Экономика | Қазақстандағы 1992,1995,2002 жылдардағы салық жүйесіндагі өзгерістер

Кіріспе
Салықтар – кез келген өркениетті мемлекеттің кіріс көзі. Әлемдік тәжірбие көрсетіп отырғандай салық пен несие қаржы жағынан реттеуді ұштастырып нарықтық экономиканы басқарудың анағұрлым тиімді түрі болып табылады. Салықтардың мемлекет қазынасын толтыруға бағытталған қызмет құралы ретінде орны өз алдына, уақыт өткен сайын оның шаруашылық салаларына ықпал жасауға және өндіріс пен ғылыми- техникалық прогрессті дамытуға ынталандыруға икемді экономикалық реттеуші тұрғысындағы маңызы айқын аңғарылады. Қазіргі жағдайда салықтардың маңызы мен рөлін мемлекеттік органдарды қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету шеңберінде ғана бағалауға болмайды. Макроэкономикалық реттеуде олардың маңызы барған сайын орта түсуде . Қазақстан тарихында тұңғыш рет Салық кодексі жасалғанда барлық маңызды сәттер барынша ескерілді. Салыққа қатысты заң актілеріне ортақ методалогиялық және тұжырымдамалық негіздері еліміздің аумағын да берегей салық тәртібін қолдануды және барлық салық қатынастарын реттеуді қамтамасыз етуде. Әлемдік тәжірбиеде қолданылып жүрген салық салу принциптеріне және республика экономикасының даму деңгейіне жете назар аударылды. Салықтардың саны қысқартылды, салықтың анағұрлым маңызды түрлеріне бірегей ставка белгіленді, бюджетпен есеп айырысу жеңілдетілді.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Қазақстанда жоғары технологиялы өндірістерді құру

Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі. Нарықтық экономикаға өту жағдайында, оның бастапқы сатысынан бастап өткізілетін ғылыми-техникалық шараларының маңызы зор. Кәсіпорынның ұжымы, олардың басшылары ең алдымен еңбектегі материалдық қызығушылыққа баса назар аударады. Қазіргі өндіріс ғылыми-техникалық революцияның өркендеу жағдайларын қолдану, соның ішінде өндірісті автоматтандыру арқылы дамып келеді. Өндіріс – бұл қоғамның дамуына және тіршілік етуі үшін қажетті материалдық игіліктердің жасалуы.Өндірістің мазмұнына сәйкес еңбек ету жағдайын келесі түрде анықтайды:
- орынды жұмыс немесе еңбектің өзі;
- еңбек заты, яғни адам еңбегі;
- еңбек (құрал-сайман) құралдары (машиналар, қондырғылар, құрал-саймандарды адам еңбек затының көмегімен жасап шығарады.)
Материалдық өндірістің нәтижесі соңғы өнімнің берілген тұтынушылық қасиетке ие болуы болып табылады.
Өндіріс – тұтынушылардың сұранысына, мұқтаждығына, талаптарына сай қасиеті бар түпкі өнімді шығаратын кәсіпорынның, фирманың басты орталық тізбегі. Өндірістік процесс – шикізаттан, материалдардан, жартылай дайын өнімдерден, қосалқы бұйымдардан қоғамдық тұтынушылықты қанағаттандыратын өнімді шығаратын жеке процестердің жиынтығы.......
Курстық жұмыстар
Толық

Педагогика | Оқушыларға патриоттық тәрбие беру әдістері

Тақырыбы: Оқушыларға патриоттық тәрбие беру «әдістері»
І. Кіріспе
Жерлесіміз ұлттық педагогиканы мұрат тұтқан Ш. Әленұлы «Педагогика кітабында»: «Патриоттық тәрбиені сабақ процесінде де, сабақтан тыс тәрбие саласында да үзбей беру керек. Ұлттық мектептің алға қойған ең негізгі мақсаты, маңызды міндеті де осы болмақ» деген еді.
ҚР - ның үздік білім беру жүйесінің тәрбие тұжырымдамасында басым бағыттардың бірі болып патриоттық тәрбиенің бекітілуі де бекер емес. Шынында да, ұлтқа деген сүйіспеншілігі жоқ адамнан адамгершілікті де, сұлулықты да, мәдениетті күтуге болмайды. Ендеше, патриоттық тәрбие - тәрбиенің басты бағыттарының бастауы десек, қателеспейміз. .....
Ғылыми жобалар
Толық

