеңіс жыры, Асқақтасын жаңғырып! Жеңісім – салтанат, сән, сәулет, Жеңісім – береке, бақ, дәулет! Дүниеге келдім. Бақытты балалық шағым өтті. Есейдім. Мектеп табалдырығын аттап, сапалы білім алып жатырмын.Ешқандай қиындықсыз, қарным тоқ, көйлегім көк, аспаным ашық, бейбіт өмір сүрудемін. Қоғамды танып, елімнің тарихын біліп, Отанымның салт-дәстүрін үйреніп жүрмін. Соғыс. Тарихта осы бір сөзді естігенде менде бір жеккөрушілік сезім оянады. Бұл соғыс талайдың өмірін қыршын қиған жауыз десем де болады. Өйткені, соғыс талай дүниені талқандап, бұзып, жер бетіндегі барды жоғалтып кетті. Ол туралы біз, өскелең ұрпақ, газет -журнал материалдарынан, радио мен телехабарлардан, ардагерлеріміздің әңгімелерініен естіп, кинолардан көріп біліп отырмыз. Аталарымыз бен аналарымыздың Отан үшін көрсеткен ерліктерінің арқасында біз бүгінгідей бақытты күнге жетіп , бейбіт өмірде өсіп жатырмыз. И. В. Сталин халыққа 1941 жылдың 3 шілдесінде радио арқылы үндеу жариялады. Оны бүкіл ел тыңдады.1941 жылғы 22 маусым - тарихта мәңгі қалатын қасіретті күн. Жетпіс бес жыл бұрын осы күні Ұлы Отан соғысы басталды.Аталған күні таңға қарайфашистік Германия Кеңес Одағына тұтқиылдан шабуыл жасапты.Ұлы Отан соғысы Екінші дүниежүзілік соғыстың құрамдас бөлігі болды. Екінші дүниежүзілік соғыс орасан зор кеңістікте жүргізілгенімен, соғыс қимылдары кеңес елінің аумағында өтті. Кеңес Одағы Ұлы Отан соғысына дайындықсыз кірісті. Алғашқы жылдары сәтсіздіктер көп болған. ......
Пән: Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:5.2А Ежелгі көшпелілер өмірі (8 сағат) Сабақтың тақырыбы: Көшпелілердің қандай салт-дәстүрлері бүгінгі күнге дейін сақталды? Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары: 5.2.1.2 – ежелгі тайпалардың дүниетанымын сипаттау Сабақтың мақсаты: Ежелгі тайпалардың дүниетанымын сипаттау
Пән: Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5.2В. Сақтар Сабақтың тақырыбы: Қандай дереккөздер сақтар туралы мәлімет береді? Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарлама-сына сілтеме): 5.3.1.1 – картадан тайпалық одақтардың орналасуын көрсету; 5.3.1.2 – ежелгі мемлекеттік бірлестіктердің құрылуын білу Сабақ мақсаттары: Білімділік: Сақ тайпаларының мекендеген жерлері және қандай дереккөздері сақтар туралы мәлімет беретінін барлығына толық түсіндіру. Дамытушылық: Оқушылардың көпшілігінің сақтар туралы алған білімдерін одан әрі жетілдіріп, кейбіреуінің зерттеушілік дағдыларын дамыту. Тәрбиелік: Сақтарды ержүрек халық ретінде сипаттай отырып, оқушылардың көпшілігін отаншылдыкқа, ерлікке, батырлыққа тәрбиелеу.