Қазіргі таңда Қазақстан-бүкіл әлем таныған ел.Қазақстанның асты байлыққа толы.Жері құнарлы,елі жайсан,халқы мейірімді мемлекет.Қазақстан дамыған 30 елдің қатарында,көптеген ұйымдардың құрамында. Қазақ елін әлемдік аренаға танытқан,халық қамын ойлап,ел сенімін ақтап,жарқын болашаққа жол бастаған дара тұлға ол-Елбасы.Тәуелсіздік алғаннан кейінгі алғашқы тәй-тәй қадам басқан....
Ертеден ата-бабамыз тәуелсіздікті аңсап, елін, жерін жат-жұрттыққа бергізбей, ұлан-байтақ жерімізді қасықтай қандарымен қорғап, келешек ұрпақтарына аманатпен жеткізген.Тарихқа терең үңіле отырып, мен өз қазағымның батырлығына риза боламын. Қазақстан — тарихы тереңге кеткен ел. Менің көшпенді жұртым ғасырлар бойы қандай қиыншылық көрсе де, бостандық пен тәуелсіздікті аңсап өткен. Бір жағынан анталап қоршаған, аюдай ақырған көрші, мықты мемлекет — Ресей, екінші жағынан жанкешті айдаһарлы — Қытай. Менің көп қиындықты басынан кешірген елім қатыгез Шыңғысханның талай жаугершілігін де басынан өткерсе де еш мойымаған. Аптап соққан ыстық желмен алысып жүріп , салқын самал соққан таулы бөктерлерде рахаттана өмір сүрген көпке белгісіз халық ол — менің ХАЛҚЫМ!Қазақ елі алғаш рет бостандық дәмін Жәнібек пен Керей ханның тұсында тапты. Есін енді жия бастаған кезде ел басына қара бұлт тағы төнді. Ол «Ақтабан шұбырынды» еді. Тәуелсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді десеңші?! Еліміздің басынан азап та, аштық та, сұм соғыс та өтті. Әсіресе ХХ ғасыр қазақ үшін қайғыға толған кезең болды. Менің әке-шешемнің айтуы бойынша, Кеңес Одағы тарағаннан кейін ел ішінде көп қиыншылықтар болды. Халық тұтынатын тауарлар мен азық түлік күрт азайды, зауыттар мен фабрикалар жабылып, электр жарығын өшіріп, еңбекақы уақытында берілмеді. Әркім өз қарекетімен күн көрді. Басқа елге көшкендер көп болды. Ал 1986 жылғы Желтоқсанның қанды оқиғасы туған жер төсінде төгілген қазақ қанының ең соңғысы болсын деп тілейміз. Сол төңкерістен бес жыл өткен соң қазақ үшін аңсаған күн де келіп жетті. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы өз Тәуелсіздігін салтанатты түрде жария етті. Елбасы:«Біз тәуелсіздікке аңсап, зарығып жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін қастерлеуіміз керек. Әрбір азамат Қазақстанның Туын, Елтаңбасын, Әнұранын тұмардай қасиет тұтуы қажет. Бұл баршамыздың туған ел алдындағы перзенттік борышымыз», деген халыққа жолдаған үндеуінде үлкен мағына жатыр. Тәуелсіз ел, дербес мемлекет болып XXI ғасыр табалдырығын сенімді аттадық. Халық өз қалауымен президентін сайлап, Ата Заңымыз бен мемлекеттік рәміздерімізді қабылдадық. Ана тіліміз — қазақ тілі мемлекеттік тіл болып жарияланды. Қазақстанның астанасы — Астана қаласы болды.....
