Биссимилла деп бастайын, Әуеллі Алла әліптен. Қисапсыз сөз жазылған, Жиырма сегіз әріптен. Бізді асырап, адам қып, Жұртқа жөнін танытқан. Сол атам хабар алғайсыз! Біздей мұңлы ғарыптан. Жетпіс үшке келгенде, Жол тартты дүние—жарықтан. Алтындай менің жүрегім, Қайғы отына шалыққан. Ақылды бізге кім айтар, Сол атам құсап анықтан. Өлгенде жерін айтайын, Құсемшектің жағасы-ай. Иманды болғыр ата-енем, Жел жағымның панасы-ай.....
Мінгенде атың көкжарқын, Айтайын, жұртым, сөз нарқын. Суға да малтып жүргенде, Болмаған екен бір жақын. Мінгендей атың бозойнақ, Боз ойнақ тұрар өзі ойнап. Алты қырға шыққанда Суға да ақты-ақ көзі ойнап. Өзенді ағаш ырғалған, Өңімнен кім бар құр қалған? Салулы төсек, салқын үй, Мінеки, жұртым, тұл қалған. Биссимилла деген сөз басы, Ойлайды әркім өз басын. Өз басымды ойласам, Тиылмайды-ау көз жасым.....
Сарбазым кетіп арадан, Қайғыға батты бар адам. Ауру, әлсіз, жетімге, Жан еді көп қараған. Содыр жолын қоймайтын, Жақсыларды қолдайтын. Жанындай жақсы көретін, Социалистік жолды айқын. Алты қанат ақ ордам, Шаңырағы шағылды-ай. «Жетім-жесір» деген ат, Бізге де келіп тағылды-ай. О, дүние, арман-ай, Рақымсыз ажал алғаны-ай! Ешкімге опа бермеген, Опасы жоқ жалған-ай! Өмір бойы жалғасар, Таусылмас мәңгі арман-ай! Айналайын арысым,....
Қайғының бір қиялы түсті ойға, Жайылды шымырлатып өне бойға. Адамзаттың басына іс түспесе, Адамға сөз келе ме бекер жайға. Ажал тура келіпті қоймауына, Қара жер алып кірді қойнауына. Ата-баба асылдың бәрін жалмап, Қара жер қанша алса да тоймауында. Адам ата, Хауа ана—түп анамыз. Жалғанды бүйтіп жүріп жұбатамыз. Содан бізге қалыпты мирас болып, Өлгенге көңіл айтып жұбатамыз.....
Ай, Ысмайыл мырза! Күншілік жерден көрінген, Дарақ едің таудағы. Барша халыққа паналы. Бас бұтағы екі алма, Біреуі жерге түсіпті, Тікенсіз ажал шамалы. Ахыретте қауышар, Балаңның раушан жамалы. Қызметіне кетті атаның, О да қылған құдайға ....
Өсиет мен айтайын, ағаларға, Өзімнен жасы кіші балаларға. Шықпассың еш қызметсіз иман жимай, Жиылып шайтан, жындар қамаларға. Дүние фәни адам малын жияр, Зекетін, пітірімен бермей тияр. Бір күні ғазәзіл келсе жетіп, Қызығын сұм дүниенің сонда қияр. Ғазәзіл оң иығыңа мінгеннен соң, Шынымен жан аларын білгеннен соң. Бір Құдай ажалымды кешіктір деп, Шынымен тілек тілер Алласынан. .............................................. Әзіргі қолдың жұмыласынан. Бір Құдай хақтығынан жанын алар, Артында жиған малы жүмілә қалар. Аларсың өсиетім тамам бірдей,....
