ХІV-ХV ғасырларда Сайрамға жақын маңда орналасқан Шымкентқаласы қауырт өсіп, тез дами бастады. 1425 жылы жазылған Шарафад-дин Али Иаздидің «Зафар-нама» шығармасында «Шымкент» атауы Сайрам маңындағы қыстақ ретінде ауызға алынады. Алайда кездейсоқ табылған тас қару бұл жерде адамның сонау тас дәуірінде – бұдан ондаған мың жыл бұрын пайда болғанын дәлелдейді. Ғалымдардың көрсетуінше....
Семейдің тұрған жері ерте замандардан ежелгі тайпаларға тұрақ болған. Бұл жерде сонау қола дәуірінен бастап, ғұндар, Түрік қағандығы, Қыпшақ, Керей, Найман ұлыстары мекен еткен. ХVІ-ХVІІ ғасырларда қазіргі Семейқаласы тұрған жерде Доржынкит қаласы болған. Құба қалмақтардың аңыздарына қарағанда 1600 жылы Асма тархан Доржи деген кісі Жеті шатыр сарайларын тұрғызған. Ж.Аймауытовтың «Әнші» әңгімесінде осы Жеті шатыр қаласы айтылады. Семей 1782 жылдан....
Тарих тереңіне үңілсек, ата-бабаларымыздан ескерткіш болып қалған мәдени орындар баршылық. Бүгінде Қызылорда атауымен Қазақстанның ірі қалаларының біріне айналған Ақмешіт – көне бекініс орны. Ол осы Қызылорда қаласының орнында болған. Бекіністі, А.И.Добросмысловтың дәлелдеуі бойынша, 1817 жылы Қоқан ханы Омархан салғызған. Бекіністің жобасы шаршы болған, әр қабырғасы 110 м, саз балшықтан тұрғызылған. Іргелерінің қалыңдығы 10,5 м, жоғарғы жағы 4,36 м, биіктігі 12 м болған. Қабырғаларының жоғарғы жағында оқ атуға ыңғайлы ойықтар жасалған. Бекіністің сырт жағынан ені 10 м ор қазылған және ордың алдынан қорғаныс қабырғаларының 2 қатары тұрғызылған. Бекініс ішінде саз балшықтан салынған 50-ге жуық үй, екі мешіт, медресе, оқ-дәрі қоймалары, құдықтар болған.....
Жоңышқа (Medіcaqo) – бұршақ тұқымдасына жататын бір жылдық және көп жылдық шөптесін өсімдік. Еуропа, Азия және Африкада өсетін 100-ге жуық түрі бар. Кәдімгі Жоңышқа (M. satіva), сарбас Жоңышқа (M. falcata), көк Жоңышқа (M. caerulea), т.б. кең таралған. Қазақстанда 18 түрі өседі. Сабағы тарамданған, бұтақты түп құрады, биіктігі 40 – 80 см. Жапырағы үш құлақты, ұзынша келген. Гүлшоғыры – көп.....
Төле би (1663–1756) – қазақ халқының бірлігін нығайтуға зор үлес қосқан атақты үш бидің бірі, мемлекет қайраткері. Қазіргі Жамбыл облысының Шу өңіріндегі Жайсаң жайлауында туған. Ұлы жүздегі Дулат тайпасының жаныс руынан шыққан. Әкесі Әлібек момындығы үшін ағайындары арасында «қарашоғыр» атанғанымен.......
Қаз дауысты Қазыбек би, Қазыбек Келдібекұлы – қазақ халқының XVII – XVIII-ғасырлардағы ұлы үш биінің бірі, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері. Орта жүз арғын тайпасының қаракесек руына кіретін болатқожа атасынан шыққан ол 1667 жылы Сыр бойында дүниеге келген. Арғы аталары Шаншар абыз, Бұлбұл, өз әкесі Келдібек — есімдері елге белгілі әділ билер болған.
Қаз дауысты Қазыбектің оқыған жерлері, алған білімі туралы нақты дерек жоқ. Дегенмен, ел аузындағы әңгіме, аңыздар мен биден жеткен шешендік сөздер оның өз заманында білімді де.......
Әйтеке би Байбекұлы(1644 -1700 жж.) — Қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосқан атақты үш бидің бірі, мемлекет қайраткері.Әлім тайпасының төртқара руынан шыққан. Әмір-Темірдің бас кеңесшісі Ораз қажының бесінші ұрпағы. Бүкіл парсы, өзбек, қырғыз, Қазақ жұрты «Синесоф буа»(жаны пәк жан) атаған Сейітқұл әулиенің үшінші үрпағы. Әбілқайыр ханға дейін Кіші жүздің сөзін ұстаған қазақтың биі. Есім хан тұсында Самарқанды билеген Жалаңтөс батырдың жақын туысы. Әйтеке бес жасында молдадан оқып сауатын ашқан.
Қазақ билері — ерте заманда осы күнгі соттың да, тергеушінің да қызметін атқарған. Билер өздерінің бір ғана сөзімен небір шытырман даулы мәселелердің дұрыс шешімін тауып отырған.