Пән: Қазақ тілі Бөлім тақырыбы: Көне түркі жазбалары және қазақ жазуы Сабақтың тақырыбы: Қазақ жазуы Оқу мақсаттары: Ж8.3.6.1 - БАҚ материалдары негізінде стильдік ауытқуларды, орынсыз қолданылған сөз оралымдарын талдап, стильдік түзетулер жасау, редакциялау. Сабақ мақсаттары: Оқушылар: • қазақ жазуының тарихи кезеңдерін анықтайды; • бас әріппен жазылатын күрделі атауларды орынды қолданады....
КIРIСПЕ Жазу – адамзаттың ұлы мәдени құндылықтарының қатарына жататын, өркениет дамуының құрамдас бөлігi. Адамзат мәдениетiнің өркениетке аяқ басуы дыбыстық жазу типiнің пайда болуынан басталса, өркениеттің әлемиетке ұласуы жазба коммуникацияның, жазба тiлдің жоғары даму сатысына жеткенiнен хабар бередi. Жазу кеңістiгi ұлғайғаны соншалық оны жазу және мәдениет, жазу - өркениет, жазу - қоғам, жазу мен ойлау, жазу мен тiл, жазу және коммуникация сияқты iргелi ұғымдар оппозициясында қарауға болады. өйткені дыбыстық жазу адамның эмоциялық, экспрессивтiк сезiмдерiн таңбалаудан гөрi, ақпарат тарату, сақтау қажеттiлiгi туғанда мемлекеттің пайда болуымен қатар шықты. Сондықтан бүгінгi таңда ұлттың мәдени-әлеуметтiк, экономикалық дамуы жазудың тұрақтылығына, жетiлуiне қатысты болады. Жазба мәдениетi дамыған ареалдардың жазу тарихында үш кезең болды: 1) әркім өз қалауынша жазған шығармашылық кезең; 2) жазба коммуникацияның ұлғаюымен байланысты жазу узусы болған кезең; 3) жазу нормасы, орфографиясы пайда болған кезең [1, 30 б.]. Сонда ХХ ғ. жазу нормаларын қалыптастыру, негiздеу дәуірi болса, ХХI ғ. жазудың таңбалық, код болу сипаты күшейетiн, әлеуметтік коммуникацияны өзгертiп, қайта құратын, ауызша тiлдi (ары қарай АТ) игеретiн кезеңi болады. Зерттеу жұмысында қазақ жазуының тарихи даму кезеңдерiн саралау, қазақ жазуының қай кезеңнен басталғанын, қазақ жазуы тарихында қандай жазу түрлері пайдаланылғанын анықтау мақсат етіліп отыр. Жалпы тiл бiлiмiнде жазуды зерттейтiн грамматология, графемика (графема мен дыбыс, әріп қатынасы), графикалық лингвистика салалары айқындалғанмен, бұл бағыттағы зерттеулер тапшы болып отыр. Ал қазақ тiл бiлiмiнде жазу нормативтi сипатта орфография ережелерi, анықтағыштар, емле сөздiктерi, оларға берiлген түсiндiрмелер негiзiнде сөз болып келдi. Жазу ұғымы орфография ұғымына парапарланып, жазудың нормалылығы, оның кодификациялануы туралы жиi айтылды. Мысалы, Г.Жеркешова, Ғ.Ермековтердің бiрiккен сөз тақырыбындағы еңбектерi лексикология, семасиология тұрғысынан жазылды [2]. Қазiргi қазақ жазуының әліпбиi мен орфографиясының фонологиялық негiздерiн iздеген алғашқы грамматологиялық зерттеу Н.Уәлиұлының еңбегiнен басталады [3]. Н.Уәлиұлының бұл бастамасы бiрге, бөлек жазылатын сөздердің орфограммасын кодификациялаудың негiздерiн және араб жазулы қазақ жазбаларының графикалық-орфографиялық ерекшелiктерiн анықтаған шәкiрттерiнің диссертациялық зерттеулерiнде жалғасын тапты. Ал қазақ жазуы теориясын оның даму кезеңдерi мен тарихы негiзiнде тұжырымдау кажеттiлiгi алғаш Н.Уәлиұлының мақаласында сөз болды [4]. Осыған байланысты қазақ жазуының көне түркі руникасынан берi қарайғы онтогенездiк дамуын көрсету, жазу теориясына қатысты ұғымдарды саралау, жүйелеу қажеттiлiгi, қазақ жазба мәдениетiнде қолданылған әліпби түрлерінің сипатын айқындау тақырыптың өзектiлiгiн танытады. Жазу туралы түсiнiктiң қарапайым фабуласы — адамдардың қашықтықта тұрып, қарым-қатынас жасауын қамтамасыз ету. Өйткенi жазу қоғамдық қажеттiлiктен туындады. Адамдар арасындағы күрделi қоғамдық қатынастың дамып жетiлуiн ауызша сөйлеу тiлi қанағаттандыра алмады. Сондықтан жазудың шығуы ең алдымен қарым-қатынастың маңызды бiр құралына деген қоғамдық мұқтаждыққа қарыздар. Ауызша сөйлеудiң екi кемшiлiгi болды: таралу кеңiстiгiнiң шектеулiлiгi және уақыт жағынан шектеулiлiгi. Адамдардың қоғамдық-саяси, экономикалық және әлеуметтiк қатынасында жоғарыдағы олқылықтарды толтыру үшiн пайда болған жазудың қызметі өте зор.....
Адамзат мәдениеті тарихында алфавит пен жазудың маңызы ерекше. Жазу – адамдардың кеңістік пен уақытқа тәуелді болмай, әлеуметтік өмірдің барлық саласында кең түрде қарым-қатынас жасауына мүмкіндік беретін құрал. Әр халықтың рухани, мәдени өсуін, даму деңгейін көрсететін әлеуметтік мәні зор құбылыс ретінде жазу - өткен мен бүгінгіні, бүгін мен келешекті жалғастыратын алтын көпір. Еліміздің бүгінгі жеткен биігіне шығуы жолында жазу мәдениетіміздің де өз үлесін қосқанын жоққа шығармаймыз. Себебі жазу – мәдениеттің ажырамас бір бөлшегі. Ал жазудың өзгертілуі сол халықтың мәдени өміріне, әлеуметтік психологиясына әсер етеді. Халықтың ғасырлар бойы игерген барлық жетістіктері жазу мұрасы арқылы танылады. Бір жазудан екіншісіне көшу халықтың осы рухани байлықтан сусындауынан қосымша қиындық келтіруі мүмкін. Сондықтан алфавит пен жазу мәселесіне әлеуметтік лингвистика тұрғысынан жете назар аударған жөн деп білеміз. Осы орайда, қазақ жазуы тарихында алғашқы түрен салушы, қазақ тіл білімінің атасы Ахмет Байтұрсынов есімін құрметпен еске аламыз. .....