Ғабиден Қожахмет | Кітап және әдебиет пәнінің мұғалімі

- Он бірінші сыныбыңа мұқият бол, - деді мектепке енді келген бұған ағайы. - Оқулыққа сенбей-ақ қой. Қазір өтпелі кезең. Ендігі жерде кеңестік әдебиетке бұрынғы көзқараспен қарай алмайсың. Ал оқулық бұрынғы ізбен жазылған. Сондықтан, мүмкіндігі келгенше, балаларға өзің дәріс оқы.

Ұстаздың айтқаны дұрыс. Кеңестік әдебиет - әдебиет тарихындағы өте бір күрделі кезең. Ал мектептің он бірінші сыныбы нақ осы кезеңге келіп тірелетін.

Бір кезде өзіне де әдебиеттен сабақ берген байырғы әдебиет пәнінің мұғалімі бұл ақыл-кеңесін зейнет демалысына шығып бара жатқанда айтқан еді. Жоқ, бұл кісі зейнет демалысына бұдан бұрын шыққан болатын. Өткенде ғана ұстаздар күні мерекесінде осы кісінің зейнет демалысына шығуына байланысты құрмет көрсетілді емес пе. Аудандық білім бөлімінен адам келіп қатысты. Бірақ бұл кісінің әдебиет пәнінің маманы ретіндегі бай тәжірибесін мектеп басшылығы әлі де пайдалана беруге қарсы емес еді. Дегенмен ұстаздың өзі екі тоқсан сабақ бергеннен кейін, мектеп .....
Әңгімелер
Толық

Ғабиден Қожахмет | Білім ордасында Ұстаз мерекесі

Әрбір мектеп бітіруші жанның шәкірттік бейнесін ешбір фотосуретшінің көмегінсіз-ақ сана түкпірінде сақтап қала алатын бір жан бар болса, ол - оның ұстазы. Ұстаз - өзінің есейген шәкіртімен жүздесіп тұрып-ақ осы бір ересек жанның сол кездегі балаң бейнесін, оның сыныптың қай бөлігінде, қай партада отырғанына дейін көз алдына елестете алатын бірден-бір жан. Себебі шәкірт ұстаздың өзінің мектепке жас маман болып кіріп, зейнеткерлік демалысқа шыққанға дейінгі саналы да мағыналы ғұмырының еріксіз бір ажырамас бөлшегі. Осы бір балаң бейне ұстазға ерекше түрде жақын. Ұстаз бүгінгі алдында отырған шәкірттерімен ғана емес, өткен шақтағы шәкірттерінің осы бір бейнесімен де үнемі бетпе-бет келе алар еді. Нақ осыны шәкірттің өзі де сезер, мүмкін ұстаздың шәкірт жанына жақын болуының да бір себебі - ұстаздың тек өзіне білім беруші жан ғана емес, балаң күнінің қастерлі куәгері екендігінде де болуы мүмкін. Себебі түлек болып кеткен жан да еріксіз бала күніне оралып отырады.

Бүгінгі түлектер - кешегі шәкірттер. Ол күні кеше ғана өз мектебінің үздігі, өнерлісі, білім немесе басқа да саладағы жарыстар мен сайыстардың жеңімпаздары атанды. Ол осы сәттерде өз ата-анасының мәртебелі мақтанышы болды. Осының барлығында да оның жанында ұстаз жүрді. Осының бәрінде де ұстаздың қажыр-қайраты, білімі мен білігі, еңбегі мен шәкірт көкірегіне сенім мен жігер тудырушы күш-қуаты жатты. Шәкірт пен ұстаздың бірігіп мақсатты жолға жауапты дайындықтарының басталуы мен нақты нәтижелерге қол жетулерінің арасында ұзақ жол жатады. Бұл жол шәкірттің ұстазға деген сенімі мен ұстаздың өлшеусіз еңбегінен құралады. .....
Әңгімелер
Толық

Ғабиден Қожахмет | Бізге болашақта бәрі де керек

- Уақыт болса жедел өзгеріп бара жатыр, - деді ата-ана. Ол кішкентай қыздың әкесі екен.

- Ал біз болсақ, кеңестік мектепте білім алғанбыз. Кейде жолдастар деген сөзді тілімде көп қолданатыным бар. Мүмкін осының әсері шығар. Осы жиында отырған бәріңіз де ата-анасыздар ғой. Ұл-қыз өсіріп отырсыздар. Сондықтан мені дұрыс түсінеді деп ойлаймын. Менің де кішкентай қызым бар. Өзі құртақандай ғана. Сіздер оны тіпті көз алдарыңызға елестете де аласыздар. Мұндайда қуыршақтай ғана деуші ме еді. Қызым мектеп табалдырығын аттады. Мұның не екенін түсінесіздер ғой, әрине. Бәріңіз де ата-ата болғаннан кейін түсінесіздер. Қуанасың, тағы сол сияқты дегендей ғой. Баламен арақатынаста қиындықтықтар болмай тұрмайды. Ал қиындықты еңсере білу керек. Бұл - әрбір ата-атаның міндеті. Мінеки, сіздер мені қуаттап отырсыздар. Өйткені ата-ананың жанын ата-ана ғана түсінеді немесе мұғалім дегендей. Сіздер де баламен арақатынаста қиындыққа душар болдыңыздар ғой. Сөздеріңізге сенемін. Дәлелдеріңіз иланарлық. Ал біз болсақ, қиындыққа салған жерден кездестік. Айтуға ыңғайсыз енді. Дегенмен сіздерге бастаған екенмін, аяғына дейін айтып берейін. .....
Әңгімелер
Толық

