Экономика | Қазақстанда банк жүйесінің қалыптасу тарихы және дамуы

Бірқатар ғалымдардың пікірінше, алғашқы банктер капитализм дамуының мануфактуралық сатысында - XIV және XV ғасырларда Италияда несие қатынасының кең ауқымды дамуымен байланысты пайда болған. Кейбір ғалымдар банктердің бұдан да ертерек - феодализм кезінде төлем делдалдары ретінде пайда болды деп есептейді.
«Банк» сөзі «үстел» мағынасын беретін италияндық «banco» сөзінен шыққан. Банко - үстелдер тауарлардың сауда-саттығы қызу жүретін алаңдарға қойылатын. Сауда-саттық мемлекеттерде, қалаларда және жекелеген қалаларда шақа соғылатын (чеканившихся) әр түрлі монеталармен жүзеге асырылды. Бұл жағдайда көптеген монетаның әр түрлі айналасынан хабары бар, айырбас бағамы бойынша кеңестер беріп, бағалай алатын арнайы мамандар қажет болды. Бұл айырбастаушы мамандар әдетте өз үстелдерімен нарықтарда отырады. X ғасырда Италия әлемдік сауданың орталығына айналды, сол себепті де өздерінің ерекше банко-үстелдері бар айырбастаушы банкирлер әйгілі болады әрі олар Ежелгі Грецияда (трапезиттер деп аталған, «трапеза» - үстел), Ежелгі Вавилонда және басқа да елдерде кеңінен тарайды.
Әр түрлі монеталарды бір-бірімен үзбей айырбастау үшін олардың қоры болуы керек. Осылайша, бұл айырбастаушы-үстелдер айырбастаушы-үйге айналады. Бұл үйде құны әр түрлі монеталардың айырбасталуы жүзеге асырылды.
Алайда ақшаның табиғатын валюталарды айырбастау бойынша операциялармен қатар қою банктердің шығу тегін жаңсақ (қате) ұқтыруға әкеп соқтырады. Бұл өз кезегінде банктерді ақшаның әлемдік ақша қызметін орындай бастағанда ғана пайда болған тәрізді етіп көрсетеді. Әрі бұдан да ертерек - ақшаның ішкі нарықтағы айналыста жүрген кезеңде банктерді мүлдем болмаған етіп көрсетеді.
Ғалымдардың пікірінше, біздің эрамызға дейінгі VI ғасырларда Ежелгі Вавилонда салым ақшаларды қабылдау және осы ақша бойынша пайыз төлеу тәжірибеде кездескен. Мұндай валюталық және несиелік операциялар біздің эрамызға дейінгі IV ғасырда Грецияда да тәжірибеде кездескен.
Тарихшылардың пікірі бойынша бұл операциялар жеке тұлғалармен де, шіркеу мекемелерімен де жүргізілген. Храм ақша мен құндылықтарды сақтаудың сенімді орнына айналады, өйткені ол мемлекет тарапынан да, қауым тарапынан да үлкен сенімге ие болған еді. Храмдар тауарлық ақшаны сақтау секілді ақшалай операцияны ұдайы жүргізіп отырды. Ал бұл салмақ өлшемінде жүзеге асырылатын есептік және есеп айырысу секілді қосымша операцияларды қажет етті. Олар мынадай сапаларға ие болуы керек: бөлінетіндей және сақталатындай әрі бір текті болуы тиіс. Мұндай сипаттарға металдар, әсіресе алтын мен күмістер ие болды.
Храмдар негізгі ақшалай операциялармен қатар карыз (ссуда) берумен де айналысты. Оны заң нормаларын қатаң сақтай отырып ресімдеді әрі берілген қарыз үшін пайыз өндіріп алды. ....
Курстық жұмыстар
Толық