Тақырыбы. Қазақстандағы жалпы ұлттық өнім және оны есептеу әдістері. Негізгі екі бөлімнен тұрады: І. Жалпы ұлттық өнім, қор және ағын. ІІ. ЖҰӨ есептеу әдістері және дефляторы. Мақсаты: 1. ЖҰӨ туралы жалпы түсінігін 2. Аралық өнім және қосымша қосылған құнын 3. ЖҰӨ есептеу әдістерін 4. ЖҰӨ дефляторын Қарастыра отырып тақырыпты толық ашып, бір бірімен байланысын көрсету. Осыған сәйкес міндеті. Аталған тақырыпшалардың әрқайсысына жеке тоқталып, ашатындай толық түсіндіру. Ол үшін Қазақстандағы жалпы ұлттық өнімін есептеу әдістерін түсініп, біздің экономикада қалай реттеу керектігін білу қажет. ....
Қай халықтың болса да ең маңызды ескерткіші оның тарихы. Сол тарихымыздың орыс отаршылдығы және кешегі КСРО кезінде бұрмаланып келгендегі, ақтаңдақтардың болғандығы ақиқат. Сол ақиқаттардың ең үлкені-халқымыздың ұлт-азаттық жолындағы күресі еді. Өткенді білмесең-болашағың бұлыңғыр. Өткенді білу-бүгініңк сабақ, болашаққа бағдар. Өзіңнің тарихыңды тану-елдігіңнің, өскеніңнің айғағы. Біз өткені жоқ халық емес едік, бірақ та сол өткенімізді біле білмей келдік. Біз тарихы жоқ халық емес едік, бірақ та тарихымызды тани алмай келдік. Я, кешегі қызыл империя тұсында тарихымыз өрескіл бұрмаланып, өктем саясаттың құрбанына айналдық. Кенесары Қасымұлы бастаған халық көтерілісі туралы шындықтыбілгенімізден де білмегеніміздің көп болғаны соның айғағы екені анық. Халқымыздың небір заманды басынан өткергенін «елім» деп еңіреген қандай қасиетті ұл-қыздары болғанын білмей тұрып, өзіміздің кім екенімізді ұғамыз деу бекершілік екендігін ұқтық. Тәуелсіздік-бұл халық ұшін рухани азаматтық, ешқандай байлыққа айырбастауға болмайтын өлшеусіз бақыт. Міне осы Тәуелсіздік үшін Кенесары күресті, бар өмірін сарп етті. Қазақ елін біртұтас ел «Алаш» елі болса деп армандады. Тарихты әділ бағасын енді алып жатқан, арысымызды оқушыларға толық жеткізу мақсатында мен шығармашылық жұмысына Кенесарының ерлікке толы өмір жолын таңдадым. Мақсатым: Оқушыға бізге тәуелсіздікті қалай келгенін түсіндіру, оларды Отанын сүйетін, ер жүрек, ұлт жанды етіп тәрбиелеу. «Азаттың ащы дәмін, тәуелсіздіктің тәтті дәмін» татқан қайсар рухты Қазақ деген халықтың ұрпағы екендіктерін мақтанышпен айту. Кенесары батырдың туған жерінің азаттығы мен бостандығы үшін бар өмірін арнағнын оқушыларға жеткізіп, жастарды Отанға шын берілген азамат етіп тәрбиелеу. ....