Ғабиден Қожахмет | Ештеңені өзгертуге болмайды

Мерекелік іс-шараларға байланысты өткізілетін бағдарламалардың іс-жоспарын талқылап, бекіту үшін ұжымда шағын жиналыс өтіп жатыр еді. Жиналысты басқарушы сөйлеп отырған, кенет жаңадан келген қызметкер:

- Мына бір тақырыпқа кішкене өзгеріс енгізуге болмайды ма? - деді.

- Қай тақырыпты айтасыз? - деді жиналысты басқарушы.

- Мына "Тілім - тірегім" деген тақырыпты айтамын.

- Ол тақырып сізге несімен ұнамай тұр?!

- Сәл жаттандылау естілетін секілді. Кішкене өзгеріс енгізуге болмайды ма?

- Несі бар, әп-әдемі-ақ тақырып! - деді жиналысты басқарушы. - Біз жыл сайын осы тақырыппен өткізіп жүрміз ғой.

- Тым болмаса, екі сөздің орнын ауыстырып көру де ойларыңызға келмеді ме?

Жиналысты басқарушы шошып кетті:

- Сіз сөйлем мүшелерінің орнын ауыстырып жібергеннен кейін не болатынын білесіз бе?!

- Не болады екен?!

Бірақ ешкім де не болатындығын айта алмады.

- Ал мына "Тәуелсіздігім - тұғырым" деген тақырыпты ше? - деді жаңадан келген қызметкер.

- Ол тақырыпты не деп өзгертейін деп едіңіз?! .....
Әңгімелер
Толық

Ғабиден Қожахмет | Өз үйі


- Өз үйіме қайтамын! - деді бала.

Айнала тұрғандар баланың сөзіне жамырай күлісті.

- Әй, өз үйіңде не бар?! - деді күліп осы жерде тұрған үлкен апайлардың бірі балаға. - Не бар өз үйіңде?!

- Өз үйімде атам бар! - деді бала.

- Атаң деген отырған жоқ па мұнда?!

Жаңағы апай сәкінің үстінде отырған баланың нағашы атасын көрсетті.

Бала басын шайқады:

- Жоқ! Ол менің атам емес. Өз үйімде өзімнің атам бар!

Айнала тұрған адамдар баланың сөзіне тағы да дуылдай күлді.

Жиенінің сөзіне сәкінің үстінде отырған кісі де күлді:

- "Жиен ел болмайды" деп осыдан айтылған ғой. Өзімнің де ұлдарым үйленер. Өзімнің де "аталап" жүретін немерелерім болар. .....
Әңгімелер
Толық

Ғабиден Қожахмет | Ұлым қандай десеңіз

Егер сіз әке болсаңыз, сіздің кішкентай, жұдырықтай ғана ұлыңыз бар болса, оның болашақта қандай жігіт болып өспегін байқап көрмек болсаңыз, онда оны ана бөлмедегі шылымға жұмсап көріңіз.

Егер сіз ұлыңызға "Бар, ана бөлмедегі шылымды алып кел" деген сәтте, ұлыңыз қиқаңдап, тәлпіштеніп бармай жатса, онда мұндай баланы жазалау керек. Өйткені ол ертең бастықпен жұмыс істейтін жігіт болады. Ал ешқандай бастық сіздің ұлыңыздың мұндай қиқаң-сиқаң мінезін көтере бермейді. Сондықтан оған осы бастан сабақ бола берсін.

Егер сіз ұлыңызға "Бар, ана бөлмедегі шылымды алып кел" деген сәтте, ұлыңыз дігі-дік, дігі-дік деп шапқылап барып шылымыңызды әкеп берсе, онда бәрі дұрыс болғаны. Ертең ол бастығы жұмсағанда да осылай дігі-дік, дігі-дік деп шапқылап жүретін жақсы жігіт болып өседі. .....
Әңгімелер
Толық

