Дүниежүзінде ауызсу мәселесінен үлкен мәселе жоқ. Кейбір елдер ауызсуды басқа елден сатып алып ішіп отыр. Ал біздің ауыз суды қалай болса солай қолданғанымыз, шын мәнінде, қылмыс емес пе? Осыған сіз не дейсіз?
Пән: Дүниежүзі тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Адамзаттың мәдени мұрасын сақтап қалу жолдары Сабақтың тақырыбы: Әлемнің ең ірі мұражайлары: адамзаттың тарихи зердесінің қазынасы 3 сабақ Сабақ барысында қамтылатын оқу мақсаттары: 10.4.1.3 -әлемнің ең ірі мұражайларын зерттеп, ерекшелік- терін анықтау; 10.4.1.4 - әлем халықтарының тарихи-мәдени мұрасын зерттеу және сақтап қалудағы мұражайлардың рөлін түсіндіру; Сабақ мақсаттары: Тарихтың пайда болуын, дамуын және ерекшеліктерін зерттеу.....
Пән: Дүниежүзі тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Адамзаттың мәдени мұрасын сақтап қалу жолдары Сабақтың тақырыбы: Әлемнің ең ірі мұражайлары: адамзаттың тарихи зердесінің қазынасы 2 сабақ Сабақ барысында қамтылатын оқу мақсаттары: 10.4.1.3 -әлемнің ең ірі мұражайларын зерттеп, ерекшелік- терін анықтау; 10.4.1.4 - әлем халықтарының тарихи-мәдени мұрасын зерттеу және сақтап қалудағы мұражайлардың рөлін түсіндіру; Сабақ мақсаттары: Тарихтың пайда болуын, дамуын және ерекшеліктерін зерттеу.....
Пән: Дүниежүзі тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Адамзаттың мәдени мұрасын сақтап қалу жолдары Сабақтың тақырыбы: Әлемнің ең ірі мұражайлары: адамзаттың тарихи зердесінің қазынасы 1 сабақ Сабақ барысында қамтылатын оқу мақсаттары: 10.4.1.3 -әлемнің ең ірі мұражайларын зерттеп, ерекшелік- терін анықтау; 10.4.1.4 - әлем халықтарының тарихи-мәдени мұрасын зерттеу және сақтап қалудағы мұражайлардың рөлін түсіндіру; Сабақ мақсаттары: Тарихтың пайда болуын, дамуын және ерекшеліктерін зерттеу.....
Қазaқ тiлі - ғасыpлар бoйы oрыстандыру әрeкетінің тaуқыметін тaртқан,кеңестік тіл саясаты зілінен азат болып,дамудың «Ұлы Жібек жолына» түскен әлем тілдерінің көш керуеніне өзінің ана тілі мен мемлекеттік тілін қосып,айқын болашаққа нық қадам басқан тәуелсіз Қазақстанның бірден-бір тілі.
Қaзақ тiлі-ешкімнің тақиясына тар келетін тіл емес,ол жер-жаһандағы тіл атаулы арасында сөйлеушісінің саны жағынан алғашқы 70 тілдің қатарынан орын алатын, өз республикасында бірінші орын алатын тіл!
Қазaқ тiлі-ішкі құрылысы жақсы зерттелген,әдеби дәстүрі қалыптасқан,дәл қазір 70-тен аса өмір саласында азды-көпті қолданыс тапқан,қоғамдық қызметін дамыту жолында сол тәжірбиені жинақтаған, «өнер алды-қызыл тіл» деп есептейтін дана халқы тұрғанда өркені өсер тіл......
Бауыржан Момышұлы бір сөзінде: "Біріншіден, бесік жырын айтатын келіндердің азайып бара жатқанынан қорқамын, екіншіден немересіне ертегі айтып бере алмайтын әжелердің көбейіп бара жатқанынан қорқамын, үшіншіден дәстүрді сыйламайтын балалардың өсіп келе жатқанынан қорқамын. Өйткені бесік жырын естіп, ертегі тыңдап, дәстүрді бойына сіңіріп өспеген баланың көкірек көзі көр болама деп қорқамын..." деген екен. Рас, қазақ ұрпағына ұлағатты тәрбие бере алған, ұлтжанды ұл, қылықты қыз тәрбиелеген. Ал қазір біз сол ғасырлар бойғы ұлы құндылықтарымыздан ажырап барамыз. Бұл - бүгінгі қоғам дерті. Бесік жырын шетелдің у-шу, даңғаза әуеніне алмастырса, ертегінің орнын телеарна мен компьютердегі атыс-шабыс ойындар, фильмдер, мен түрлі мультфильмдер алмастырды. Өкініштісі сол, сәбиін "әлдилеп" ән айтып еміренетін әжелер азайды, бесік жырын білмейтін аналар көбейді, ұлдарын атқа мінгізіп өсіретін аталарымыз жоқтың қасы. Атам қазақтың ұрпақ тәрбиесін жоғары қойғандығы соншалық, туған-туыс, бір рулы ел болып, бүкіл ауыл болып атсалысқан. Әсіресе, бұл жерде үйдегі көпті көрген қарт ата мен әженің тәрбиесі үлкен рөл атқарады. Ал бүгін сол ата-әжелеріміз бала тәрбиесіне қаншалықты деңгейде мән беруде?