1941 жылдың 22-маусымы, таңғы сағат төрт. Бұл күні талай шаңырақты от шарпып, миллиондаған адамның өмірін жалмаған адамзат тарихындағы ең сойқан соғыс басталды.Соғыс-адам баласы үшін ең үрейлі,ең қорқынышты сөз. Өйткені,соғыс атаулы адамзатты қырып-жоюға бағышталған. Адам адам болғалы осылай.Талай рет үстемдік, байлық үшін адам қаны суша аққан. Тіпті біздің батыр ата-бабаларымыз қасық қаны қалғанша шайқасқан. Арыға бармай-ақ, 50 миллионнан астам өмірді жалмаған соңғы соғысты алайық.Кімге қажет болып,не мақсатты көздеп еді сол соғыс? Әдетте, соғысты әділетсіздік, жауапсыздық,қан ішершілік бастайды ғой. Ол сонысымен лағынетті. Қарапайым халыққа қасірет туғызған, қарғыс арқалаған соғыс ешқашан жеңбек емес.Таң алдында, тәтті ұйқыда жатқан Отанымыздың шекарасынан ұрланып өткен жау оғымен адам баласының тарихында болмаған бір ғаламат соғыс басталды. Сол күні жау тәтті ұйқыңды ғана бұзған жоқ. Зұлым жау бейбіт өмірге бүлік әкелді. Қыз жігітімен, ана баласымен қоштасты. Қырда қойшы қойын тастады, қолындағы таяғын винтовкаға айырбастады. Ойда диханшы трактордан түсіп, танкіге отырды. Ол кезде бүкіл ел солдат болды. Сол жылдардың бозбала, бойжеткендері ақын болуды, инженер болуды, оқымысты болуды армандаған еді. Ұлы Отан соғысы халқымызға төнген ең ауыр күндер болды. Төрт жыл, 1418күн мен түн бойы өз жері мен отаны үшін, келешек ұрпақ үшін жан қилы соғыс жүріп жатты. Сол соғыс жылдарында «Ерсiз ел болмайды, елсiз ер болмайды»,- дейдi батыр бабамыз Бауыржан Момышұлы. Ұлы Отан соғысында ел күйреп, талай адам ажал құшты. Сол соғыста өзiнiң қайсар ерлiгiмен, қайратты мiнезiмен жауынгерлерге жiгер берген бабаларға мың алғыс. Осы ержүрек бабалар қатарында Бауыржанның еңбегi ерекше. «Отан үшiн отқа түс, күймейсiң» деп ұран тастаған батыр атамыз, келер ұрпақтың болашағы үшiн өз басын өлiмге байлап, ажалмен алысып, жеңiс туын тiктi. Бауыржан ата бiр естелiгiнде:.....
Бiздiң жүрегiмiз темір емес. Бiрақ бiздiң кек отымыз қандай темірді болса да ерітіп күйдiрiп жібере алады. Бiздiң үрейдi жеңетiн ең күштi қаруымыз бар, ол–Отанға дегенсүйiспеншiлiк. Бауыржан Момышұлы Ұлы Отан соғысының тарихы көптеген жеке адамдардың өмірінен кұралады.Олар жанын құрбан етті,бірақ артқа шегінген жоқ,туған жерінің алдында борышы өлім туралы ойлардан,қорқыныш сезімдерінен алда тұрды.Біздің еркіндігіміз және бостандығымыз қандай бағамен бізге келгенің біз жақсы білеміз.Бұл батыл және қайсар адамдарының алдында біз әрқашан да парыздармыз . Осы жылы біз Ұлы Жеңістің 71-жылдығын тойлаймыз.Қазіргіұрпақтарымызға кеңес адамдардың иығына түскен барлық қиындықтарды елестету қиынға түседі.Жеңіске жетуінің қайнар қөзіхалқымыздың асқақ рухы мен туған жеріне деген ыстық махаббаты болып табылады. Жеңіске адамдардың терең патриоттық сезімдер арқасында жеттік деп есептеймін.Туған жерін жау қолына бермеу әрбір кеңес адамы түсінгені мәлім. Әр жылмен біз соғыс кезінен алыстап бара жатырмыз.Бірақ,адамдар соғыс кездегі жамандықты уақыт ешқашан өшіре алмайды.71 жыл арамызда қалды.Соғыс зардабын көрген адамдардың қатарлары азайып бара жатыр.Халықтың жадында сол кездегі қиындыққа төзеп алған бүкіл елдің ерлігі мәңгі сақталады.Адамдар Отан үшін,өз өмірлерін ойламай қиып берген. Ұлы Отан соғысы... Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын күн.....
«Жаутаңдап қарап дала тұр, Көз жасын сүртіп жаңа бір. Хабарсыз ұлын сұрауға, Жолыңды тосып ана жүр. Қанша үйдің ұрлап адамын, Қанша үйде сөніп қалды оттар. Көрдің бе ұлын ананың, Соғыстан қайтқан солдаттар?» Сырбай Мәуленов Ұлы Отан соғысы аяқталып, Жеңістің туы желбірегеніне биыл - 71 жыл! 9мамыр – бұл мыңдаған саналы жаңа ұрпақ үшін ортақ қуаныш. Бұл мерейтой – біз үшін де ұлы күн! Ұлы Отан соғысы біздің әрбір соғыс тауқыметін көрген ата-әжеміз үшін жүрегіне өшпестей қара іздерін қалдырды.Ер есімі - ел жадында мәңгіге.Біз батырларымызды мақтанышпен әнге қосып жырлаймыз.Себебі, Отан үшін қасық қандары қалғанша күресіп, бізге осындай өмірді сыйға тартты. Бұл жеңіске қол жеткізудің сыры Отанға деген сүйіспеншілік пен қайтпас қайсар ерлік, сын сағаттағы патриоттық сезімдерде жатыр.....