Мен Қазақстанда дүнеиеге келіп, тұрып келемін. Бұл менің Отаным, менің үйім. Адамның дүниеге келіп, өскен жері мәңгілікке әр адамның жүрегінде қалады. Ата-бабаларымыз бізге қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрлерін ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп келеді.Ұлттық әндерді тыңдай отырып біз қазақ елінің кең-байтақ жазықтарын, биік шыңды асқар тауларды көз алдымызға елестетеміз. Еліміз қазіргі біздің уақытымыздағыдай болуы үшін ата-бабаларымыз үшін көптеген ғасырлар қажет болды. Тарихымызға көз жүгіртсек, онда біз Қазақстанға тәуелсіздігін алу үшін екі жүзден астам жыл кеткенін байқаймыз. Ұлы Отан соғысы жылдарына Қазақстан үлкен үлес қосты. Он мыңға жуық адам Отанымыздың бостандығы мен болашағы үшін күрескен. Соғыс жылдары Қазақстан майданға қару-жарақпен, азық-түлікпен және барлық қажетті заттармен қолдау көрсеткен. Осы адамдардың арқасында біз еркін және тәуелсіз мемлекетте тұрып жатырмыз. 1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан тәуелсіз мемлекет атанды. Осы күннен бастап міне 25 жыл өтті. Н.Ә.Назарбаев – тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Президенті. Қазақстанның жеке мемлекеттік рәміздері бар, бұл – Ту, Елтаңба, Әнұран. Олар мемлекет тәуелсіздігін, бостандығын және ұлтын білдіреді. Қазақстан туы көк түсті – бұл бейбітшілік пен аман-саулықты білдіреді. Алтын күн – тыныштық пен байлықты білдіреді. Қалықтаған қыран – жомарттық, қырағылық пен ой биіктігін бейнелейді. 1993 жылдың 28 қаңтарында тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Конституциясы қабылданды. 1995 жылдың 30 тамызында осы уақытқа дейін қолданылатын еліміздің екінші Конституциясы қабылданды. Еліміздің әнұранның алғашқы мәтіні 1992 жылдың желтоқсан айында қабылданды. 2006 жылдың қаңтар айында қабылданған жаңа әнұран мәтінінің авторлары – Ж.Нәжімеденов пен Н.Назарбаев. 1993 жылдың 15 қарашасында тәуелсіздігіміздің тағы бір рәмізі пайда болды, бұл – ұлттық валюта. Қазақ халқының балалық шағынан бастап музыка өнеріне деген махаббаты ерекше етеді. Музыка – халық өмірі мен мәдениетінде ерекше орын алады. Қазақстан әртүрлі бағытта дамып келеді. Заманауи Қазақстанда ұлттық мәдениетпен бірге кәсіптік мәдениеттің басқа да салалары дамып келеді, бұл: балет, кино өнері, театр, бейнелеу өнер және басқалары. Осы мәдениеттің ең маңызды жетістіктерінің бірі болып қазақ операсы танылады.Қазақстанда жыл сайын «Жас қанат», «Азия дауысы» атты жас орындаушылар байқауы өткізіледі.....
Біздің Тәуелсіздігімізге жиырма бес жыл толды, жирма бес жыл аз уақыт сияқты, бірақ Қазақстан сол аз уақыттың ішінде көп жетістіктерге қол жеткізді және көптеген жоспарларды іске асырды. Өз мемлекетімен, мемлекет қайраткерлерімен мақтана білу – ол әр қазақстандықтың міндеті, алайда біздің қазақстандықтардың ішінде ерекше бір тұлға бар ол – Елбасы. Біздің Елбасымыз өте мықты және қажырлы адам, ол Қазақстанды көтеру үшін көп жұмыс істеді, көп жоспар жасады, бәрін қазақстандықтар үшін тиімді жасауға күш салуда. Н.Ә.Назарбаев – Қазақстанның алғашқы Президенті, президентік билікті қалыптастырған адам, ол Парламент басшысын сайлайды және және көптеген билікке ие. Біздің билік жүйеміз өзгерген, сана-сезіміміз де 25 жылда көп өзгерді. Біздің Парламентімыз екіге бөлінеді: Жоғары палатасы (Сенат) және Төменге палата (Мәжіліс) деп аталады. Қазақстанда биліктің жаңа түрі қалыптасты. Қазақстанды жиырма бес жылдың ішінде көп үйлер, көп ғимараттар салынады, адам айтса нанғысыз талай істер жүзеге асырылды. Тарихи санамызға да көптеген өзгерістер енгізілді. Мысалы, біз Алашорданың ерлігін, көптеген жазушылардың еңбектерін жарыққа шығардық, ғалымдардың тамаша жұмыстары бүкіл әлемге танымал болды. Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болу арқылы сыртқы саясатқа белсенді түрде араласып келеді. 1991 жыл тәуелсіздік алып, қазақ халқының қуанышында шек жоқ. Біз басқа мемлекеттер сияқты тәуелсіз, дамыған, өз валютасы, конституциясы, Президенті, Қарулы күштері, ел басқару күші бар қуатты мемлетке айналдық. Қазақстан тәуелсіздіктен алғаннан кейін қарқынды дамыды. Мысалы: 1993 жылы ұлттық валютамыз теңге пайда болды,1995 жылы 30 тамызда Ата Заңымыз қайтадан қабылданды, Парламент және мемлекет басқару жоспары құрылды. Қазақстан мемлекетінің жерінің шекарасы айқындалды. .....
