Экономика | Қазақстандағы қолма қолсыз ақша айналысы

Тауарлы-ақшалай қарым-қатынастар кезінде сату-сатып алу және қызмет көрсету барысында, сондай-ақ әртүрлі шағымдар мен міндеттемелерді қанағаттандыруда, әрі ақша құралдарын бөлуде және қайта бөлуде ақшалай есеп айырысу туындайды.
Мұндайда ақшалай есеп айырысудың (80-90%) негізгі бөлігін қолма-қол ақшасыз есеп айырысу құрайды. Ол қолма-қол ақшаны тікелей пайдаланбастан, яғни несие мекемелерінің есепшоттары бойынша аударымдар жасау арқылы жүзеге асырылады.
Қолма-қол ақшамен және қолма-қол ақшасыз есеп айырысулардың арасында тығыз және өзара байланыс бар: ақшалар қолма-қол ақша белгілерінің нысанынан банктегі депозитке және одан керісінше бір-біріне ұдайы ауысып отырады.
30-жылдардан бастап 1993 жылға дейін біздің еліміздегі қолма-қол ақшасыз есеп айырысу жүйесі тек шығыс шығаруға арналған шаруашылық ету механизміне бейімделіп және экономиканы басқарудың әкімшіл-әміршіл тәсілдеріне сай келген еді. Ол қолма-қол ақшасыз есеп айырысу жүйесі негізінен өнім жеткізушінің өзінің жоспарлы тапсырмаларын орындау мен өнімдерді жеткізуге ғана негізделген болатын.
Экономикада нарықтық қатынастардың дамуы қолма-қол ақшасыз есеп айырысу жүйесінің негіздерін және олардың ұйымдастырылу қағидаларын түбегейлі түрде өзгертуді талап етті.
Менің курстық жұмысым Қазақстандағы қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың қазіргі жүйесінің қызметіне арналған. ....
Курстық жұмыстар
Толық