Рухани құндылықтар мен дәстүрлердің өсіп келе жатқан жас жеткіншек ұрпақты, бүгінгі заманның көшіміне ілесе алатын буын, бітім-болмысы мықты, дүниеге өзіндік көзқарасы бар, атадан балаға мирас болып келе жатқан ақжарқын мінезі мен биік адамгершілік қадір-қасиеттерді бойына жинақтаған жаңы жомарт, ділі мен тілі таза азамат, жеке тұлға ретінде қалыптастыруда, қоғам өміріне бейімдеп, әлеуметтендіруде алатын өзіндік орны мен рөлі біршама. Осыған байланысты халықтық тәрбие көздерінің тарихи орны мен рөлін объективті тұрғыдан дұрыс бағалап, зерделеу бүгінгі таңда терең мәнді әлеуметтік маңызға, педагогикалық сұранысқа ие болып отыр. Себебі, өткеннің педагогикық мәдениетін білу, оны ой елегінен өткізу және пайдалану қазіргі жағдайларда жас жеткіншек ұрпақты тәрбиелеудегі әлеуметтік күрделі проблемаларды ойдағыдай шешуге жәрдемдеседі. Халық педагогикасы- ұлттық қазына, рухани дүние. Халық педагогикасы – қазақ халқының сан ғасырдан бері атадан балаға өлмес мирас болып келе жатқан тәрбие жөніндегі жинақталған тәжірибесі. Мұндағы бас тәрбиеші- халықтың өзі. Ол ұрпақтан ұрпаққа ауыса отырып, бірте-бірте қордаланып, кемелдене келе «халық айтса, қалт айтпайды» дейтіндей кем-кетіксіз, ақаусыз халық игерген тәрбие ұрпағын халықтық педагогика дәстүрлері мен тәжірибесін қазіргі педагогика ғылыммының теориялық-қағидаларын әдістемелік тәсілдермен қиюластыра байланыстырып, бірлікте пайдалануға айрықша мән беріп отыр. Халықтың ізгілік және адамгершілік тәрбие мұраттары негізіне алынған халықтық педагогиканың прогресшіл дәстүрлерін қайта өркендету аясында ғана білім беру мен тәрбиелеу мазмұнын жаңғырту процесі айрықша мәнге ие бола алады. Бұл мұраттарды орынды жәе мақсатты пайдалану жеткіншек ұрпақты туған жерге, еңбекке сүйіспеншілік, үлкендері сыйлау, әр түрлі ұлттар мен ұлыстар өкілдерін құрметтеу және олармен шын пейілді қарым-қатынас жасау, табиғатқа аялап қарау рухында тәрбиелеуде жәрдемдесе алады. «Халықтық педагогика, мектептік оқыту мен тәрбиелеу процесінде жеткіншек, жас ұрпақтың бойына белгілі бір ұлттың ғасырдан ғасырға, атадан балаға мирас болып қалып келе жатқан өзіндік ұлттық қадір-қасиеттерін, ұлттық сана-сезімі мен психикалық ерекшеліктерін, салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын, жөн-жоралғыларын, ұлт мәдениеті мен өнерін, көркем әдебиеті мен фольклорын, т.с.с. сіңіру үлгі-өнегесі, бір сөзбен айтқанда, адам баласына жұғысты барлық адамшыл қадір-қасиеттер рухында баланы тәрбиелеуде қолданатын тәлімдері». ....
Жаңа қоғамдағы негізгі стратегиялық фактордың өмір сүруі, жаңа ақпараттық технологиялардың дамуы ғылыми және практикалық тапсырмаларды орындауда бәрімізге жақсы белгілі. Ақпараттық қоғамға өту ақпараттардың көшкін бейнелі көлемінің өсуімен сипатталады. Өте қарқынды дамып отырған ақпарат технологияларын география ғылымының көптеген салаларымен маңызды мәселелерін қамтиды. Геоақпараттық жүйе негізінде ақпараттық – бағдарламалық кешен, мәліметтерді қайта өңдеу, кеңістіктік – координаттық байланыстыру, тарату және көрсетіліп жатыр. ГАЖ-құрамына жинау, берілу, сақтау, өңдеу жəне теория туралы мəлімет алу жүйесі кіретін компонент жүйесі. Жиналатын, сақталатын, ізделінетін жəне мəліметтердің реттеліп өзгертілуін кеңістікте анықтайтын жүйе, талдау жəне кеңістікте анықталған мəліметтерді басқару тəсілі. «Табиғаттардың əсерініің аумақтық астарында жəне қоғам жайындағы білім жүйелерінің сақталуы жəне іздеу, қорытынды, үлгілеу жəне т.б. функциаларды үлгілейтін бағдарламалық қамтамасыз ету» ЭЕМ-нің автоматты құралдарының комегімен шығады. Нəтижені реттеп, өзгерту жəне шешім қабылдауға көмек ретінде географияның анықтамалары келеді. Маліметтердің қорытындысы реттелетін жəне талдаумен қамтамасыз етілетін ақпараттық жүйе.Адамдардың географиялық қолдануында жəне оның практикасы кезінде ыңғайлы,ақпараттық өңдеулер мақсатындағы мəліметтерді жинау,беру,нəтижелеу жəне өңдеуде іске асатын техникалық жəне ұйымдастыру тəсілдерінен тұратын жүйе.....