Ғабиден Қожахмет | Төл теңге және азаттықтың рухы

Бұлар бірінші курсқа түскендерінде өздерінің ұстазы, кафедра меңгерушісі ағайларының: "Айналайындар-ай, сендердің қадамдарың құтты болды-ау! Екі бірдей қуанышқа кенелдік қой!" деп қайта-қайта айта берген сөзі бар еді. Өйткені ол қуаныштың біріншісі республикада тұңғыш рет қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы осы оқу орнында филология факультетінен бөлініп, өз алдына дербес шаңырақ көтеріп жатса, ал екінші қуаныш сол оқиғадан кейін арада жиырма екі күн өте бере, яғни 22 қыркүйек күні қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесін алған қуанышы еді. Ұстаздарының шаттықты жүздеріне қарап отырып, сонда бұлар адамның жекебас қуанышынан да айрықша қуаныштардың бар екендігін сезінген. Ал арада санаулы күн өткенде Алматыдан келген профессор әйел адамның: "Тілімізге мемлекеттік тіл мәртебесін алу оңай болған жоқ қой, қарақтарым! Біз қуаныштан жылап тұрдық қой!" деген сөзін естіп тебіренген. .....
Әңгімелер
Толық

Ғабиден Қожахмет | Баянда ойналған әуен


Қожабақы ауылы жайлы ертеректе шыққан "Сағындым сені, Арандым" деп аталатын ән бар. Бұл - ауыл жайлы ән.

Аранды - бұлардың ауылының тұсындағы қырдың аты. Аранды қыры ауылдың төлқұжаты секілді. Ауыл сол қырдың етегінде жатыр.
Өзінің де бір өлеңінде жазғаны бар еді:

Аранды қыр - даланың тауы мұнда-ай,
Дарқан мінез даладай қауымыңда-ай.
Биігіңнен көз салсам атырабыңа,
Қожабақы көлбейді бауырыңда-ай.

Аранды жайлы әннің сазгері Досекең мектептің тәрбие ісінің меңгерушісі болып істеді. Аталмыш әнді шығарған автор. Өлеңін ауылдан шыққан ақын-журналист азамат жазған. Кейіннен аудандық баспасөз саласына ауысып, Қазалы аудандық "Қазалы" газетінде жауапты қызметтер атқарған бұл азамат ол кезде ауылда арнаулы орта білімді дәрігер болып істеген.
.....
Әңгімелер
Толық

Ғабиден Қожахмет | Болашақты күткен мұғалім

- Бала бағуға барасың, - деді завуч Перизатқа.

- Қандай бала?! - деді Перизат таңданып.

- Мектепке қоңырау шалынды. "Бос мұғалім болса, бала бағуға жіберіңдерші" дейді.

- Апай, мен бала күтуші емеспін ғой, - деді Перизат.

- Түсініп тұрмын ғой, - деді завуч. - Осы күні жұрт мектепке қоңырау шалатын болыпты. Түске дейін бірдеңе қылып лаждай тұршы енді, сонан соң орныңа басқа мұғалім болса, жіберермін.

- Апай, менің бала күту міндетті жұмысым емес қой, - деді Перизат бұртиып.

- Амал қанша?! - деді завуч алақанын жайып. - Сол бөбек "үһі" деп жөтеліп қалсыншы, біз жауап береміз.

- Не үшін үйлерінде отырған бөбектердің "үһі" деп жөтеліп қалғанына біз жауап беруіміз керек?!

- Білмеймін, - деді завуч. - Өзім де түсініп жүрген жоқпын. Сөйт. Бірдеңе қылып лажда. .....
Әңгімелер
Толық

Ғабиден Қожахмет | Компьютерге басылмаған жоба

Облыстық ғылыми жоба жарысынан жүлделі орын алған оқушының ғылыми жоба жұмысы Астана қаласындағы іріктеу кезеңіне жолданатындығы, сол жұмыстың компьютерде терілуі керектігі жайлы хабар келгенде, бұлар компьютердің жоқтығына байланысты дағдарып қалды. Себебі ауылда компьютер жоқ еді. Ауданның орталығынан да компьютер таба қою қиын болатын. Енді компьютер іздеп облыс орталығына баруы керек еді.

Ғылыми жоба облыстық жарысқа компьютерге басылмаған күйі қатысқан болатын. Жарыстың аты облыстық ғылыми жобалар жарысы деп аталғанымен, жарыс ол кезде облыс орталығындағы қала мектептерінің арасында өтетін. Себебі бұл кезде облыстың басқа аудандары ғылыми жоба жұмысына әлі атсалыса қоймаған еді. Тек бұлардың ауданы ғана екінші жыл атсалысып отыр. Ал ол кезде облыста ғылыми жобамен ең мықты айналысып отырған мектеп сол кездегі облыстық гимназия еді.

Енді сол облыстан жүлде алған жұмыстарды Астана қаласындағы республикалық "Дарын" ғылыми-практикалық орталығының мамандары іріктеуден өткізеді екен. Астанадағы мамандар тарапынан мақұлданса, республикалық ғылыми жоба жарысына қорғауға жібереді, ал мақұлданбаса... .....
Әңгімелер
Толық