Отан! Отан! Сен болмасаң, не етер ем? Мәңгілікке бақытсыз боп өтер ем. Өмірден бұл өксуменен кетер ем. Мұқағали Мақатаев Отан... Неткен киелі де құдіретті сөз! Бұл сөздің астары аса терең. Себебі, Отан – бар ұлттың басына бұйырмаған бақыт. Жер бетінде Отансыз ғұмыр кешіп жүрген сан ұлттар бар. Кез келген халықтың елдігінің, егемендігінің, тәуелсіз ұлт екендігінің айғағы – өз Отанының болуы. Біздің Отанымыз – Қазақстан! Қазақстан – асқар шыңдары алыстан көз тартатын, өсімдіктері емдік қасиетімен ерекшеленетін, өзен – көлдері мөлдір, қойнауы қазынаға, табиғаты тамашаға толы құтты мекен. Ол – менің, Қазақстанды мекен ететін әрбір жанның сүйікті Отаны! Отанымыздың әрбір тауы мен тасы үшін, өзені мен көлі үшін ата – бабаларымыз ұзақ жылдар бойы сыртқы жаулармен айқасып, бірі жанын, бірі жастығын құрбан етіп, біздерге бүгінгі байтақ даланы аманаттап кетті. Біздің бүгінгі ең үлкен байлығымыз – Тәуелсіздік! Ең құнды қазынамыз – ұлан-ғайыр аумақты алып жатқан дархан Даламыз! Аталған байлығымыз бен қазынамыз, яғни Тәуелсіздік пен Жер – біздің мемлекетіміздің негізгі тірегі. 1991 жылдың 16 желтоқсаны... Бұл кез келген ел азаматы үшін айтулы күн. Көптен күткен Тәуелсіздікке ие болған күн. Егер қазақ тәу етер жалғыз кие болса, ол Тәуелсіздік дер едім. Міне, еліміз сол тәуелсіздікке қол жеткізгелі жиырма бес жыл уақыт өтті. Бүгінде Қазақстан айқын мақсат – мүддесі бар, болашаққа үлкен жоспарлар артқан дербес те дамушы мемлекетке айналды. Ширек ғасыр аралығында Қазақстан көптеген мемлекеттермен достық қарым – қатынас орнатып, ішкі – сыртқы байланыстары нығайып, өзгелермен иық тірестіре алатын, әлемдік аренадан орын алған өзіндік үні бар ел болды. .....
