Қазақтардың дәстүрлі шаруашылығы 2-сабақ (Қазақстан тарихы, 6 сынып, ІV тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: XVI – XVII ғасырлардағы экономика мен мәдениет
Сабақ тақырыбы: Қазақтардың дәстүрлі шаруашылығы 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): Көшпелілердің дәстүрлі шаруашылығының ерекшеліктерін анықтау
Сабақ мақсаты: Көшпелілердің қолданбалы өнер жетістіктерін сипаттау
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Қазақтардың дәстүрлі шаруашылығы 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 6 сынып, ІV тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: XVI – XVII ғасырлардағы экономика мен мәдениет
Сабақтың тақырыбы: Қазақтардың дәстүрлі шаруашылығы 1-сабақ
Оқу мақсаты: 6.4.1.2 – көшпелілердің шаруашылық өмірінің ерекшеліктерін анықтау
Сабақтың мақсаты: Берілген бөлімде мал шаруашылығы төрт түліктің бірі жылқы туралы, оның жалпы адамзатқа пайдасы қажеттілігі қарастырылады.
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Мұхтар Шаханов (Жаңа қазақтар немесе рухани байлықсыз да мемлекет құруға болады деп ойлайтын жас бизнесменге хат)

Жаңа қазақ, шала қазақ — жас інім,
Алшысынан тұрды бүгін асығың.
Саған қарап ойландым да, жасыдым.
Айырмаған азғыны мен асылын
Мына ғасыр, бәлкім, сенің ғасырың.
Мына ғасыр безбүйректеу өр ғасыр,
Жүрегінде сезім емес, қорғасын,
Шетке қақты тұлпары мен жорғасын.
Қақпай қайтсін, бәрін сатып алуға.....
Өлеңдер
Толық

Мұхтар Шаханов (Қырғыздар мен қазақтар)

Шаттықта да бірміз,
Қайғыда да бірміз,
Бір тамырдан қуат алған егіз, туыс гүлміз.
Бірімізді екіншіміз қолдап, сүйеп жүрміз
Алатауды алып құсқа балар болсақ
Сол құстың
Бір канаты қазақ та, бір қанаты қырғыз. .....
Өлеңдер
Толық

Қадыр Мырза Али (Ерлі-зайыпты қазақтар)

Біздің халық, біле-білсең, бір ғажап!
Сүйе тұра,
Бірін-бірі жүр қажап.
Қанша жақсы көрсе-дағы әйелін
Білдірмеуге тырысады бұл қазақ.
Ақ матаға қай бояу да жұғады,
Жұққаны үшін кінәлі боп шығады.
Кейде қазақ әйеліне "Әй!" дейді,
Әйелі оны "Ай!" деді деп ұғады......
Өлеңдер
Толық

Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру [Қазақ осы] - Қадыр Мырза Әли (+ видео)

Е-е-ей!
Жайлауында жүрген жігіт бағып қой,
Дос келді деп, жасап жатыр анық той.
Алғашқы рет көріп тұрсың сен оны,
Нағыз қазақ осы, міне, танып қой.
Сәйгүлікті құйрық-жалы таралған,
Сүйетұғын қазақ осы, қараңдар.
Қазақ осы күй шығарып, ән салып,
Көкпар тартып, қыз қууға жаралған.
Қазақ осы....

