Әкеме туған күнге арналған құттықтау тілектер (папа)

 Құтты болсын қуанышты күніңіз,  
Бақытты боп шаттық өмір сүріңіз.
Алпыстың да асқарына жеттіңіз,
Енді жүзге құлаш сермеп шығыңыз.

Мереке күн нұрға толсын жүзіңіз,
Қуаныңыз, шаттаныңыз, күліңіз,
Бала-шаға қызығына кенеліп,
Ортамызда аман-есен жүріңіз!

Құттықтау, тілектер
Толық

Туған күн (Мерейтой 70 жас)

70 жасқа толған мерейтойыңыз қайырлы-құтты болсын. Сіз елу жылға жуық отасқан жұбайыңыз Клара Уәхитқызымен өнегелі өмір сүріп, бақыттың бағында ұл-қыздарыңыздың қызығы мен қуанышына, немере, жиендеріңіздің сүйіспеншілігіне бөленіп, ағайын-туыс ортасындағы алтын көпірдей қадірлі қалыптарыңызды сақтап келесіз. Еңбекте де қажыр-қайратыңыздың арқасында талай абырой биігінен көрініп, ұрпағыңызға үлгі болар абзал жан ретінде өзіңізді танытып-ақ жүрсіз. Жүрегіңізге Алланың нұры құйылып, зор денсаулықпен жасай беріңіз.
Құттықтау, тілектер
Толық

Байланыс және ақпарат қызметкерлері (тілшілер, журналистер) күні

Ақпарат майданында иықтаса, қатар шайқасып жүрген жауынгер әріптестерімізді кәсіби мерекемен шын жүректен құттықтаймыз! Қаламыздан қасиет кетпесін. Шабытымыздың шыңына ұшқан құс жетпесін, қадірлі қаламдастар! Тәуелсіздікті ту етіп, табысқа бірге жетейік!
Құттықтау, тілектер
Толық

Сүндет той (Нағашы)

Қатарыңның алды бол,
Бақытты бол, малды бол.
Бақытыңа мастанып,
Бола көрме қанды қол.

Жас берсе, бірге бақ берсін,
Жарылқап тәуір.....
Құттықтау, тілектер
Толық