2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек ғасырлық мерейтойына алғашқы әзірлікті бастап та кетті. Ақтөбедегі мерекелік датаға арналған шаралардың алғашқысы – Қазақстан халқы Ассамблеясының «Үлкен ел – үлкен отбасы» республикалық жалпыұлттық жобасы. «Қоныс» спорт сарайында......
Испанияда осы елде бұрын болған Хатико атты итті еске түсіретін оқиға орын алды. Аита-ину тұқымдас Майя есімді ит өзінің 22 жасар иесі Сандра Иньеста ауырып жатып қалғанында оны аурухана жанында алты күн тапжылмай күткен. Бұл туралы Life ақпарына сілтеме жасаған ras.kz хабарлады.
Балабақшада тәрбиелеушi бiр кiшкене қыздың киiмдерiн ұзақ алысып әрең дегенде сидырып киiндiредi. Әйтеуiр киiндiрдiм-ау деп тұрғанда әлгi қыз: - Бұл менiң киiмiм......
Тұрмысқа шығып, ақ көйлек кию әрбір қыздың арманы екені белгілі. Кез келген қалыңдық үйлену тойына ыждағаттылықпен дайындалып, ерекше сұлу болып, ибалы келін атануды қалайды.
Есентаеваның "Кешью" тобы келісімшарт бойынша оларға жігітпен кездесуге болмайтынын Comode.kz-ке берген сұхбатында баяндады. Әншілердің айтуынша, жанкүйерлерді де жиі мазалайтын сұрақ осы екен.
2016 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда абонеттік номерлерді басқа операторға көшіру қызметі іске қосылды. Бұдан былай әр абонент мобиль телефон номерін сақтай отырып, басқа оператордың қызметіне жүгіне алады деген сөз. Осының бәрі "Ақпараттандыру туралы" ҚР Заңының арқасында мүмкін болып отыр. Ел ішінде мобиль телефон номерін сақтай отырып оператор ауыстыру мүмкіндігі "мобиль құлдықтан" құтылу деп аталып кетті.