Қаздауысты Қазыбекті қызы Қамқаның жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)

Биссимилладан бастайын,
Шариғаттан аспайын.
Ішім толды қайғыға,
Азырақ көзім жастайын.
Алаштан озған әкекем,
Жоқтаусыз қайтып тастайын.
Алатаудай әкеме,
Ажалдың сыны келгені.
Жылағанды не қылсын?
Көздің жасын көрмеді,
Тілеуді Құдай бермеді.
Кешегі жүрген әкекем,
Жоқтаусыз тастар ер ме еді?!
Шаншара біз нәсілінен,
Алтау едік анадан:
Сәдібек, Асан, Бөдене,
Үсен менен Балапан.
Бесеуіне аға боп,
Алашқа әкем қараған.....
Өлеңдер
Толық

Әдебиет | Қаздауысты Қазыбек

Тұңғыш рет Қазыбек би 13—14 жасқа толған шағында Жоңғар хандығына Тайкелтір бастаған елшіліктің қосшысы болып барады. Осы сапар барысын-да болған бізге белгісіз мынандай бір оқиға бар. «Ұзак жол қысқарсын» деп, жас Қазыбек Тайкелтірге жақындай келе, атын теңестіріп: «Алдияр, жоңғар ханының алдына барғанда сөзімізді неден бастағанымыз дұрыс, соны ойлансақ қалай болады», — дейді. Сонда Тайкелтір бұғанасы әлі қатпаған баланың бұлай сөйлеуіне разы болмай: «Оған ойланудың қажеті не, аузымызға қандай сөз түссе, содан бастаймыз да», — деп атына қамшы басып, желе жөнелген екен.

Бала... бала болса да—дана...
Жоңғар ханының ордасына келген соң Тайкелтірдің аузына сез түспей, тұтығып: «Өгізімді өлеңді жерге қойыппын, өз алдыңа келіппін» деп міңгірлеп, тоқтап калган көрінеді. Тақ үстінде отырған жоңғар ханы сөздің мәнін түсінбей, «өгізі кім» дегендей жан-жағына қарап, ешкім үн қатпаған соң, бес тал мұртын тікірейтіп, ашу шакыра бастайды.
Дәл сол сәтте қазақ елшілігінің арасынан ең төмен отырған жас Қазыбек орнынан атып тұрып, төсін оң колымен басып, бір иіле:
Ордың жалгыз ағашына таңба салғыздың,
Ол да сенің өнерің
Мұғалжардан тас алғыздың,
Ол да сенің өнерің.
Ертістен арық тартып ат суғарттың,
Ол да сенің өнерің.
Айналада алты хан бар еді,
Өзіңнен артық кім бар еді.
Қатты қарғысың болса,
Қайырлы жарылғасының бар еді,
Сол жарылғасыннан үміт қылып келдік, — деген екен.
Сол сәтте хан күлімсіреп «олай болса, шаруаларыңды айтыңдар», —дейді. Тоқтап қалған Тайкелтірге Қазыбек бір қарап, сөзін одан әрі батылырақ өрбіте келе ханнан шапқыншылықта қолға түскен тоқсан жесірді қайтаруға келгенін баяндайды. Жоңғарлықтардың ханы алғыр жігіттің иығынан кағып: «Елің үшін туған ұл екенсің, дана болуға лайықсың, сен сияқты ерлері бар елді тәуелді ету маған оңайға соқпас»,—деп күң болып жүрген жесірлерді босаткан екен. ....
Рефераттар
Толық