Адамның асыл қасиеттері мен адами болмысы өз отбасында қалыптасады. Отбасында алған үлгі-өнеге, тәлім-тәрбие арқылы ғана Отанға деген сүйіспеншілік сезімі орнығады. Ал отбасындағы басты құндылық ұлттық тәрбие деуге болады. Сол ұлттық тәрбиенің дәнін себуші жандардың бірі - әжелер екені даусыз. Әже алдын көріп, тәлімін алғандардан қазақтың сүт бетіндегі қаймағындай болып, тарихта есімі қалған ұлылар қатары көп-ақ. Зередей зерделі ұлағатты әжеден аңыз-әңгімелер естіп, жыр-дастандар тыңдап өскен бала Абай дана Абайға, қазақты танытқан ұлы ақынға, зор тұлғаға айналды......
Кітап! Бұл сөз әр адам баласына таныс. Кейбір жандар үшін баға жетпес оқу құралы болса. кейбір жандарға жұмбақ әлем болсып қала бермек. Кітаптың құдіретін сөзбен жеткізу мүмкін емес. Сол құдіретті кітаптың бізге тигізер пайдасы өте мол. Себебі кітап оқырманның ойлау қабілетін жақсартып,оның сөздік қорын молайтып,жан дүниесін рухани байытады. Кітапты оқитын оқырман сол сәттен ақ жан дүниесі керемет сезім баурап. Сол кітаптағы болып жатқан оқиғаның ішіне еніп кеткендей болады. Кейіпкермен мұнайып,күліп,ойнап керемет сәттер қалдырса,ал сол кітаптағы әр түрлі ситуациядан автормен қоса өмірде де шығуға оны қайталамауға тырысады.
Кітап-таңғажайып әлем іспеттес. Бұл әлемде сен өзіңе керекті дүниелерді алып қана қоймай,сол әлемде болған қателіктерді шынайы өмірде жібермеуге күресесін.
«Кітап – білім бұлағы, білім - өмір шырағы» деген екен дана халқымыз. Бүгінде бұл сөздердің мағынасы әлі де жойылған емес. Себебі кітап арқылы біз жастар білім алсақ, сол білім арқылы өміріміздің соңына дейін нәр аламыз.
Қазіргі заманның талабы өте өзгеше. Өткені біздің қазіргі мақсатымыз 30 озық елдің қатарына кіру. Ал осы алып мемлекеттердің арасында жырқырап тұру үшін аянбай еңбек етіп,білім жолында тер төгуіміз керек. Елбасы Н. Ә. Назарбаев «ХХІ ғасыр – мәдениеттің, ғылым мен білімнің ғасыры. Бар білімнің қайнар көзі - кітапта» деген болатын. Бұл сөздер бекер айтылмаған. Себебі кітап-озық елдің қатарына кірудін басты кілті деп ойлаймын......
Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін, Жоқ – барды, ертегіні термек үшін. Көкірегі сезімді, тілі орамды, Жаздым үлгі жастарға бермек үшін... Ойымды ақын, ағартушы, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, фиолософ Абай атамыздың осы бір өлең жолдарымен бастасам деймін. Осы өлең жолдарынан ақынның әр өлеңін, әр шығармасын жастарға мұра етіп, олардан үлкен үміт күтіп, үлгі көрсетіп жазғандығы көрінеді. Ақынның жас ұрпаққа айтар ақылы да, уағызы да аз болмаған. Ол халық тәжірибесі танытқан шындықты айта отырып, жастарды адамгершілік жолға, адал достыққа үгіттейді. Ұлы дананың қай шығармасын алып қарасақ та, оның астарында сарқылмас қазына, үлкен тәлім – тәрбие жатыр. «Адамды сүй, Алланың хикметін сез, не қызық бар өмірде одан басқа», - деп ең әуелі адам баласы адам болып қалу керектігін баса айтқан. Өз заманында да сан түрлі оқиғаның куәсі болып, жемқорлық, әлімжеттік сынды жаман қасиеттерге қарсы тұрып, сол қасиеттерді ұрпақ бойынан көрмес үшін адамдықты, адалдықты тереңнен жырлап, толғана насихаттаған. Абай шығармаларын оқыта отырып, ұрпақты Абай үлгісінде тәрбиелеу – ізгілікке, имандылыққа, адамдыққа, биік адамгершілікке бастайтын жол.....
Ұл тәрбиелей отырып, халықты тәрбиелейміз, Қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз М.Әуезов
Біздің қазекеңдер қыз баласын қонақ ретінде сыйлап, төріне шыығарып, бетіне келмей,нәзік гүл екендігін сезіндіре білген.Тал бесігінен жат жұрттық екендігін түсіндіріп, бойына асыл текті қасиеттерді «қызым саған айтам, келінім сен тыңда» қағидасына салып тәрбиелеп отырған. Тек ділімізде ғана емес, дінімізде қыз баласының наласы мен ризық- несібесінің мол болатындығы, жақсы қыз әкесі мен ағасын бірдей жұмаққа кіргізетіндегі, риза кейпі сол үйдің байлығы мен берекесін ұйытатыны хақ дүние.
Ең алдымен «қыз баласы» деген ұғымға тоқталып өткенім дұрыс шығар. Мен үшін қыз- болашақ ана, аяулы жар, үлгілі келін. Қыз баланың тәрбиесі тек өзінің ғана болмысын көрсетпейді. Дүйім жұрттың, бір қауым елдің, қырық үй қарайласқан аялы алақан мен үлгілі өнегінің бейнесі. Бойға сіңген қасиет арқылы сыйы артып, сыбағасын алады. Бір қызды тәрбиелеу- бір ұлтты тәрбиелеу. Қазақта «әйел -ана», «әйел- жар» деген керемет тіркестер қалыптасқан. Расында, әйел мен ана, қыз бен келін т.б атаулардың қандай айырмашылығы бар?......