Экономика | Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі

Мемлекетік бюджет дегеніміз мемлекет пен қоғамдық өндіріс қатысушылары арасында қоғамдық ұлттық өнімді мемлекеттің орталықтандырылған ақша қаражат қорларын ұйымдастыру мен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру, ұдайы өндірісті қеңейту мақсатында қолдану жолымен қоғамдық өнімді қайта бөлу процесінде туындайтын ерекше экономикалық қатынастар. Жалпы қоғамдық өнімді бөлудің дербес сферасы ретінде бюджеттің болуы қоғамдық құрылыммен анықталады. Қай мемлекетте болса да бюджеттің болуы шарт және оның мәні кірістері мен шығыстарының құрылымдарымен ашылады. Бүгінгі таңда қазақстандық бюджет ұлттық экономиканы басқарудың маңызды құралы болып табылады. Бәрімізге белгілі, қандай да бір реформаны жүргізу экономикаға, әлеуметтік салаға және инфрақұрылымды дамытуға елеулі қаржы жұмсауды қажет етеді. Және де осы реформалардың негізгі ауыртпалығы республиканың қаржы сферасына түседі, өйткені қоғамдық өмірдің барлық салаларын: халық шаруашылығы, әлеуметтік қорғау, білім, ғылым, мәдениет, өнер, денсаулық, қорғаныс және басқаруды қамтитын экономикалық реформаларды жүргізуге қажетті мемлекеттің ішкі, сонымен бірге сыртқы қаржы ресурстарын қаржы сферасы ғана жұмылдыра алады. Яғни бюджеттің маңыздылығы, ең алдымен, салықтар, басқа да міндетті төлемдер, салықтық емес түсімдер ретінде мемлекет меншігіне түсетін ақша қаражаттарының мемлекеттік бюджетке түсуінен көрінеді. Міне, сол себептен бұл жұмыс мемлекеттік бюджет кірістері мен олардың көздерін талдауға және олардың қалыптасу мәселелері мен оны жетілдіру жолдарын анықтауға арналады. Осыған байланысты бұл жұмыстың басты мақсаты – Қазақстан Республикасының қазіргі кездегі мемлекеттік бюджетін, оның құрылысын, құрамы мен құрылымын біліп, бюджеттің кірістер бөлігін талдау және оларды қалыптастыру процесінің қазіргі жағдайы мен оны жетілдіру жолдарын табу.
Мақсатпен байланысты осы жұмыстың жазылуының келесідей міндеттерін көрсетуге болады:
- мемлекеттік бюджетке түсінік беру;
- мемлекеттік бюджеттің құрылысын, құрамын және құрылымын анықтау;
- соңғы екі жылдағы ҚР-ның мемлекеттік бюджет кірістеріне талдау жасау;
- салықтық, салықтық емес түсімдерді ажырату және ресми трансферттер, негізгі капиталдан түсетін түсімдерге анықтама беру;
- мемлекеттік бюджет кірістерін қалыптастырудың қазіргі кездегі процесіне баға беріп, оны жетілдіру жолдарын көрсету ....
Рефераттар
Толық