Тәуелсіз 25 жыл! Туыңды биік ұстадың. Көтерді халқың уақыттың қатал қыспағын. Көшіңді бастап бақытты болашағыңа, Жасай бер, жаса, Тәуелсіз Қазақстаным! Иә, осыдан жиырма бес жыл бұрын Қазақ елі өз тәуелсіздігін жариялап, өз тарихымызбен алғаш рет, жалпақ дүниеге танылдық. Демократиялық, құқықтық мемлекет атанып, нарықтық эканомика жолына түстік. Осы жылдарда халқымыз қазақ екендігін түсінді. Қазақ қазақты таныды. Ең әуелі өзімізді өзіміз таныдық. Аламан дүниедегі есімізді, еншімізді, несібемізді білдік. Тәуелсіздік қазақ ұлтының өзін, ата-дәстүрін, салтын табуына жол ашты. Қазақстан тәуелсіздігі дегенде, тарихтың бәрі ойға оралады. Сол кезде көз алдымызға ғасырлар бойы бодандықтың бұғауынан құтыла алмай жанталасқан еліміз, «Абылай», «Алаш» деп жауға қарсы шапқан батырлары келеді. Күлдір-күлдір кісінетіп, Күреңді мінер ме екенбіз. Күдіреден бау тағып, Ақ кіреуке киер ме екенбіз! деп Ақтамберді жырау «қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын» заманды аңсаған екен. Бірақ сол бостандыққа қазақ елінің ұзақ уақыт қолы жетпеді. Өйткені, азаттық үшін күрес ғасырлардан жалғасып, тіпті, кешегі кеңестік билік заманның сұрқия саясаты кезінде де жүріп жатты. Қазақтың бас көтерер азаматтарын баудай түсірген сол бір қысылтаяң шақта «ұлтым» деген азаматтар қара басын қорғамай, халқы үшін күресе білді. Ұзаққа созылған отаршылдық құрсауын бұзып, орталық алаңына шыққан қазақ жастары бұдан әрі ұлт намысын аяққа таптатпайтынын әлемге айғақтап, ұлтымыздың мақтанышына айналды. 1986 жылы 16 желтоқсанда тоталитарлық режимге үнсіз шыдап келген халқымыздың қарсылығы лықсып келіп, жастар қозғалысына ұласты. Желтоқсан оқиғасы – қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы саналы күресі болып танылды. Сонау бір өткен күндерде еңку-еңку жер шалып, егеулі найза қолға алып, жолбарыстай жортқан Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай бабаларымыз егенмендік үшін күресті. Аз ғұмырын ой мен арманға толтырып, қазақ аспанында құйрықты жұлдыздай ағып өткен жас Шоқан мен осынау байтақ өлкеде оқу-білімді шырақтай маздап жандырған Ыбырай халықтың келешегі емес пе еді! Атадан ұл туса-игі Ата жолын қуса игі, - деген Төле би бабамыз. ХV ғасырда алғашқы хандарымыз Жәнібек пен Керей халқымыздың ұлан-ғайыр өлкесіне сұқтана қарағандардан атабабаларымыздың көздің қарашығындай сақтап, ұлтарақтай жерді ұрпағына қалдыру үшін бүкіл ғұмырын ат үстінде өткізген жоқ па? Халқын соңынан ерткен ер Қасымның тұсында да ел тағдыры әрленді емес пе? Қазақты қалың малсыз қалыңдыққа, бағусыз байлыққа бағындырған, ірілік елдің басын қосып, жауын жеңген тұлға Абылай еді......
Жеңіс кілті Отан сүюшілікте. Ол балаға жергөкте жатқаннан бастап үйретілуі, қанына ұлтын сүюшілік ұлттың дәстүрмен сіңіру керек Бауыржан Момышұлы Патриот - Отанның мерейін үстем ету жолында, өз халқына деген сүйіспеншілігі жолында қолда барын, өмірін аямайтын адам. Патриот - ұлтын сүйетін, өз тарихын, туған тілін құрметтейтін,ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан салт - дәстүрін дәріптейтін, ұлттық қадір - қасиетімізді арттыруға үлес қосатын саналы тұлға. Туған елі үшін үнемі тер төге қызмет етіп, халқымыздың мол рухани құндылықтарын бағалай білетін асыл тұлға. Патриоттық тәрбие,ең алдымен,әрбір жеке тұлғаның ата-анасын,туған туыстарын жақсы көруден басталады емес пе?! Өз баласына жақсы тәрбие беру кез келген адамның міндеті, мейлі ол мұғалім,мейлі ол жұмысшы,дәрігер, не тағы басқа маман иесі болсын қоғамда парасатты, адамгершілігі жоғары бала тәрбиелеу кез келген адамның міндеті болуы тиіс. Тату тірлік пен ауызбірлік жылы ұямызға арқасын кең жайғанда адамгершілік атты асыл қасиеттердің адам бойына нық қонатынына, әрине, еш шүбә жоқ. Абай атамыз айтқандай,бүгінгі жастардың дүниенің кетігін тауып, қалануды көздеу,қоғамдық өмірден қол үзбей, өз елін сүюге,өз елінің тұрмыстіршілігін,салт-санасын, әдет-ғұрпын білуге тәрбиелеу- нарықтық кезеңде маңызы жоғары тұрған зор міндеттердің бірі деп ойлаймын.Халқымыздың тарихына терең үңіле білсек,жасынан жарқыраған күміс көмей әнші,жау жүрек батыр, нар тұлғалы палуан елі мен жері үшін аянбағаны баршаға мәлім. Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет екендігін бүкіл әлемге паш етті......
