Журналистика | Қазақстан баспаларынан шыққан ағылшын тіліндегі кітаптардың ерекшеліктері

Жұмыр жерді мекендеген халықтардың, ел-жұрттың қай-қайсысы болсын атадан қалған аманатты көзінің қарашығындай сақтап, келер ұрпаққа дара қасиетін жеткізу - этностық табиғи заңдалық. Бұл заңдылықтың орындалуы, алдымен, ұлттың жұтылып кетпей, ғасырлар өтсе де ұлттың алғашқы сипаттағы ұлт болып қалуы үшін қажет. Ал, ол даралық қасиетті жеткізуде неше түрлі әдіс бар. Қазақтың бойындағы ақындық қасиет тектіліктен берілгендей, ұлттың мәдениеті, әдебиеті, тарихы еш боямасыз бүгінгі күнге жетіп отыр. Қазақтың ауыз әдебиеті арқылы тарихи тұлғаларды біліп, әдет-ғұрыптар негізіде бой түзеп, дүние таныдық. Бұл құндылықтар - қазақтың жер бетінде “Менін” айқындауда аса күшті құрал. Осы құндылықтарды насихаттау арқылы мемлекеттерге танылуда, жаһандану процессінде ұлт ретінде даралануда, әлемдік өркениетке ұлттық коллоритпен кіруде бұқаралық ақпарат құралдарының алатын орны ерекше. Аманатқа қиянат жасамай, ауыр жүкті арымен көтеретін де осылар. Бұқаралық ақпарат құралдарының ішінде кітаптың атқарар қызметі ұшан-теңіз. Оның ұлтқа берері де мол. Сондықтан осы тұрғыдан келгенде мемлекет кітап ісінің маңыздылығына, күрделілігіне аса назар аудару қажет сияқты.
“Мәдениетті ұлт болып тәрбиеленуге екі құдіретті күш әсер етеді – көркем өнер мен ғылым. Бұл екеуімен де кітап бетінен дидарласасың” /28/.
М. Горький ....
Дипломдық жұмыстар
Толық