Қазақтар грузиндерді қапыда қалдырды

Кеше елордадағы "Астана арена" стадионында футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Грузия елінің теңбілдопшыларымен кездесіп, 1:0 есебімен жеңіске жетті.

Фото: vesti.kz
Фото: vesti.kz

Мачтың беташары қос елдің мемлекеттік гимндерін орындаумен ашылды. Алаңға бет алған екі команда да арқаланып шыққанымен, қонақтардың бәсі басымдау болып көрінді.

Алайда, Қазақстан құрамасы бірден шапшаңдық таныта білді. Кездесудің орта шегіне келгенде Сергей Хижниченко грузиндердің қақпасына гол соқты. Ал, екінші таймда қонақтар шабуылды өз қолдарына алды.

Тіпті, грузиндер Қазақстан қақпасына гол соғуға мықтап әрекет жасап көрді. Бірақ, ойға алған тәсілдерін іс-жүзіне асыра алмады.

Кездесудің екінші кезеңінде ешбір команда гол соғу мүмкіндігіне ие бола алмады. Сонымен, есеп: 1:0 Қазақстан құрамасының пайдасына шешілді.

Жаңалықтар
Толық

Қазақстан тарихы | Қазақ поэзиясы мен музыка өнері

Мазмұны

1 Қазақтардың поэтикалық өнері
2 Махамбет Өтемісұлы шығармашылығы
3 Дәулескер күйшілер
4 Айтыс
5 Пайдаланылған әдебиет

Қазақтардың поэтикалық өнері
XIX ғасырдың бірінші жартысындағы эпикалық шығармалар негізінен халықтың қаһарман батырлары Абылай мен Кенесарының ерлік істерін суреттейді. Қыз ұзату, келін түсіру тойлары, рулар мен тайпа басыларының жиындары әдетте ән салу, күй тарту сияқты салтанатты жағдайда басталатын. Қазақтардың жазға қарай жайлауға, кысқа.......
Рефераттар
Толық