Экономика | ҚАРЖЫЛЫҚ ДАҒДАРЫС ӘЛЕМДІК ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАҒДАРЫС
Әлемдiк нарықтың қазiргi жағдайы халықаралық сарапшыларды шынымен алаңдатып отыр. АҚШ Федералдық қор жүйесiнiң бұрынғы жетекшiсi Алан Гринспен: «Бүгiнгi дағдарыс – ХХ ғасырдың ең күштi қаржылық дағдарысы» деп мәлiмдедi. Кезiнде инвесторлардың көзiн қызықтырып, активтердiң бiрiнен кейiн бiрiн сатып алуға жетелеген қомағайлықтың соңы байлардың қолындағы барынан айырылып қалу қаупiне ұласқан. Дүниежүзiлiк нарықттағы ахуалды 1987 және 1998 жылдардағы дағдарыстармен салыстырған Гринспен 1837 және 1907 жылдардағы банк саласындағы қиын кезеңдi еске алды. Жалпы халықаралық қор нарығындағы жағымсыз жайттар Американың ипотека нарығындағы ахуалмен тығыз байланысты. Ипотекалық делдалдардың төлемдердiң уақытылы өтелмеуiнен есi шықты. Қаржыларының басым бөлiгiн ипотекаға қатысты құнды қағаздарға салған қорлар құлдыраудың шарықтау шегiне жеттi. Ең сорақысы, америкалық ипотекалық дағдарыс барлық халықаралық сауда алаңдарына кесiрiн тигiздi: Ұлыбритания, Франция, Германия мен Азия елдерiнiң биржалық индекстерi күрт төмендедi. Iрi инвесторлар банкротқа ұшырамас үшiн ресейлiк активтерге салған ақшаларын қайтарып алып, америкалық қазыналық қағаздарға ауыстыра бастады. 1987 жылдың 19 қазанында АҚШ-тың негiзгi қор индикаторы Лоу Джонестiң көрсеткiшi 22,6 пайызға бiр-ақ төмендегенде «жаңбыр жаумай жатып су болған» инвесторлар байбаламға басқан едi. Осының салдарынан еуропалық және азиялық биржалар күтпеген жерден төменге қарай құлдилап, гонконгтық биржа 1 апта бойы жұмыс iстеген жоқ. Алайда, қаржылық дағдарысқа Жапония ғана селт етпедi. Сарапшылар пiкiрiнше, сол кездегi дағдарыстың тарихи маңызы, бүкiләлемдiк экономикалық және қаржылық билiк Американың қолынан Жапонияға өттi. Қазiрдiң өзiнде жапондар тұтынудан гөрi өндiруге көңiл бөлсе, АҚШ керiсiнше, өндiруден гөрi тұтынуға ден қойған. Сондықтан Жапония шет мемлекеттердегi активтерiн үстемелей түсiп, Америка қарызға белшеден батқан үстiне батты. Алайда, көп кешiкпей жапондар да сазға отырды. Өйткенi, 1998 жылғы дағдарыс азиялық қор нарығындағы құлдыраулардан басталған болатын. 1997 жылдың күзiнде Таиланд пен Гонконгтың қор нарығында орын алған тұрақсыздық 1998 жылғы дағдарысқа ұласып, Жапония, Индонезия мен Оңтүстiк Кореяның қор нарығына керi әсер еткен. Сол жылы Ресей ГКО бойынша дефолт жариялады. Орыстардың ұлттық валютасы – рубльдiң бағамы күрт төмендеп, Ресейдегi шетелдiк инвесторлар орыстардан сырт айналды. Бiрақ әлемдiк нарықтағы мұнай мен газ, металл бағаларының өсуi инвесторларды орыстармен қайта «қауыштырды». Үстiмiздегi жылы халықаралық қор қайтадан қиын кезеңдi басынан өткере бастады. Сарапшылар пiкiрiнше, Американың ипотекалық дағдарысы қытайлық экономиканың өсу қарқынына кесiрiн тигiзуi мүмкiн. Ал, бұл әлемдiк нарықтағы шикiзат бағасының төмендеуiне ықпал етпек. ....
Рефераттар