Әрбір кәсіпкерлік қызметтің басты мақсаты пайда табу болып табылады. Бухгалтерлік есептің ең басты атқаратын қызметі-есептемеде банктің кірісінің жеткіліктігімен немесе кірісі мен шығынын белгілеу. Табыс-бұл шаруашылық қызметті жүргізу нәтижесіндегі капиталдың көбеюі, толық шығынды алып тастағандағы жалпы табыс. Есепшілер «бөлінбеген немесе таза кіріс» деген терминді қолданғанды жөн көреді. Таза кіріс =кірістер-шығындар Егер де шығын кірістен көп болса, онда жабылмаған зиян туралы әңгіме қозғалады. Кіріс- активтің көбеюі немесе несиелі қарыздың азаюы формасындағы есеп беру кезіндегі эканомикалық табыстың көбеюі. Яғни банктің өз қызметі нәтижесіндегі алған пайдасы. Шығын- активті пайдалану немесе қарыздың көбеюі формасындағы есеп беру кезіндегі эканомикалық табыстың азаюы. Шығындар капиталдың азаюына да себеп болып табылады. Шығын -кірісті төмендету көзі. Кірістер банктің өмір сүру құралы болып саналады. Оларсыз табыс жоқ, табыссыз банк жоқ. Кірістер негізгі және негізгі емес қызметтен болған кірістер болып бөлінеді. Кіріс пен шығынның құрылымы және табыс есебінің реті Ұлттық Банкпен анықталады. Бухгалтерлік есептің қағидалары баптарды субъектінің қаржылық есеп беруіне қосылатын процессін мойындау болып табылады. Кірістер мен шығындарды белгілеудегі критерийлары келесідей: - баға беруге қолданылады. - кіріс пен шығын анықталады (кіріс пайда алу кезінде көзделеді, ал шығын активтің дұрыс орналаспауында белгіленеді) Келісім-шарт толық орындалған кезде ғана кірістер мойындалады. Активтер болашақ зканомикалық табысты ұстап қалмаған жағдайда шығындар мойындалады. Кірістерді мойындаудың басты критерийларының бірі- сатушы сатып алушыға тәуекелдерді және сатылған өнімнің меншіктік құқығынан сый ақының бергендігінде. Сатушы оларды өзіне қалдырса, бұл мәмлені сату деп есептеуге болмайды. Өнімді сату кезінде кірістер мен шығындардың белгілену қағидалары қолданылады, егер де кіріс белгіленсе: - берілгенге дейін - берілу кезінде - берілгеннен кейін Өнімді бергенге дейінгі белгіленген кіріс Бұл екі әдіс бойынша жүзеге асырылады: 1.Келісімнің аяқталуы, яғни келісім біткен кезде барлық шоттары жабылады, оның ішінде кірістер мен шығындар шоттары да. 2.пайыздың аяқталуы кіріс, шығын, жалпы табыс әр есеп беру кезінде белгіленеді. Берілу кезіндегі кірістер Бұл негізінде өнім мен қызметті беру кезінде орындалады. Келісім-шартты орындау және түсім алу мүмкіншілігі кірістің белгілеуі бойынша осы сәтте орындалады. Берілгеннен кейінгі кіріс Мұнда екі әдіс қолданылады: бөліп төлеудегі сатылым және шығындардың орнын толтыру. Бірінші жағдайда сату кезінде емес, ақшаны қолға алған кезде ғана кіріс белгіленеді. Екіншісі кіріс белгіленбеген жағдайда қолданылады. Қызмет көрсету бойынша белгіленген кірістер мына әдістермен жүзеге асырылады: - нақты орындаулар (бір операцияны орындағаны үшін алынған кірістердің есебі үшін қолданылады). - пропорционалды орындаулар (көп сатылы қызметтерден белгіленген кірістер үшін қолданылады).....
