Ғабиден Қожахмет | Аралдың жігіттері
Емтиханға дайындайтын ақылы курста бұдан өзге төрт жігіт оқыған еді. Бұл жігіттердің төртеуінің де жасы - бұдан ересек. Осы жігіттердің ішінде Аралдың жігіті мұны өзіне жақын тартады. Өйткені Аралдың жігіті екі сөзінің бірінде: "Маған Аралы не, Қазалысы не, бәрібір", - деп сөйлейді.
Аралдың жігіті кітап оқиды. Аралдың жігіті домбыра ұстайды. Жалдап тұрып жатқан пәтеріне барғанда, сол домбырасын алып сол кезде кең таралып жатқан "Көздеріңе ғашықпын" деген әнді салып отырады.
Бірде екеуі таныс қыздарды жатақханаларына дейін шығарып салғаны бар. Жатақхана жабылатын мезгіл болған еді. Қыздар бұлармен қоштасып ішке кірді. Жатақхананың аузында сол күнгі кезекшілікте бұларға таныс Қазалының қызы тұр екен. Есікке көлденеңдей үстел қойылған. Үстелдің аржағында Қазалының қызы, бержағында екеуі сол қызбен сөйлесіп тұрып қалды. Осы кезде ішке, сірә, қыздарына келген болу керек, төрт-бес жігіт кірді. Жігіттердің алдында келе жатқан өзін еркінірек, адуындылау ұстайтындығы байқалып тұратын төртпақ денелі, жауырынды келген жігіт әлгі үстелге қос алақанын қойған күйі асыла тұрды да: .....
Әңгімелер