Бухгалтерлік есеп | ҚОРЛАРДЫ БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІ

КІРІСПЕ
ҚЕБХС (есеп берудің халықаралық стандарттары) сәйкес корлар екі өлшемнің ең кішісімен өзіндік кұнның және өткізудің таза құнымен бағалануы тиіс.
Қорлардың өзіндік кұнына қорларды қазіргі тұрған жеріне дейін жеткізуге кеткен шығындар мен өңдеуге, алуға жүмсалған шығындар кіреді. «Тауарлы-материалдық қорлар» есебі бухгалтерлік есеп стандарттарына (БЕС 7) сәйкес алуға кеткен шығындарға сатып алу бағасы, шеттен әкелу бажы, жабдықтаушы ұйымдар төлеген делдалдық (комиссиялық) сыйақылар, көліктік-дайындау шығындары мен қорларды алуға тікелей байланысты баска да шығындар (саудалық жеңілдіктер, артық төлеуді қайтару және т.б. осындай түзетулер алу шығындарын анықтаған кезде қоса есептеледі) кіреді.
7 БЕС 4 т. Сәйкес тауарлы-материалдық қорларды өткізудің таза құны әдеттегі іс-әрекет барысында қөзделетін сатуы алым бағасына тең минус сатуды ұйымдастыру мен жинақтап, құрастыру шығындары алынады. Басқаша айтсақ, (2 ҚЕБХС 25 т. сэйкес) егер қорлардың өзіндік құны өтелмейтіндей болса, өйткені қорлар бүлінген, толык немесе жарым-жартылай ескірген жэне соған сәйкес бағасы да төмендеген, сондай-ақ сатылым алдындағы әзірліқ немесе өткізуді іске асыруға арналып бағаланған шынғындар өсуі мүмкін болса, материалдар өткізудің таза қүны бойынша бағаланады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Анасының көлігін мінген қызылордалық жеткіншек 22 жастағы қызды қағып өлтірді

Қызылордада жасөспірім жаяу жүргіншіні қағып өлтірді. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Алмас Сәдубаев мәлімдеді Хабар 24-сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.
Жаңалықтар
Толық

Бюджет кодексі | Жергілікті бюджеттің мәні, кірістері мен шығыстары

Кіріспе
Жалпы мемлекеттік қаржылар.
Мемлекеттік қаржылардың жалпы сипаттамасы.
Қандай бір мемлекет болмасын оның қоғамдағы экономикалық қызметі ірілендірілген түрде мына функцияларға бөлінеді: - экономикалық дамудың қалыпты дамуына жәрдемдесетін құқықтық базаны қамтамасыз ету;
- монополиялық қызметті шектеу және бәсекелестікті қорғау; - табыстар мен байлықты қайта бөлу; - экономиканы тұрақтандыру; - ресурстарды қайта бөлу; Аталған функциялардың іс-қимылы тікелей немесе жанама түрде “қар- жы” категориясын пайдаланумен байланысты болып келеді; айтарлық- тай дәрежеде бұл байланыс мемлекеттің соңғы үш функцияларында кө- рінеді. Мемлекеттік қаржылар мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, саяси функцияларын орындау үшін оны қажетті ақша ресурстарымен қамтамасыз ететін елдің жүйесінің маңызды сферасы болып табылады және олар экономика мен бірге сан алуан өзара байланыстарды қамти- тын мемлекеттік сектордың өндірістік және әлеуметтік қатынастардағы іс-қимылмен байланысты. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Психология | Жеке тұлғаның бітістері

