Экономика | Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық деңгейі мен оған қарсы күрес

Қазіргі кездегі біздің елімізде жұмыссыздар саны өте жоғары. Ол тек қана біздің еліміз үшін ғана емес бүкіл дүние жүзі үшін де ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Менің ойымша оның басты себебі, ССР кезінде Республикалар арасындағы өнеркәсіп бір-бірімен тығыз байланыста болып, Совет Одағы құлағаннан кейін көптеген кәсіпорындар жұмысын тоқтатуы және совхоздар мен колхоздарды таратуда дұрыс әдістерді қолданбау деп есептеймін.
Көптеген жылдар бойы еңбек міндет, Отан алдындағы борыш ретінде қарастырылып келіп, оны орындамағандар қоғамдық үгітке ие болып келді. Ал қазір барлығы өзгеріп, адамдар өздерінің жанын сақтау үшін еңбек ете бастады.
Соңғы бес жыл ішінде елдің қоғамдық-саяси және экономикалық өмірінде радикалды қозғалулар байқала бастады. Елді жұмыспен қамту жөніндегі реформалар кең көлемде жүзеге асуымен қатар елдің еңбекке деген көзқарасы да өзгере түсті. ....
Рефераттар
Толық