Экономика | Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы және дамуы

Бағалы қағаздар нарығы – бағалы қағаздардың шығарылымы, айналысы және өтеуі бойынша нарық қатысушылары арасындағы экономикалық қарым-қатынастар жиынтығы болып табылады.
Бағалы қағаздар нарығы, қор нарығы түсініктері әр түрлі және Қазақстанда оларды теориялық, құқықтық жағынан ажырату қажеттілігі бар. Қор нарығы эмиссиялық бағалы қағаздардан тұрады, ал бағалы қағаздар нарығы одан кең – эмиссиялық және туынды бағалы қағаздар нарығынан құралады. Бағалы қағаздар нарығының дамуы бірінші сатысынан немесе қалыптасу сатысынан өтті деп тұжырымдауға болмайды, мұны тек қор нарығының үлесіне тиеді. Өкінішке орай, бағалы қағаздар нарығының басқа элементтері, яғни туынды бағалы қағаздардың даму сипаты жоқ.
Сөйтіп, бағалы қағаздар нарығы екі үлкен топтан тұрады, атап айтсақ қор нарығы және туынды бағалы қағаздар нарығы. Бағалы қағаздар нарығы экономикалық және әлеуметтік сұрақтарды шешуге көмектеседі. ҚР-да бағалы қағаздар нарығының қалыптасуына мемлекеттік меншіктің жеке меншікке көшуі негіз болып табылады.
Бағалы қағаздар нарығына келесідей анықтама береміз. Бағалы қағаздар нарығы – бұл мемлекеттің, нарық субъектілерінің қаржылық ресурстарын шоғырландыруы мен бөлінуі сипат алатын қандай да болмасын мерзімдегі бағалы қағаздардың айналысы қарастырылатын жүйе. Қор нарығы бағалы қағаздар нарығының құрылымына жатқызылады. Оның негізгі айырмашылығы ретінде – капиталдың айналысын қамтитын бағалы қағаздардың жүйесі.
Бағалы қағаздар келесідей ерекшеліктермен сипатталады: ақша қаражатқа айырбастау мүмкіндігі, сату-сатып алуға, эмитентке қайта сатуға, құқықты басқа тұлғаға беру мүмкіндігіне ие. Олар есеп айырысу кезінде қолдануға, кепіл ретінде пайдалануға болады.
ҚР заңнамада бағалы қағаздар түсінігі және «бағалы қағаз» мәртебесіне ие құралдар қарастырылған.
ҚР Азаматтық кодексіне сәйкес, бағалы қағаз - мүлiктiк құқықты куәландыратын белгiлi бiр жазбалар мен басқа да белгiлердiң жиынтығы. Бағалы қағаздарға акциялар, облигациялар және бағалы қағаздардың осы Кодекспен және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiмен айқындалған өзге де түрлерi жатады. Заңнамаларды салыстыру негізінде, Азаматық кодекс пен Бағалы қағаздар нарығы заңдарының сәйкессіздігі байқалады. Сонымен қатар, инвестициялық қор туралы ҚР заңында пайды бағалы қағаз түрі деп бекітсе де, өзге құқықтық құжаттарда пай бағалы қағаз мәртебесі ретінде негізделмеген.
«Инфрақұрылым» термині – экономикалық жүйе негізі, фундаменті, ішкі
құрылымын білдіреді. Осыған сәйкес, біз «бағалы қағаздар нарығының инфрақұрылымына» келесідей анықтама береміз. ....
Рефераттар
Толық