Тұлға туралы жалпы түсінік
Жаңа туған нәресте "адам" деп аталғанымен, "тұлға" деген атқа көпке дейін ие бола алмайды. Өйткені, кісі болып, ержету үшін бала оңы мен солын, өзінің "менің" басқа "мендерден", яғни басқа адамдардан ажырата білуі тиіс. Сондықтан да нәресте, сәби, бөбектерді кісі, тұлға деп айту қиын. Есейіп, ер жетіп, өз бетінше әрекет ете алатын адамды ғана кісі, не тұлға дейміз. Қандай да болмасын бір іспен айналысатын, азды-көпті өмір тәжірибесі, білімі мен дағдысы, икемі, дүние танымы, сенімі мен талғам-мұраты, бағыт-бағдары бар адамды тұлға деуге болады. Мінез, қабілеті бір сыдырғы қалыптасып үлгерген, өзінің іс-әрекетін тізгіндей білетін, өз бойындағы жаман-жақсы қылықтары үшіп жауап бере алатын адамды да кісі, не тұлға дейміз. Тұлғаның түрлері сан алуан. Оның жақсы, озық, ерен, топжарған түрлерімен қатар жауыз, керітартпа, бұзық, қасқай т.б. толып жатқан өкілдері болады. Мәселен, бүкіл әлемді қан қақсатқан Гитлер адамзатқа жаны қас жауыз тұлға.
Имандылықтың ерекше бір көрінісі халқымыз ерекше қастерлейтін кісілік ұғымы, тұлғаның аса өнегелі түріне жатады. Төл тілімізде "Он үште отау иесі" (қыз балалар үшін), "Он бесте отау иесі" (ұл балалар үшін) дейтін аталы сөз бар екені де хақ. Осы жасқа келгенде бал дәурен балалық шақ аяқталады. Бұл - өмір талабынан, ауқымы кең тыныс-тіршіліктен туындайтын құбылыс. Халқымыз кез келгенді кісі деп атай бермей, оны имандылық пен адамгершіліктің басты белгісі, ес жиып, етек жабу нәтижссінде біртіндеп қалыптасатын адамның азаматтық ар-ожданы, кісілік, кескін-келбеті, адамшылықтың өлшемі деп түсінген.....
Курстық жұмыстар
Толық

Информатика | Компьютерлік қосымшамен есептеу әдістері

Соңғы елу жыл ішінде ЭЕМ (электронды есептеу машиналары) даму дәуірінде көптеген өзгерістер болды. Алғашқы шамды ЭНИАК есептеуіш техникасынан бастап бүгінгі күні дербес компьютерлерге дейінгі ЭЕМ дамуын төрт сатуға бөлуге болады.
Бірінші сатыға бізге белгілі алғашқы сериалды шамды БЭСМ-1, “Стрела” есептеуіш машиналарынан бастап 60-шы жылдарға дейінгі ЭЕМ-дерді жатқызуға болады. Бірінші сатыдағы ЭЕМ-дер қатарына: БЭСМ-1, БЭСМ-2, Стрела, Минск-1, М-20 жатады. Бұл ЭЕМ-дер есептеу барысында бір секундта оншақты мыңдай амал орындай алаған.
Екінші сатыға – транзисторлы есептеуіш машиналары жатады (секундына 100 мыңдай амал орындайды). Екінші сатыдағы ЭЕМ-дер қатарына кіші есептеуіш машиналар (Минск сериалы) Урал типті машиналар және БЭСМ-6 жатады.
Үшінші сатыға - интегралдық жүйеге негізделген есептеуіш комплекстер жатады (секундына миллиондай амал орындайды). Осы сатының машиналары бірлесіп қызмет істей алатын немесе біріккен жүйенің ЭЕМ-дерді қатарына ЕС ЭЕМ (IBM 360/370) сериасымен жасалып шыққан есептеу комплекстері кіреді (секундына оншақты миллион амал орындайды).
ЭЕМ-нің қолданылатып жерлері өте көп. Олар физикалық процестерді модельдеу (мәселен, ауа-райын болжау), биологиялық процестерді зерттеу, автоматты түрде жобалау жұмыстарын жүргізу, вокзалдардағы анықтама бюросының қызметін атқару, автоматты түрде билеттерді сату жұмыстарын ойдағыдай атқарып келеді.
Қазіргі уақытта ғылыми техниканың дамудың жетістіктеріне сай, алдыңғы қатарлы ЭЕМ - өміріміздің әралуан саласында кеңінен қолданылуда. Осыған орай – ЭЕМ-да жұмыс істеу реттерін программа арқылы басқара алатын систематехника инженерлеріне сұраныс көп. ЭЕМ-сы мен арақатынасын қалыптастыруға керекті алгоритмдік тілдер: ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Кәспорынның кірістері мен шығыстары жалпы түсім мен пайда