Біз елімізбен мақтанамыз. Мыңдаған жылдық тарихы бар қазақ елі еркіндікке жету үшін қаншама қиын-қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Бұл еркіндік оңайлықпен келген жоқ. Біз тәуелсіздік алып, өсіп, өнудеміз.Еліміз тәуелсіздік алып, ел болып есін жинап, жоғын жоқтап, барын базарлаған, асылын ардақтаған Ұлы елге айналды. Бізге әрқашан үлгі болып келген Еуропа елдеріндегі атыс-шабыс, төңкерістерге қарап еліміздегі тыныштық пен тұрақтылық, экономикалық даму, ұлтаралық татулық: осының бәрі Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының сындарлы саясатының жемісі деп білеміз. Тәуелсіздіктің алғашқы кезінен бастап бүгінгі шаңырағы биіктеген, әлем таныған мезгілге дейінгі басымыздан өткерілген сан алуан оқиғаларға куә болып, қаншама құнды деректерге қанығасыз. Абылай хан дүниеден озар алдында Бұқар жыраумен қоштасып жатты: «Қанша жыл өмір сүріп, жасағанымнан не пайда, қазақтың арқасын тамға, аузын нанға сүйегенім жоқ, бұл бір. Ақбозаттың құнын ер құнына теңегенім жоқ,бұл екі. Мылтығымның құнын екі ердің құны дегізгенім жоқ, ұста мен етікшінің құнын қатын құнымен бір бәс қылып, жарты құн дегізіп кесім кестіргенім жоқ, мұным үш. Осы үш арман бойымда кетті» деген екен. Абылайдың осы үш арманының ар жағында үлкен философиялық ой, даналық тұжырым бар. Бұл оның қазақтың басын біріктірсем, яғни «Мәңгілік Ел» етем дегенін, ел болашағын тереңімен ойлағанын пайымдатады. Осы Абылай арманы Елбасы Н.Назарбаевтың бастауымен Қазақстан егемендік алғаннан бері соңғы 25 жылдан астам аз уақыттың ішінде орындалып келе жатқанының куәсіміз. Кезінде түркі жұрты қағандары «түнде ұйықтамай, күндіз отырмай, қара терін төгіп, қызыл қанын ағызып» Мәңгілік Елдің іргесін қалап кетсе, дәл осыны жаңа дәуірде, Елбасымыз Н.Назарбаев ХХІ ғасырдағы «Мәңгілік Ел» идеясы тұрғысында, іс жүзінде тарихи сабақтастықта жалғастырып отырғанын атап өтсек артық кетпейміз. Оған Елбасының кешегі Жолдауындағы « Мен Мәңгілік Ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары- Қазақстан -2050» Стратегиясының түп қазығы етіп алдым» деген сөзі айшықты айғақ. Бұл –ел өміріндегі ерекше бір белес......
