Экономика | Халықаралық еңбек бөлінісі

Кіріспе
Халықаралық еңбек бөлінісі халықаралық тауар айырбасының объективті негізі; мемлекеттердің экономикалық даму деңгейіне, қоғамдық құрылымына қарамастан, саудада, ғылыми-техникалық салада, ғылымда, тұрмыс қажетін өтеуде, өндірісік дамуда т.б. көптеген ынтымақтастықта бір бағытта бірлесе дамуға жұмылдырады.
Халықаралық шаруашылық байланыстарының типі XIV-XV ғысырда пайда бола бостады (орта ғасырда). Әрине, ондағы тауар айырбасы қарапайым түрде еді.
Дүниежүзілік шаруашылық көптеген жылдар бойы екі қарама-қарсы системаның бір-біріне қайшылықтары салдарынан (саяси құрылымы жағынан) ұзақ уақыт бойы бір жүйеге түсе алмай жүрді. Социалистік лагерь өз бетінше, ал экономикалық байланыста капиталистік елдер өзінше дамыды.
Сонымен, халықаралық еңбек бөлінісі – мемлекет ішінде және мемлекетаралық еңбектің даму қорытындысы болып табылады. Еңбек бөлінісі- ол нақтылы еңбектің бөлінуі. Еңбек бөлінісі-оны бөлшектеу және қайта жинақтау. Өндірістік процесс жеке фазаларға және стадияға бөлінеді, одан кейін бір аймақта жинақталады. Ол жеке өз алдына кәсіпорын болуы және де аймақтық-өндірістік кешен болуға ықпал етеді. Еңбекті бөлудің түпкі мақсаты -өнім шығарудың әдісі, яғни халықаралық еңбек өнімін өсіруге саяды. Халықаралық еңбек бөлінісі- өндіріс тиімділігін асыру мақсатындағы, қоғамдық еңбектің шығынын үнемдеуде өндірістік күшті тиімді пайдаланудың негізгі құралы.....
[right][/right]
Курстық жұмыстар
Толық

Филология | Мемлекеттік тілдің бүгінгі таңдағы көрінісі

Кіріспе
Жұмыстың жалпы сипаттамасы: Тіл – қоғамдық құбылыс. Ол адам баласының ғана келбетін, даму сипатын көрсетіп қоймайды, сонымен бірге қоғамның да ілгерілеуін, алға қадам басуын, көркеюін көрсетеді. Тіл – адам баласының ғана емес, ұлттың, халықтың, қоғамның болмысын көрсететін құбылыс. Адамзаттық құндылықтар қатарында тіл – ғылымнан да, мәдениет пен өнерден де бұрын аталады. Ғылым да, мәдениет те өнер де материалдық игіліктер де, саясат та тілдің қатысуымен жасалады. Тілдің адамның жан – дүниесіне өлшеусіз әсер ете алатын құдіреті саяси тетік ретінде ертеден – ақ пайдаланылған.
Ғалым – ұстаз Ш. Бектұров тілдің қызметі туралы төмендегідей ой – пікір айтады: «Жалпы тілдің қоғамдық қызметімен қатар, ойды жарыққа шығару қасиеті де бар. Әрбір адам өз ойын басқа біреуге тіл арқылы айтып жеткізеді, біреудің ойын тіл арқылы түсінеді. Сонымен тілге анықтама беруде, тілдің әлеуметтік, яғни адам қоғамына қызме етуі және ойлаудың, ойды жүзеге асырудың құралы екендігі негізге алынады. Тілдің қатынас құралы болу қызметін қарым – қатынас коммуникативтік қызметі десе, ал оның ойды жүзеге асыру қызметін көркемдеуші, бейнелеуші экспрессивтік қызмет дейді».
Тілдің бұл екі қызметі – қарым – қатынас коммуникативтік қызметі мен көркемдеуші бейнелеуші экспрессивтік қызметі - өзара бір – бірімен тығыз байланысты, бірі екіншісін тудыруға себепкер. Мысалы, басқа тілді үйрену үшін адам, ең алдымен, сол тілде сөйлейтін адамдармен қарым – қатынас жасау әрекетін бастайды. Әбден үйреніп алғаннан кейін ғана сол тілде ойлап, ойын жарыққа шығарудың құралына айналдырады.
Әрбір құбылыстың өзінің шығу және даму тарихы болатыны тәрізді тілдің де шығу тарихы бар. Кейбір тілдер ерте туып, бірақ кейіннен келе – келе қолданудан шығып жатса, енді бірқатары ілгері басып дамиды. Осындай қолданудан шығып қалған тілдерді өлі тілдер немесе көне тілдер деп атайды.
Бүгінгі таңда, күнделікті өмірде қолданылып жүрген тілдерді тірі тілдер немесе қазіргі тілдер дейді. Әр мемлекеттің өз ішінде көбірек қолданылып, мемлекеттік маңызы бар іс қағаздары негізінен осы тілде жүргізілуі тиіс тілдерді – мемлекеттік тіл дейді. Мәселен, бұған қазіргі қазақ тілін жатқыза аламыз.
Бітіру жұмысында қазақ тілінің әлеуметтік қырлары, қолданылу аясы кеңінен сөз болады. Қазақ тілінің саласында тер төгіп жүрген ғалымдардың нақты тұжырымдарына сүйене отырып, мемлекеттік тілдің заңдық тұрғыда қолданылуын бағдарладық.
Жұмыстың көкейкестілігі: Мемлекеттік тіл тақырыбы қазіргі таңда ең өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Өйткені мемлекеттік тіл – біздің бүкіл халқымыздың ортақ тілі, тарихы талай ғасырлардан бері келе жатқан құбылыс. Мемлекеттік тіл бірақ дәл қазіргі кездегідей бұрын – соңды мүшкіл халді бастан өткеріп көрмепті. Ана тіліміздің бүгінгідей жағдайға түсуі қазақ халқының ұлттық, отаншылдық сана – сезімінің қандай деңгейде екенін көрсетеді. Бірақ мемлекеттік тілдің құлдырауы бұлай жалғаса беретін болса, қазақтығымызды, елдігімізді мүлде жоғалтарымыз ақиқат. Сондықтан бұл жұмыстағы негізгі ой қазақ тілінің өткір мәселелерін жан – жақты ашып талдау болатын.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қазақ тілі | : Ұлттық әшекей бұйымдардың тілдегі көрінісі.

