Экономика | Қазақстандағы Ұлттық банк жүйесінің дамуы

Несие жүйесінің негізгі буыны – банктер. Себебі масштабы және маңызы жөнінен несие қатынастарының басым көпшілігі банктер арқылы өтеді. Банктер мемлекет пен кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мектептер мен ауруханалардың, институттар мен бала бақшалардың және халықтың уақытша бос ақшаларын шоғырландырып, оларды іс – жүзіндегі капиталға айналдырады. Сонымен қатар банк төлем, есептеу, несие беру, сақтандыру және т.б. көптеген сан алуан операциялар жүргізеді.
Капиталистік банктердің алғашқы ізашарлары Флоренция мен Венецияда 1587 жылы айырбас ісінің негізінде, яғни әртүрлі елдер мен қалалардың ақшасын айырбастауда пайда болды. Банктердің негізгі операциялары ақшаны сақтауға қабылдау мен ақша есеп айырысуды жүргізу болған. Ақшасыз есеп айырысуды жүргізудің мәні – екі клиенттің қатысуымен банкирдің кітабына бір шоттан екінші шотқа белгілі бір соманы аударып жазу. Кейінірек ол осындай негізде Амстрдамда (1609 жыл) және Гамбургте (1618 жыл) ұйымдастырылды.
Карл Маркс банктердің пайда болуы туралы былай деген: «Кәсіпкерліктің ерекше саласы пайда болды, себебі ол ерекше сала ретінде барлық таптардың ақша механизмін қамтамасыз етеді, ол шоғырланып, ірі масштабта жүргізіледі...»
Банк ісі – қарыз капиталын жинақтаумен және оны бөлумен шұғылданатын кәсіпкерліктің ерекше түрі. Қазіргі кезде банктер көптеген операциялар жүргізеді. Олар ақша айналымы мен несие қатынастарын ұйымдастырумен ғана қоймай, сонымен қатар банктер арқылы халық шаруашылығын қаржыландыру, сақтандыру операциялары, бағалы қағаздарды сатып алу – сату, ал кейбір жағдайларда делдалдық келісімдер және мүлікті басқару операциялары жүргізіледі.
Осы айтылған жағдайларды қорыта келе банктің атқаратын қызметтерін негізінен төмендегідей топтастыруға болады.
1. Уақытша бос ақша қаражатын тарту, жинақтау және оны
қарыз капиталына айналдыру.
2. Кәсіпорындарға, мемлекетке, жеке адамдарға несие беру,
бағалы қағаздармен операция жүргізу.
3. Ақша айналымын реттеу. Банк - әр түрлі шаруашылық
субъектілерінің төлем айналымы жүретін орталық. Банк өзінің есеп айырысу жүйесі арқылы клиенттеріне айырбас, капитал және ақша айналымын жүргізуге мүмкіндік туғызады.
4. Айналымға несие құралдарын шығару. Банк клиенттің тек
жинаған уақытша бос ақша қаражатымен несиелеп қоймай, сонымен қатар депозиттік чектерде вексельдерді шығарумен де несиелейді.
5. Экономикалық және қаржылық кеңес беру.
Эмиссиялық банк – ол айналысқа ақша белгілерін эмиссиялауға (шығаруға) құқы бар, әдетте, ұлттық банк. Әр мемлекеттерде ұлттық банк әртүрлі аталады. Мысалы: бұрынғы КСРО – да ол мемлекеттік деп, ал қазір Қазақстанда – Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі деп аталады. Мемлекеттің Ұлттық банкінің негізгі мақсаты айналысқа ақша бірлігін шығару, банктерге ерекше тауар ақша белгісін сату және банк жүйесінің несие – есеп, эмиссиялық жұмысын басқару. Ол – елдің екі деңгейлі банк жүйесінің – жоғары деңгейіндегі банк. ....
Рефераттар
Толық