Цитология-клеткалардың құрылысын, атқаратын қызметін, дамуын зерттейтін ілім. Грекше kytos-клетка, logos-ілім деген мағынаны белдіреді. Цитология-анатомия, гистология, физиология, эмбриология, генетика, биохимия т.б ілімдерімен тығыз байланыса келіп, клетка физиологиясы, цитохимия, цитогенетика, цитоэкология, салыстырмалы цитология сияқты өзінің төл тармақтарын туындатты. Цитологияда негізгі қолданылатын әдістердің бірі-клеткалар мен ұлпаларды әртүрлі микроскоптар арқылы зерттеу. Микроскоптар арқылы арнайы тәсілдермен дайындалған гистологиялық және цитологиялық препараттар зерттеледі. Сондықтан, ең алдымен сол препараттардың қалай жасалатындығын қарастырайық.
Микроскоптың оптикалық жүйесі. Микроскоптың оптикалық жүйесі конденсор, объектив және окулярдан тұрады. Микроскоптың айнасына түскен жарық сәулелері конденсорды жиналып объектке (кесіндіге) түседі. Объектен өткен жарық сәулелері объективтің линзаларына түсіп одан кейін окулярда жиналады. Объективтің линзаларында алғашқы улғайған көрініс пайда болады. Алғашқы көрініс окулярдың линзасына түсіп тағы да үлкейеді. Микроскоптың көрсету қабілеттілігі объективке байланысты. Зерттелген объектіге екі нүктесі әрқайсысы анық көрініп тұрса, сол нүктелердің арасындағы ең кішкене қашықтығы микроскоптың көрсету қабілеті болып саналады. Объективтің көрсету қабілеттілігі нашар болса екі нүкте бір-бірімен қосылып, бір нүкте сияқты болып көрінеді. Жарық толқынның ұзындығы неғұрлым қысқа болып, ал активтің апературасы жоғары болса, соғұрлым микроскоптың көрсету қабілеттілігі артады. Әдетте жарық микроскоптарда спектердің көрінетін аймағы пайдаланылады (400-700 нм). Сондықтан микроскоптың көрсету қабілеттілігі 200-350 нм (0,2-0,35 мкм) артпайды. Егер де спектрдің ультракүлгін бөлігі қолданылса, онда көрсету қабілеттілігін 130-140 нм (0,13-0,14 мкм) дейін жеткізуге болады.....
Қызыл крест пен Жарты ай ұйымдарының халықаралық федерациясы: қазіргі таңда климаттық өзгерістер - әлемдік қоғамға ең үлкен қауіп төндіруде,-деп ескертті. Германия ақпараттық агенттігі Женевадан мәлімдеуінше, Қызыл крест пен Жарты ай ұйымдарының халықаралық федерациясы кеше дүйсенбі: Ауа-райы және климаттық өзгерістер салдарынан табиғи апаттардың көбеюі, бұл федерацияның гуманитарлық бағдарламаларды орындауында күрделі кедергі болып отыр,-деп жариялады. Қызыл крест пен Жарты ай ұйымдары халықаралық федерациясының бас хатшысы Марко Нисколо: зерттеулер бойынша, ауа-райы өзгерістері мен ірі мұздықтар еруінің мысалдары, су ресурстарына қауіп төндіруде және алдағы жылдары ауылшаруашылық саласына шынайы зияндар тимекші,-деді. "Соңғы жылдары жер шарының жылуы да малярия тәрізді аурулардың кең таралуына себеп болды, осыған орай гуманитарлық ұйымдар алдын-алу жұмыстарын жүргізулері тиіс",-деп қосты. Климат өзгерісінің себебі –адам баласы Экологтар адамдардың ыстық ауа толқындары, жауын-шашын және тропикалық дауылдардың қалыптасуына әсер еткенін мәлімдеді. Бүкіл дүние жүзіне әсер еткен жаһандық жылынудың ықпалдарын зерттеген ғалымдар адам баласының климат өзгерісіне ешқашан бүгінгі күнгідей көп әсер етпегенін ортаға шығарды. Түрлі елдерден көптеген экологтың ортақ туындысы «Proceeding of the National Academy of Science» атты журналдың интернет бетінде жарияланды. Аталмыш мақалаға қарағанда, адамдар ыстық ауа толқындары, жауын-шашын және тропикалық дауылдардың қалыптасуына көптеп әсер етті. ....
