Жұмағали Саин (Қабылда, Отан)

Туған елім,
Өз Отаным, астанам,
Талай биік жеңістерге бастаған,
Қазақстан рапорт етті, қабыл ал,
Рапортында миллиондаған астық бар,
Қазақ жері қырман толы қайысқан.
Сол астықты көтере алмай майысқан,
Бір миллиард Отанға арнап жөнелтті,
Байыды елі, шаруаларын кенелтті.
Туған елім!
Компартиям, астанам!
Сенсің мені жеңістерге бастаған.
Сенсін маған достық берген, қол берген,
Қазақ елі құлпырсын деп жол берген......
Өлеңдер
Толық