Қазақ әдебиеті | Қазақ әдебиетіндегі мифтің мән мағынасын ашу

Кіріспе
Қазақ әдебиетіндегі мифтің мән мағынасын ашу арқылы ата- бабаларымыздың рухани мәдениетінің алғашқы сатысы, әдет-ғұрпындағы, мәдениетіндегі толып жатқан құндылықтарын танып- білуімізге болады. Олардың білімнің, ғылымның , мәдениеттің, өркениеттің дамып жетілген уақыттағы жазба әдебиетімізге қосқан үлесінің молдығын сол шығармаларды оқып, шығарма бойындағы мифтер тамырына терең бойлап қана көз жеткізуімізге болады.
Қазақ әдебиетінде ауыз әдебиеті үлгілерін көркем шығармаларда қолдану жаңа әдеби әдістерді өмірге әкелді. Бұл тек шығарманың көркемдік-эстетикалық әсерін ғана емес, оның танымдық құдыретін, символдық мәнін, сол кездегі өмірлік құндылықтарды жан-жақты тануға мүмкіндік береді. Сол себепті әдебиттегі көркемдік таным жетістіктерінің бір үшін осы миф, аңыздардан қарастыру өзекті мәселе.....
Курстық жұмыстар
Толық

Әдебиет | Қазақ әдебиетіндегі мифтің мән мағынасын ашу

Қазақ әдебиетіндегі мифтің мән мағынасын ашу арқылы ата- бабаларымыздың рухани мәдениетінің алғашқы сатысы, әдет-ғұрпындағы, мәдениетіндегі толып жатқан құндылықтарын танып- білуімізге болады. Олардың білімнің, ғылымның , мәдениеттің, өркениеттің дамып жетілген уақыттағы жазба әдебиетімізге қосқан үлесінің молдығын сол шығармаларды оқып, шығарма бойындағы мифтер тамырына терең бойлап қана көз жеткізуімізге болады.
Қазақ әдебиетінде ауыз әдебиеті үлгілерін көркем шығармаларда қолдану жаңа әдеби әдістерді өмірге әкелді. Бұл тек шығарманың көркемдік-эстетикалық әсерін ғана емес, оның танымдық құдыретін, символдық мәнін, сол кездегі өмірлік құндылықтарды жан-жақты тануға мүмкіндік береді. Сол себепті әдебиттегі көркемдік таным жетістіктерінің бір үшін осы миф, аңыздардан қарастыру өзекті мәселе.
Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі қазақ әдебиттану ғылымында соңғы кездері мифтер мен аңыздардың көркемдік қызметіне жан-жақты талдау жасалынып, ғылыми тұрғыдан зерттеліне бастады. Белгілі зерттеушілер: М.Әуезов./1/ ,З. Қабдолов /2/ , С. Қирабаев /3/ , Т. Кәкішов /4/ , Р. Бердібаев /5 /, Ш. Елеукенов /6/ , Ж. Дәдебаев /7/ , З. Бисенғали /8/ , Б. Майтанов /9/, А. Жақсылықовтар /10/ аңыздар мен мифтердің көркем шығармалардағы көркемдік қызметіне жан-жақты тоқталып қарастырды. Сонымен қатар А. А. Мәуленовтың /11/, Ж. Аймұхамбетованың /12/ , А.Н. Ғалиевалардың /13/ кандиттатық диссертацияларында бұл тақырыптар жаңа қырынан танылып, біршама еңбектер негізінде жазылғандықтан соны ой-тоқтамдарға толы десек болады.
Қазіргі қазақ әдебиетінде Ә. Кекілбаев /14/, М. Мағауин /15/, О. Бөкеев /16, 17, 18/, С. Жүнісов /19/ , Д. Досжанов /20/, А. Алтай /21 / өз шығармашылықтарында аңыздық-мифтік желілер негізінде үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Әлем әдебитінен бастау алған мифтік шығармашылық шығарманың көркемдік құндылықтарын ерекше бір реалистік тұрғыда суреттеп – шығарманың танымдық қаситетін арттыра түсті. Бұл еңбекте Ш. Уәлиханов /22/, Г. Е. Мелетинский /23/ , В. Пропп /24/ , В. Еремина /25/, М. Бахтин /26/,С. Қасқабасов /27/, С. Қондыбаевтардың /28/ еңбектеріндегі теориялық тұжырымдары арқылы бұрын зерттеу нысанына айналмаған көркемдік шешімі мен образ сомдаудағы ықпалы, тынымдық белгісін арттырудағы әдеби-эстетикалық қызметін ғылыми негізде дәлелдеуге тырыса мыз.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері:
Қазіргі қазақ прозасындағы мифтік шығармашылықтың атқаратын көркемдік аясын ашу арқылы қазақ әдебиетіндегі мифологизмнің орнын бағдарлау. Мифопоэтика туралы теориялық зерттеу еңбектерін басшылыққа ала отырып, жазушы шығармашылығындағы мифологизмнің көркемдік-идеялық қолданысына назар аударту жұмыстың басты мақсаты болып табылады.Осы мақсатқа сәйкес мынандай міндеттер басшылыққа алынады: ....
Курстық жұмыстар
Толық