Қазақ халқының ұлттық танымы ғасырлар бойы қалыптасып, бекем орныққан, сондықтан да ол қазақ рухын небір күйзелістерден аман алып келе жатқан айрықша қасиетке ие. Халқымыздың сол қасиетін танытатын формула күллі материалдық байлықтан адами құндылықты биік қоятындығымен ерекшеленеді.
Туған өлкем - Атырау Көне тарихтың қай бетін ашып қарасаңыз да , халқымыз тыныштық пен татулықты ең бірінші мақсат етіп қойып келген . Бұған халық арасындағы "Бірлік бар жерде тірлік бар" "Ырыс қайда барасың - ынтымақққа барамын" "Төртеу түгел болса, төбедегі келеді" деген дана сөздер дәлел. Қасиетті де қазыналы өлке, ару қалам Атырау – менің ата - бабамның мекені.
Қазақстандағы көлік (транспорт) өте маңызды рөлге ие. Елдің үлкен аумағы (2,7 млн км²), халық тығыздығының аздығы, өндіріс және ауыл шаруашылық орталықтарының бытыраңқы орналасуы, сонымен қатар әлемдік нарықтардан алшақта орналасуы көлік жүйесінің дамуын Қазақстан үшін маңызды етуде. Қазақстандағы теміржол көлігі Қазақстан үшін теміржол көлігінің маңызы өте зор. Қазақстанда теміржол барлық жүк тасымалы айналымының – 68%- ын, ал жолаушы тасымалының 32%-ын қамтамасыз етуде. Қазақстан теміржолының ұзындығы 15 мың км-ден асады. Қазақстанның теміржол жүйесін көршілес елдермен 16 темір жол торабы байланыстырады (11-і – Ресеймен, 2-еуі – Өзбекстанмен, 1-еуі – Қырғызстанмен, 2-еуі – Қытаймен). Қазақстан мен Ресейдің теміржол жүйелері бір-бірімен тығыз байланысты. Қазақстанның көлік жүйесін дамыту стратегиясы аясында 2017 жылға дейін 1400 км теміржол жаңадан салынбақ және бұрыннан бар 2700 км темір жолды электрлендіру жоспарлануда.
"Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы Кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес бала отбасына асырап алуға, қорғаншылыққа (қамқоршылыққа) патронаттық тәрбиелеуге немесе баланы құабылдайтын отбасына берілуі мүмкін.
Әкелерге (папа) пайдалы кеңестер | Аналарға және әйелдерге кеңестер
Абай – ақын, ағартушы, философ, қазақтың жазба әдебиетінің негізін қалаушы. Қазақ халқының ұлы ақыны Абай 1845 жылы Семей облысының Абай ауданында туған. Абайдың әкесі Құнанбай аға сұлтан болған, өз елінің беделді адамы. Шешесі Ұлжан қайырымды, мінезі жұмсақ, тілге бай адам болған. Әжесі Зере мен анасы Ұлжан Абайға ертегі, аңыз әңгімелерді айтып, халықтың ауыз әдебиетімен таныстырып отырған. Молдадан 3-4 жыл оқығанда, зеректігі байқалып, әкесі оны Семейдегі Ахмет Риза медресесіне оқуға жібереді. Медреседе ол 4 жыл оқығанда, араб, иран, Орта Азия классиктерінің шығармаларымен танысқан. Әкесі Абайды ел басқару ісіне бейімдеу үшін оқудан қайтарып алады. Семейде жүргенде Абай орыс тілін үйрену үшін 3 ай орыс мектебінде оқиды. Абай қазақтың білгірлері, шешендері, ақындары, жыршы, әнші-күйшілерімен жиі кездесетін, өз халқының рухани мәдениетімен танысады. Өзі де билер үлгісінде шешен сөйлеуге жаттығады.