Экономика | Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің құрылымы

Мемлекеттік қаржылар жүйесінде мемлекеттік бюджет басты орын алады.Менің курстық жұмысымның тақырыбы «Қазақстан Республикасының бюджет жүйеснің құрылымы» бұл актуальды,тақырып, осы курстық жұмыста оны ашуға тырысамын.
Мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болып келетін бюджеттің жұмыс жасауы ерекше экономикалық нысандар – бюджеттің кірістері мен шығыстары арқылы болып отырады. Әр бюджетте оның кіріс және шығыс бөлігін теңестірген, дұрыс. Осылар ескеріле отырып, І бөлімде мемлекеттік бюджет туралы түсінік және оның экономикалық мәні, кірістер мен шығыстардың құрамы мен құрылымы, бюджет тапшылығы және балансы туралы қарастырылған.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесін жетілдіру маңызды орын алады. Қазақстан Республикасының егемен мемлекет болып қалыптасып, нарықтық экономиканың даму мен құрылу жолын қабылдауы оның әлеуметтік – экономикалық дамудағы жаңа деңгейін анықтайды. Ондағы басты орын мемлекеттік бюджетке тиесілі. Бюджеттік жүйе өте күрделі механизм. Ол сол елдің ерекшелігін, оның әлеуметтік – экономикалық құрылысын, мемлекеттік құрылымын білдіреді. Ел бюджетінің құрылымы сол елдің құрылымымен байланысты. Осыған орай ІІ бөлімде Қазақстан Республикасының мелекеттік бюджет жүйесінің құрылымы туралы толық айтылған.
ІІІ бөлімде, Қазақстан Республикасының бюджет жүйесін жетілдіру маңызды орын алады. Бұл бөлімде бюджеттік жоспарлауды жетілдірудің жолдары және Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік шығыстар өкілеттігін бөлу саясаты сипатталады. Қазіргі бюджетаралық қатынастар механизмін талдау нәтижелері көрсетіп отырғандай, аймақтардың қаржылық өз еркіндігі ынталандырылмайды, бюджеттік қаржылардың ағымдары ұлғаюда. Субвенциялар мен мақсатты трансферттерден басқа, республикалық бюджеттен облыстарға бюджеттік несиелер қайта бөліну ықтимал ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің құрылымы

Кіріспе.
Мемлекеттік қаржылар жүйесінде мемлекеттік бюджет басты орын алады.Менің курстық жұмысымның тақырыбы «Қазақстан Республикасының бюджет жүйеснің құрылымы» бұл актуальды,тақырып, осы курстық жұмыста оны ашуға тырысамын. Мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болып келетін бюджеттің жұмыс жасауы ерекше экономикалық нысандар – бюджеттің кірістері мен шығыстары арқылы болып отырады. Әр бюджетте оның кіріс және шығыс бөлігін теңестірген, дұрыс. Осылар ескеріле отырып, І бөлімде мемлекеттік бюджет туралы түсінік және оның экономикалық мәні, кірістер мен шығыстардың құрамы мен құрылымы, бюджет тапшылығы және балансы туралы қарастырылған. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесін жетілдіру маңызды орын алады. Қазақстан Республикасының егемен мемлекет болып қалыптасып, нарықтық экономиканың даму мен құрылу жолын қабылдауы оның әлеуметтік – экономикалық дамудағы жаңа деңгейін анықтайды. Ондағы басты орын мемлекеттік бюджетке тиесілі. Бюджеттік жүйе өте күрделі механизм. Ол сол елдің ерекшелігін, оның әлеуметтік – экономикалық құрылысын, мемлекеттік құрылымын білдіреді. Ел бюджетінің құрылымы сол елдің құрылымымен байланысты. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі.

Кіріспе
Республикалық бюджеттің түсім көздері - салықтар мен басқа да міндетгі төлемдерді құқықтық реттеу — республикалық деңгейдегі салық салу аясында салық механизмдерін қолдану, тұрақты бекітілген салыктық түсімдерді — салықтар мен өзге де міндетті төлемдерді алу, сондай-ақ олардың белгіленген тәртіппен республикалық бюджеттің кірісіне уақтылы және толығымен түсуіне тексеру жүргізу барысында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін салықтық құқықтың ерекше бөлімінің институты. Республикалық бюджеттің салықтық түсімдері аясындағы материалдық салыктық қатынастарды құқықтық реттеудін мақсатты бағдары мемлекеттік, сондай-ақ корпораииялық (және жеке меншік) шаруашылық жүргізу ауқымында туындайтын мемлекеттік қаржылық қатынастардың тиімді қалыптасуына қол жеткізуге бағытталады. Мемлекет меншігіндегі республикалық бюджеттін ресурстары Қазақстан Республикасындағы саяси құрылыстың тұрақтылығын, әлеуметтік мүдделерді және елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, сондай-ақ орын алуы мүмкін келеңсіз ішкі және сыртқы экономикалық факторларды болдырмауға септігін тигізеді.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі және бюджет құрылысы

