Төлеген Айбергенов (Ана)

Арманыңды ақтарам ба жүрегімде тербесем,
Айға сіңлі, қарындассың қасиетті Жерге сен.
Мен өзінді теңдесі жоқ құдірет деп түсінем,
Сендік қуат мың есе артық Жердің тарту күшінен.
Сұлу әлем, әлем сұлу сен жаратқан адаммен,
Көк жолының қарсылығын қағып тастап барам мен.
Сендік қуат болар, бәлкім......
Өлеңдер
Толық

Жарапазан

Жарапазан сөзі

Айтайын айт дегенде жарапазан,
Бір келген он екі айда ораза иман!
Ассалаумағаликұм, дәуіт ғалам,
Ағаға осы үйдегі бердік сәлем.
Ағаға осы үйдегі берсек сәлем,
Сәлемді қабыл көрсін хақ Тағалам!
Меккеде бір ағаш бар иіп тұрған,
Мәуесі жер мен көкке тиіп тұрған,
Ораза намазыңды күтіп барсаң,
Алдыңда Нұрмұхаммет күліп тұрған.
Мінгені Пайғамбардың жирен дейді,
Намазды он екіңде үйрен дейді.
Намазды он екіде үйренгесін,
Тіліңе қызыл істік түйрелмейді.
Меккеде бір ағаш бар іші қуыс,
Ораза намазыңның несі жұмыс.
Ораза намазыңды күтіп барсаң,
Бейіштен құрма жейсің уыс-уыс.
Меккеде бір ағаш бар....
Өлеңдер
Толық

Мағжан Жұмабаев (От)

Күннен туған баламын,
Жарқыраймын, жанамын.
Күнге ғана бағынам.
Өзім - күнмін, өзім - от,
Сөзім, қысық көзімде - от,
Өзіме-өзім табынам.
Жерде жалғыз....
Өлеңдер
Толық

Мағжан Жұмабаев (Сүйемін)

Күлдей күңгірт шашы бар,
Тоқсан бесте жасы бар,
Көз дегенің – сұп-сұр көр.
Тасбиқ санап бүгіліп,
Жерге қарап үңіліп,
Көрше ауыр күрсінер,
Менің бір қарт анам бар,
Неге екенін білмеймін –
Сол анамды сүйемін!

Көзінде көк нұры жоқ,
Аузында жұмақ жыры жоқ,
Жалынсыз, усыз....
Өлеңдер
Толық

Махамбет Өтемісұлы (Баймағанбет сұлтанға)

Алақандай Нарында
Басушы едім құлаштай.
Жәбір беріп, жала етсең,
Былғанған басым ыласқа-ай.
Мен бір шарға ұстаған қара балта едім -
Шабуын таппай кетілдім,
Қайраса - тағы жетілдім.
Көрмес-келмес деп едім
Өз еркіммен....
Өлеңдер
Толық

Сәкен Сейфуллин (Ақсақ киік + видео)

Арқаның Бетпақ деген даласы бар,
Бетпақ - шөл, ойлы-қырлы панасы бар.
Сол шөлде ел жоқ, күн жоқ өсіп-өнген
Жәндіктің киік деген баласы бар.
Бетпақта қысы-жазы ел болмайды,
Ел-жайлау, өзен яки....
Өлеңдер
Толық