Инвестициялар бірнеше түрге бөлінеді: венчурлық, тікелей, портфельдік, аннуитеттік түрде болады. [Қосымша А] Венчурлық капитал - бұл тәуекелділік күрделі қаржыны салуды білдіруде қолданылатын термин. Венчурлық капитал үлкен тәуекелділікпен жаңа іс-әрекет саласына салынатын инвестиция. Мысалы, жаңа акцияларды шығару түрінде. Венчурлық капитал өзара байланыстары жоқ жобаларға салынады да, салынатын қаржының тез арада орнына келуіне есептеледі. Күрделі қаржының жүзеге асуы, кәсіпорның клиенттердің акцияларының бір бөлігін сатып алу арқылы немесе оған қарыз беріп, оның ішінде ол қарыздарын акцияға айналдыруымен жүргізіледі. Капиталды тәуекелділікпен салу жаңа технологияны енгізген ұсақ инновациялық фирмаларды қаржыландыру қажеттілігінен туады. Тәуекелділік капиталға әртүрлі капитал түрлерін үйлестіре береді: қарыздық, акционерлік, кәсіпкерлік. Ол сондай-ақ ғылыми-өнертапқыштық фирмалардың-венчурлық деп аталатын құрылуына деддалдық жасайды. ....
Стерильділік деп тіршілікке қабілетті микроағзалардың жоқтығын түсінеді. Стерильділікке сынаудан өткізу стерильділіктің кепілі бола алмайды, ол өндірістік валидациялау үрдісімен тиісті түрде қамтамасыз етілуі тиіс. Стерильдеудің таңдалған процедурасының өнімге әсерін зерттегенде (контейнерлер мен тығындайтын заттарды қоса алғанда), оның тиімділігі дәлелденуі, сондай-ақ тұтастығының сақталуы маңызды. Стерильдеу әдістері: Соңғы стерильдеу Бумен стерильдеу (автоклавирлеу) Құрғақ қыздырумен стерильдеу Радиациялық стерильдеу Газбен стерильдеу Сүзу
Дайын дәрі-дәрмектер стерильділігін сақтау үшін өндіру үрдісі барысында мыналарға ерекше көңіл бөлінуі тиіс: • Қоршаған орта күйіне; • Қызметкерлерге; • Кризистік беттерге; • Контейнерлер/тығындайтын заттардың стерильділігіне және жүргізілген процедураларға; • Контейнерді толтырғанға дейінгі дәрі-дәрмекті сақтаудың шекті уақытына; Көзбен қарағанда микроағзалар өсіндісі байқалмаса, дәрі-дәрмек стерильділікке сынаудан өтті деп есептеледі. Егер сынау нәтижесінің шынайы еместігі зерттелетін дәрі-дәрмекпен байланыссыз себептерден туындағаны дәлелденбесе, микроағзалар өсіндісінің болуынан дәрі-дәрмек стерильділікке сынаудан өтпеді деп есептеледі. Егер төменде келтірілген жағдайлардың біреуі немесе бірнешеуі орындалса, сынау нәтижесі шынайы емес деп есептелуі мүмкін. А) стерилділікке сынау жүргізу барысында қоршаған ортаны микробиологиялық бақылағанда қанағаттанарлықсыз нәтижелер алынса; Б) сынау жүргізу барысында кеткен қателіктер анықталса; В) теріс бақылауда микроағзалардың өсуі байқалса; Г) дәрі-дәрмектерден бөлініп алынған микроағзаларды идентификациялағаннан кейін осы түрдің немесе түрлердің өсінді беру себебі стерильділікке пайдаланылған материалдар немесе техникалық амалдар екені толық дәлелденбесе. Егер сынау нәтижелері қанағаттанарлықсыз деп танылса, оны үлгілердің бастапқыдай мөлшерімен қайталайды. Егер қайта сынау нәтижесінде микроағзалар өсуі байқалмаса, дәрі-дәрмек стерильділікке сынаудан өтті деп есептеледі. Егер қайта сынау нәтижесінде микроағзалар өсіндісі байқалса, дәрі-дәрмек стерильділікке сынаудан өтпеді деп есептейді. ....