Мен-қазақ, қазақпын деп мақтанамын, Ұранға «Алаш» деген атты аламын. Сүйгенім қазақ өмірі, өзім қазақ, Мен неге қазақтықтан сақтанамын? Сұлтанмахмұт Торайғыров Иә, мен- Қазақстандықпын. Неге? Себебі менің ата-анам, арғы ата-бабам қазақ, осы Қазақстан жерінде туып-өсіп, тамырын тереңге жайған қазақтар. Осы қазақтан тараған ұрпақ болсам, мен қалайша Қазақстандық болмаймын? Оның үстіне мен биыл 16-ға толдым. Қазақстанның толыққанды азаматы атанып, куәлік алдым.Тәуелсіз, егемен еліміздің мен де бір азаматы екенімді сезінудің өзі кеудеме мақтаныш сезімін сыйлайды. Қазір біз оқушымыз. Өз елімізге біздің дәл осы уақытта тигізе алар бірден-бір пайдамыз ол сабақты бар ынтамызбен оқу, еліміздің тарихын оқып, білу, салт-дәстүрін ұстану және құрметтеу, рәміздерді білу және қадірлеу деп білемін. Мен оқитын мектепте әрбір дүйсенбіде жаңа оқу аптасын еліміздің гимнін айтудан бастаймыз.Бұл өте дұрыс деп ойлаймын. Өйткені осы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимнін айтып тұрған сәтте менің бойымды еліме деген, Отаныма деген сүйіспеншілік, мақтаныш, патриоттық сезімдер кернеп тұрады. Бұл әрбір оқушының басындағы жай деп ойлаймын.Ендеше, осының өзі әрбір баланың бойында өз ұлтына, еліне, Қазақстанға деген патриоттық тәрбие беретінінің көрінісі.Патриот деген сөздің өзінде де терең мағына жатыр. Патриот дегеніміз – өз елін, жерін сүйетін, мақтан тұтатын, жауынан қорғайтын, тыныштығын сақтайтын адам.Мен өз елімнің патриоты болғым келеді......
Тәуелсіз ел! Бір қаламның ұшымен жазылып, барша қауымның жүрегіне орнаған, бір ауыздан айтылып, кең көлемде шарлаған осынау бір ыстық сөз, ыстық көңіл лебізі бүгін ғана емес, бар уақытта да қан тамырымыздың лүпіл-бүлкіліндей естіледі.Иә, бұл-бүкіл қазақ жұртының, дүйім Қазақстан елінің қызу кұштарлықпен, сарқылмас сүйіспеншілікпен айтар, ардақ тұтар асыл лебізі.Ол-өлең, ол-ән, ол-сұлулық, ол-асқақ арман, ол-шалқыған дәулет, көркейген сәулет! Елдік туымыз тігілген үлкен үйіміз, алтын шаңырағымыз.Қазақ жері. Қазақстан-тәуелсіз ел.Сол тәулсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді десеңізші?! "Тамырсыз ағаш,тарихсыз халық болмайды"демекші, қазақ елінің азаттық,бостандық жолындағы тарихына бір сәт көз жүгіртіп өтетін болсақ, басынан қаншама қиын-қыстау ауыр сәттерді өткіздігін көреміз.Қазақ хандығы құрылған кезден бастап, ұшса құс қанаты, шапса тұлпар тұяғы талатын кең-байтақ жерімізге көз алартқан жауларымыз аз болмады.Ең алдымен, Жоңғар халқы жерімізге баса көктеп кірді.Олардың жасаған шабуылынан еліміз аз зардап шеккен жоқ.Ел арасында "Ақтабан шұбырынды,Алакөл сұлама"орын алды.Алайда елінің тыныштығын ойлаған хас батырларымыз бен ел билеген хандарымыз бір жағадан бас, бір жеңнен қол жинап, атамекенін, жерін жаулардан қорғай білді.Одан кейін де халқымыздың ел тарихында қаншама ұлт-азаттық көтерілістер орын алды.Олардың барлығы халқымыздың тағдырына өшпестей із қалдырды.Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев ол туралы былай деп еске алады:"Қазақтар талай рет тұтасымен қырылып кетуге шақ қалды.Бірақ өмірге деген құштарлық, азаттық аңсары еңсесі түскен елді қайра түлетіп, қайтадан тәуекел тұғырына қондырып отырды"......