Пән: Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5.4A Ғұндар Сабақтың тақырыбы: Ғұндар мен Ұлы Қытай қорғанының салынуы арасында қандай байланыс бар (1 сағат) Оқу мақсаты: 5.3.2.2 Қазақстан территориясындағы алғашқы мемлекеттік бірлестіктердің көрші елдермен қарым-қатынасын анықтау Сабақ мақсаты: Дереккөздер арқылы ғұн мемлекеті мен Ұлы Қытай қорғанының арасындағы байланысты анықтау.
Пән: Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5.4A Ғұндар Сабақтың тақырыбы: Ғұндардың Қазақстан территориясына қоныстануы қандай өзгерістерге әкелді? Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме): 5.1.1.3 ғұндардың қоныс аудару бағыттарын тарихи картадан көрсетеді.
Пән: Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5.4A Ғұндар Сабақтың тақырыбы: Ғұндардың жаугершілік жорықтары антикалық кезеңнен ортағасырға өтудің бір факторы ретінде Оқу мақсаты: Халықтардың Ұлы қоныс аударуының оң және теріс салдарларын анықтау Тарихи деректерді талдау негізінде, антикалық кезеңнен орта ғасырға өтудің заңдылықтарын қорыту Сабақтың мақсаты: Халықтардың ұлы қоныс аударуы, ғұн жорықтарының маңызы, тарихтағы ғұндардың орны және Атилланың өмірі туралы оқушылардың алған білімдерін саралау;
Тарихта ғұндар аты кеңінен белгілі. Осынау жоғалып кеткен халық аты-жаугерліктің, қаталдық пен тағылықың бейнесіндей көрінеді. Атилла бастаған Еуропа елдеріне жортауыл-жорық жасап, оларды құлазытып кетеді, олар халықтардың ұлы қоныс аударуын бастайды. Мұның бәрі Еуропа тарихынан таныс оқиғалар. Ал б.з дейінгі дәуірдің соңғы ғасырлары мен б.з. алғашқы ғасырларында Орта Азияны, оның ішінде Қазақстан жерін мекендеген Азиялық ғұндар татйпалары онша мәлім емес. Тарихи әдебиетте олар ғунну немесе сунну деген атпен белгілі. Деректерде ғұндар мен қаңлылардың өзара қарым-қатынас жасағаны жайлы мәліметтер сақталған. 55-жылы аса құдыретті ғұн мемлекетті –оңтүстік және солтүстік болып-екі елге бөлінеді. Солтүстік Батыс Монғолиядағы Қырғыз Нұр-көліне таяу жерден теріскен ғұндардың билеушісі Чжичжи өз ордасын орнатады. Осы арадан ол үйсіндердің көрші тайпаларына жорық жасап тұрады. Чжичжимен Қытай да жауығып, ала көз болып жүреді, әсіресе ғұн билеушісі қытай шенеунігі мен елшісін өлтіру жайлы бұйрық бергенен кейін, бұл қатынас мүлде ұшығып кетеді. Чжичжи мен оңтүстік ғұндар билеушісірасындағы бәсеке-тартыс та күшейе түседі. Жағдай осылай шиеленісіп тұрғанда, Сырдария бойын еркін жайлаған мелекеті иесін Үйсін мемлекеттеріне қарсы одақтасып, бірге күресу жөніндегі ұсыныс-сәлемі дәл мерзімінеде жасалған ұсыныс болды. Ол Чжичжиді өзінің Шығыстағы иелігіне-Талас алқабына шақырып, оған қаңлы атты әскеріне қолбасшылық құқын берді. Мұның үстіне ол шаньюге өз қызын әйелдікке беріп, оған бірнеше мың түйе мен жылқыны, есекті сыйға тартқанда, қаңлы билеушісі:Чжичжи көп ұзамай үйсіндерді талқандап, олардың қарауындағы Іле мен Шуалқабын басып, алады деп үміттенеді. Алайда Чжичжи үйсіндерді күйрете алмайды. Сол себепті де кесілген қаңлы ақсүйектері мен билеуші арасында тартыс туады. Бұлар ат құйрығының кесіседі. Шежірешілер сөзіне қарағанда, шанью, қааңлы лардың әдет-ғұрыпын мойындаудан бастартады да, ашу үстінде қаңлы бекзатының қызын өлтіреді, бұған қоса бірнеше атақты кісілерді, жүздеген қаймана халықты қырып салады, яки оларды далай өзеніне лақытырып тастайды. Бұл үшін Чжичжи қаңлы билеушісінің қосыннан қуылып таластың жоғарғы жағына кетеді, сол жақтан өзіне Шаһар сала бастайды. Чжичжидің күшейе түсуі және үйсіндерді дүрліктіріп, шапқыншылық жасай бергені қытай империяясының төзімі таусылды. Чжичжиді елшілік жолмен бейтарап қалдыру әрекетінен ештеңе шықпайды да, қытайлар соғысқа дайындала бастады.....
Ғұндар туралы деректер 1. Ғұндар туралы деректер, 2. Ғұндар қоғамының дамуы. Б.з.д. І мыңжылдықтың ортасында Алтай, Оңтүстік Сібір мен Шығыс Қазақстан территориясында «ғұн» деген атпен белгілі тайпа одағы қалыптаса бастады. Б.з.б. I мың жылдықтың екінші жартысынан бастап Байкалдан Оңтүстікке қарай және Ордосқа дейін созылып жа-тқан дала және шөлейт аудандарда қарабайыр мал шаруашылығымен шұғылданған, этникалық жағынан әр түрлі тайпалар көшіп жүрді. Солардың басты бір тобы б.з.б.....