Батысевропа экономистерінің түсінігі бойынша дағдарысты басқару менеджменті кәсіпорынның өмір сүруіне аса қажет қызмет. Бұл қызмет «кәсіпорындағы келеңсіз жағдайды жақсарту үшін, әр түрлі әдістер мен құралдарды қолданумен» түсіндіріледі. Хаберландтың ойынша, бұл арада көңілдің барлығы нақты уақыттағы, қысқа мерзімді келеңсіз жағдайларға ауады. Кей авторлардың ойынша, бұл жағдайдың оңжақтары бар, яғни кәсіпорын қызмет бабына басқа өзгерістер еңгізуге тырысады. Нәтижесінде бұрыңғысынан да зор жетістіктерге жетеді. Дағдарысқа қарсы басқару уақыттық сипатқа ие. Біріншіден, жобаны құрастыру үшін кіретін барлық іс-шаралар және дағдарысты болу кезінде, бәсеңдететін, тоқтататын шараларды жүргізу және т.с.с. Екіншіден, Коппаның айтуы бойынша дағдарыстың профилактикасы мен терапиясын жүргізу қажет. Бұл дағдарысты басқарудың ауқымды, кең мәні. Бұл ойды Янике келесі дағдарыстық басқару түрлерімен толықтырады. Яғни, олар «дағдарыстық жедел менеджмент», «превентивті (ескертпелі) дағдарыстық менджмент» немесе «антиципативті дағдарыстық менеджмент». «Дағдарысқа қарсы менеджмент» анықтамасы, бұл кәсіпорында-ғы базалық өзгермелі шамаларды сақтау үшін жоспарлар мен жүргізі-летін шаралар. Өтімділік, табыс немесе айналым құралдары сияқты, базистық өзгермелі шамаларды сақтау үшін «дағдарысты жедел басқару» шарасы жедел қысқа уақыт ішінде нақты, анық мақсаттар қояды. Мысалға, нақты уақытта өтімділікті немесе табыстылықты мақсат еткен деңгейге жеткізу. Бұл басқаруда, уақыт аз болу себепті тиімді концепция ойлап табу қиындық тудырады. Ал «антиципативтік» әдіс, керісінше жалпы мақсаттармен жұмыс істейді. Антицепативтік қатынастар ұзақ мерзімді менеджмент, ол саланың барлық жағын қамтуы мүмкін. Бұл дағдарыстық кезеңді өту үшін өткен уақыт экономистері өз әдіс, тәсілдерін қолданысқа еңгізген. Бұл Сонымен, дағдарысты қабылдаудың екі концепциясы бар: 1. сақтауға бағытталған – дағдарыстық қатынас. Бұл арада дағдарыс кедергі және қауіп ретінде қарастырылады. Бұл дағдарыс, жауапты тұлғалардың дағдарыстық жағдайды қауіп ретінде қабылдамаудан пайда болады. 2. жаңаға бағытталған – дағдарыстық қатынас. Бұл арада дағдарыс, өндіріс орындарында жаңартпаның қажет екенін көрсетеді. Дағдарыс дұрыс қойылмаған бағыттардан, ережелерден босатады. Соңында, дағдарысқа апарған, жағдайдың өзгеруіне әсер еткен шарттар позитивті шарт болып танылады. Бұнда дағдарыспен күресудің негізінде, кәсіпорынның құрылымын жаңа бағытта өзгертуді көздейді. Бұл концепцияларды таңдау барысында, дағдарысты басқарушы нақты алдына, өз қабілетіне және өндіріс деңгейіне сай жолды таңдауы қажет. Себебі, бұл дағдарыстың оң не теріс болуына негізі әсер етеді. Дағдарыстық жағдай тек кәсіпорынның төлем қабілетсіздігімен ғана емес, сонымен бірге несие беруші мен иегерлердің мүдделерін ескермеумен сипатталады. • инвестициялық құралдарды меншік капиталға салу тиімділігін анықтағанда альтернативалық мүмкіндіктерді ұмытпау керек; • реструктуризация концепциясы, қаржылық жүзеге асу және тәуекелді ескере отырып жүргізілуі қажет. Нарықтық экономикада дағдарыстық жағдайлар бүкіл жүйеде, кейде тек жекелеген субъектілерде болады. Көп жағдайларда жүйе ретке келтіретін механизімдерді өздігінен шығарады. Ондай механизмдердің біріне корпоративтік реструктуризация жатады. Жалпы қабылданған теорияға сай, оған өндірістегі кез – келген өзгерістер жатады. ....