Кіріспе
Кез келген мемлекетте елдің бюджет! маңызды рөлді атқарады ол арқылы: таза үлттық табысты белуге және қайта белуге, жалпы үлттық өнімнің қүрылымына, қоғамның әлеуметтік қамсыздандыруына әсер етеді.
Елдің мемлекеттік бюджеті қаржы жүйесінің басты буыны болып табылады. Мемлекеттік бюджет елдің орталықтандырылған ақша қоры. Бюджет арқылы барлық меншік нысандарының шаруашылық жүргізуші субъектілерінің қаражаттары және ішінара халықтың табысы жүмылдырады. Олар экономиканы әлеуметтік-мәдени шараларды қаржыландыруға, елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға, мемлекеттік басқару органдарын үстауға, жергілікті бюджеттерді қаржылық жағынан қорғауга, үкіметтік борышты өтеуге, мемлекеттің материалдық және қаржы резервтерін жасауға және басқаларға бағытталады. Курстық жүмыс үш бөлімнен түрады: бірінші бөлімінде мемлекеттік бюджеттің экономикалық мазмүны, бюджеттің функциялары, бюджеттің юіассификациялары, мемлекеттік бюджет экономиканы басқару қүралы ретінде осы аталғандар бірінші бөлімде қарастырылды.....
Курстық жұмыстар
Толық

Қаржы | Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің теориялық аспектілері

Экономикалық категория ретiнде мемлекеттiк бюджет қоғамдық өнiм құнының мемлекеттiң орталықтандырылғын қаражат қорын құру жолымен жоспарлы түрде бөлу, қайта бөлу процесiнде және оны ұдайы өндiрiстi ұлғайту, қоғамдық қажеттердi қанағаттандыруға пайдалану барысында мемлекет пен қоғамдық өндiрiске басқа да қатысушылардың арасында қалыптасқан ақша қатынастарын белгiлейдi.
Бюджет экономикаға бюджет механизiмi арқылы ықпал етедi. Мұнда бюджеттiң бүкiл экономикаға ықпал құралы ретiндегi рөлi көрiнедi. Бюджет механизiмi -мемлекеттiң ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған қорын құру және пайдалану формалары мен әдiстерiнiң жиынтығы. Экономиканы реттеу орталықтандырылған қаражат қорының көлемiн белгiлеу, оны құру, пайдалану формалары мен әдiстерiн реттеу, бюджеттi құру және орындау процесiндегi қаржы ресурстарын қайта бөлiске салу жолымен жүзеге асырылады.
Мемлекеттiң негiзгi қаржы жоспарының көрсеткiштерi республика Жоғарғы Кеңесiнiң жыл сайын қабылдайтын мемлекеттiк бюджет туралы заңына сәйкес мiндеттi түрде орындалуы тиiс. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қаржы | Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету

Мемлекеттік органдардың өз функцияларын орындау үшін басқарудың барлық деңгейлеріне тиісті қаржы базасы болуы тиіс. Демек, әр елде мемлекеттің қоғам алдындағы міндеттері мен функцияларын орындауын қаржыландыру үшін ақша қаражат қорларын жұмылдыруды қамтамасыз ететін бюджеттердің сыныптамалық желісі құрылады. Бюджеттердің жекелеген түрлерінің кірістері мен шығыстарын қалыптастыру, оларды теңдестіру үрдісінде заңмен реттеліп отыратын белгілі бір қаржылық өзара қарым-қатынастар пайда болады. Осы элементтердің барлығы бюджет жүйесін құрудың қажеттілігіне әкеледі. Бюджет құрылымында басты орынды – бюджет жүйесі иеленеді. Дүниежүзінің әр түрлі елдерінде бюджет құрылымы мемлекеттің құрылысына, аумақтық-әкімшілік бөлінісіне, экономиканың даму деңгейіне және мемлекеттің басқа да айрықша белгілеріне байланысты анықталады. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық