Жанкелді Немеребай (Гүл-ғұмыр)

Астынан қардың ақ мамық,
Өмірге келген жап-жарық.
Ғұмыры қысқа бәйшешек,
Қалады-ау бір күн тапталып.
Қоштасып қимай қыс кетті,
Алмасып мезгіл құс кепті.
Жастық та өтер....
Өлеңдер
Толық

Исраил Сапарбай (Ғұмыр сазы)

Той да өтер,
Қызық та өтер,
Думан да өтер...
Арқырап ағар уақыт судан бетер.
Құбылған дүниенің қыр соңынан
Құс салып,
Құрық алып қуған жетер.

Зулайды жел де, жыл да зымырандай,
Қозғалса қозатұғын......
Өлеңдер
Толық

Өзіңсің.....

Маған қуат беретұғын өзіңсің,
Өзіңсің, шежіремнің көзісің.
Менің мынау сан сырлы ғұмырымның,
Дағдарысы, кемеңгері, төрісің.

Әр қадамың, әр демің - маған мұра,
Мерекемсің, қас жауым....
Өлеңдер
Толық

Әмірхан Балқыбек (Ақын ғұмыр)

Асау арман кеудеге симағасын,
Қиналасың,
Ашыған ми боласың.
Амал бар ма
Ақынға алабұртпай
Ару-өмір өрт-ғұмыр сыйлағасын.

Өртенесің,
Өртейсің,
Жалындайсың,
Таптырмайсың,
Таппайсың.....
Өлеңдер
Толық

Қадыр Мырза Әли (Өмір-ғұмыр пернесі)

Алдап-сулап,
Абайсызда жылыстар
Айла-уақытқа кейде адамның жыны ұстар.
Бір нәрсеге жіпсіз сені байлайды
Желісі бар
Жемісі жоқ жұмыстар.

Жер соқтырып жүргенменен түлкілер,
Жиналмайды өкпе-наздың бұлтын ер.
Ұмыттырып....
Өлеңдер
Толық

Қалқаман Сарин (Жұлдыз - ғұмыр)

Тиді ме түннің түрлі залалы,
Ай-қыздың неге мұңлы жанары?
Ойшыл аспанның омырауынан
Үзіліп үнсіз жұлдыз ағады.

Ұйқысыз жалғап түнді ұзақ таңға,
(Жұлдыз деп айтып жүрміз оттарға).
Қуанып қалам....
Өлеңдер
Толық