Өлеңдер
Толық

Тарих | Қазақтардың қол өнерге байланысын әдеп ғұрыптар мен салт дәстүрлері

Қазақ халқының қолөнері деп халық тұрмысында жиі қолданылатын өру, тігу, тоқу мүсіндеу құрастыру, бейнелеу сияқты творчествалық өнер жиынтығын айтады. Шын мәнінде қолөнер түрлерінің әрқайсының талай ғасырлық тарихи бар.
Қазақ халқы өзінің күн қөріс тіршілігіне қажетті үй жай салуды, киім-кешегімен тігуді, азық –түлік өндіруді өзінің тұрмыстық кәсібі етіп, оларды күнбе-күнге тіршілігін барысында орынды пайдаланса, әсем бұйымдар жасап, өмірде сән-салтанатта құра білді. Бұдан біз халық, творчествасының қандай түрі болса да халық өмірімен сай халықтың қоғамдық тарихы мен күн көрісі мен, кәсібімен тығыз байланысты екенін көреміз.
Халықтың қол өнеріне әдет-ғұрып жабдықтары мен қатар аң аулау, сырмақ тоқу т.б. жасады. Киіз үйдің сүйегі ағаш керует, кебеже , сандық жасап киіз сырмақ, алаша, ши түрелрі басқұрлар тоқып арқан жір есіп көнені және алуан ыдыс-аяқ адалбақан, асадал, бесік және т.б. көптеген заттарды халық шеберлері өнерпаздар өз қолдарымен жасап, түрлі нақыштармен жекелейтін болды.
Қол өнерінде көңілге қонымды мәнерлер мен ондаған өолданылған әдістер архитектурада кеңінен қолданылып келеді.
Қайта жаңғырып жастар тәрбиесіне арқау болып отырған халықтың педагогика бұл күнде педагогтар қауымына ғана емес бүкіл қоғамымызға ортақ әлеуметтік қозғалыс халықтың педагогика кешегі қариялардан, ойшылдар мен сал-серілерден шешен билерден ақын- жыраулардан мирасч болып қалған ұлы тәрбие құралы оның өміршең идеялары халықпен қайта қауышып, жүректерінен орын алуда.
Ұлттық педагогикалыны насихаттауға қай пәннің болсада ыңғайлы мен мүмкіншіліктері мол. Соның ішінде еңбекке баулу сабақтарында қол-өнеріне үйрету арқылы тәлім-тәрбиені оқу тәрбие процесіне арқау ету негізі міндетіміз. Ұлттық тәрбині жүрекке жаттық болғанымен ауқымы шексіз, белгілі бір жүйеге келтірілген тың дүниелер. Бұл мыналарды педагогикаға пайдалана білу үшін оларды терең оқып үйрену, игеру қажет болады. Осылайша белгілі бір деңгейде игердік-аудеген қол-өнеріне баулу саласының мақсаты. ....
Рефераттар
Толық

Тарих | Қазақтар

Қазақтар— ұлт, Қазақстан Республикасының байырғы және негiзгi халқы. Қ-дың ҚР-дағы саны 8,3 млн. (1999), әлемде 12,4 млн. Түркi тiлдерiнiң солт.-батыс қыпшақ тiлдерi тобына жататын қазақ тiлiнде сөйлейдi. Ислам дiнiнiң сүнниттiк бағытын қабылдаған. Оған дейiн шаман дiнiнiң негiзi болған тәңiрге, аруаққа сиыну нанымдары орын алды. Қ. тұрантектес расаның негiзгi өкiлi. Өз алдына тұтас халық болып қалыптасқанға дейiнгi этн. тарихы аса күрделi. Қазақ даласын қоныстанған әр түрлi тайпалар Қазақстан жерiн ерте тас дәуiрiнде-ақ мекендей бастаған. Оған айғақ болатын ежелгi адамдар тұрақтары Қаратау, Маңғыстау, Орт. және Шығ. Қазақстан, Бетпақдала, Мұғалжар таулары, Балқаш к. маңынан ұшырасады. Археол. жұмыстар нәтижесiнде палеолит дәуiрiне жататын 500-дей ескерткiш орындары анықталып, олардың саны жылма-жыл артып келедi. Мезолит дәуiрiнде садақ пен жебенiң пайда болуына орай кезбе аңшылар тобы бөлшектенiп кеткендiктен, бұл дәуiр тұрақтарының (жалпы саны 50 шақты) зерттелуi мардымсыз.

Қазақстанның неолит (тұрақтар мен қоныстарының жалпы саны 800-дей), қола дәуiрiнен қалған ескерткiш мұралар аса бай, алғашқы аталық тайпалардың көбейiп, өркендей бастағанын және ол тайпалардың көршiлес Сiбiр, Орал, Едiл бойы, Орт. Азия халықтарымен тығыз байланыста болғанын көрсететiн археол., антропол., этнол. дәлелдер көп (қ. Дала өркениетi; Көшпелiлiк; Қазақстанның көне заман мен орта ғасырдағы тұрғындарының антропологиялық сипаттамалары). Б.з.б. 1-мыңжылдықта Қазақстан аумағында өмiр сүрген ежелгi тайпалар көшпелi тұрмысқа ауысып, олардың өзара бiрнеше тайпалық бiрлестiктерi құрыла бастады. Солардың ең iрiлерiнiң бiрi — сақтар. Олар Сыр бойы, Қаратау, Талас өлкесiнен бастап Тянь-Шань тауларына дейiнгi оңт.-шығыс беткейдi мекендедi. Арал т. мен Сырдарияның сағасын, Әмудария бойын мекендеген тайпалар массагеттер одағына бiрiктi. Сақ тайпалары Солт. Қара т. өңiрi мен Днепр бойын мекендеген скифтердiң және төм. Едiл бойы мен Оңт. Орал өңiрiндегi савроматтардың, Кир мен Дарий I және Александр Македонский дәуiрiндегi гректердiң тұсында өмiр сүрген. ....
Рефераттар
Толық