Әрбір кәсіпорынның жиынтық көрсеткіші табыс түсімі болып табылады. Табыс дегеніміз — тауар өткізуден және қызмет көрсетуден алынған ақшалай кіріс пен оны өндіруге және сатуға жұмсалған шығындардың айырмасы. Былайша айтқанда, табыс — бұл өндірістің айналымының қаржылық қорытындысын білдіретін кәсіпорын кызметінің нәтижелі экономикалық көрсеткіші. Кез келген кәсіпорында жалақы ұжымға оның жұмсаған еңбегінің тек бір бөлігінің ғана орнын толтыратыны, ал оның басқа бөлігі — қосымша еңбек-қосымша өнім немесе құн жағынан алғанда, табыс құрайтыны осыдан келіп шығады. Мұнсыз жалпы тауар өндірісінің болуы мүмкін емес. Шынында да, сатқанша бұйым тек жумсалган шығынды ғана өтеп, ешқандай табыс келтірмесе, кәсіпорынға бұйым шығарудың қажеті не?
Бөлінбеген табыс кең мағынада табыс ретінде түтынуға пайдаланған жәнс еткен жылдардағы табысланбаған табыс кәсіпорынның қаржы орнықтылығын, кейінгі дамуы үшін қаржы көздерінің бар болуын дәлелдейді.
Кәсіпорындарда табысты үлестіру және пайдалану тәртібі оның жарғысында тіркеліп қойылады және оны кәсіпорын басшысы бекітеді. Тиімділік деп кәсіпорын қызметі тиімділігінің ең басты экономикалық көрсеткіші аталады. Оның екі түрі бар:
• кәсіпорынның тапқан табысының өндірістің негізгі және айналмалы қорларының құнына қатысы;
• кәсіпорынның тапқан табысының сатылған өнімнің озіндік құнына қатысы.
Кәсіпорынның қарауында қалатын барлық пайда екі бөлікке бөлінеді. Біріншісі — кәсіпорынның мүлкін көбейтеді және тұтыну процесіне қатысады. Екіншісі — тұтынуға пайдаланатын пайда үлесін сипаттайды. Сонымен, тутынуға багытталган барлық пайданы толық пайдаланудың қажеті жоқ. Мүлікті көбейтуге байлаиысты пайдаланбай қалған пайда қәлдығының үлкен маңызы бар және алдагы жылдардагы мүмкін болатын залалдарды, түрлі шығындарды қаржыландырудың орнын толтыруға бағытталады ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Кірістер мен шығындарды белгілеудегі критериялары мен әдістері

Қазақстан Республикасының банктері нарықтық экономика жүйесіне өтті. Тәуелсіздік алғанымызда құрылған банктер нарықтық экономикада жақсы жұмыс істеп, соның нәтижесінде пайда алу үшін көптеген әдістер іздестірді. Негізінде Қазақстанның банктерінің кірістері тәуелсіз алған жылдан бастап, қаіргіге дейін онша жоғары көлемде болған жоқ еді. Бірақ, соңғы жылдары, яғни 2003 жылдан бастап банктердің кірістілігі артуда. Оған дәлел болып келетін статистикалық мәліметтер.
Әрине әр бір банк белгілі бір кіріс алады, бірақ ол банктің қызмет атқаруына байланысты болып келеді. Неғұрлым өз қызметін жақсы атқарса, соғұрлым көп көлемде кіріс ала алады.
Кіріс- активтің көбеюі немесе несиелі қарыздың азаюы формасындағы есеп беру кезіндегі эканомикалық табыстың көбеюі. Яғни банктің өз қызметі нәтижесіндегі алған пайдасы.
Шығын- активті пайдалану немесе қарыздың көбеюі формасындағы есеп беру кезіндегі эканомикалық табыстың азаюы. Шығындар капиталдың азаюына да себеп болып табылады. Шығын -кірісті төмендету көзі.
Курстық жұмысымның өзектілігі банктің ең негізгі көздейтіні экономикалық пайданың алыну көздері және шығынның түрлерін анықтап, банктік кірістің, банктік дамудың әдістерін білу.
Курстық жұмысымның мақсаты банк қызметінде болатын кіріс көздері мен шығын түрлерін анықтау. Сонымен қатар, банк қызметінде болатын шығындар көлемін азайту жолдарын іздестіру және кіріс көздерін тауып, оны ұлғайту.
Тақырыптың міндеті осы қаржылық нәтижені анықтаудағы кірістер мен шығындар баптарының жіктелуін, топталуын байқап, есебін бухгалтерлік өткізбеде көрсетіп, банктің қаржылық нәтижесін талдап, баға беру. ....
Курстық жұмыстар
Толық