КІРІСПЕ
Жұмыстың өзектілігі. Тіл – адамзат қоғамының белгілі бір кезеңінде туып, заңды түрде дамыған семантикалық жүйе. Тіл – адамзаттың бір-бірімен пікірлесуін, сөйлесуін қамтамасыз ете келіп, тілдік қарым-қатынасты іс жүзінде асырады.
Әлем бейнесінің небір құпия сырларын ұғынып түсінуге әрқашан қадам жасаған әрбір этностың ғасырлар бойындағы жеткен жетістіктері бүгінгі күнге жеткен мол қазына. Әр алуан халықтардың әлем күмбезін өзінше жүйелеп, өзінше жобалап, қияли-ой құдіретімен бейнелеуге талпынған жалпы кеңістік пен уақыт туралы танымы, наным-түсінігі, сенімі қазіргі антропоцентристік және этноцентристік ұстанымдардың өріс алып отырған тұсында өзекті мәселелердің біріне айналуда. Адам баласының өзіндік субъективті пікірі мен теориялық ойлау қабілеті күллі тіршілік-тынысының, мән-мағынасы ретінде көрінетін біртұтас таным үрдісі арқылы ғана дүние сырын жете ашуға мүмкіндік алады. Жаңа дәуір – XXI ғасырға аяқ басқан тұста мейлінше жетілген, кемеліне келген ғылым мен өркениет рухани жүдеуліктен бас тартып, халықтың ішкі рухының берік сақтаушысы – тіл мен мәдениетке арқа сүйеуді мақсат етіп отыр.
Лингвистика тілдің белгілі бір дәуірдегі статикалық қалпын да, әр дәуірді қамтитын динамикалық күйін де зерттейді. Тілдің тарихи дамуы, диахрондық қалпы сол тілді туғызған, оны қатынас құралы ретінде қолданған қоғам табиғатымен тығыз байланыста қарастырылады. Осы тұрғыда тіл білімінде халықтың рухани және материалдық мәдениетінің шындық- болмысын тілдік жүйе арқылы анықтайтын – лингвомәдениеттану саласы қалыптасқан.
Табиғи шындық, ой мен сана тіл формасы түрінде іске асатын болғандықтан, адамзаттың таным үрдісі, өзін қоршаған дүние әлемді, ғарыш пен кеңістікті қабылдауды тілде қалай көрінеді деген мәселені ғылым ескерусіз қалдыра алмайды. Мәдениет пен тілдің ара жігі туралы алғаш сөз еткендердің бірі, американдық ғалым Эдуард Сепирдің пікірінше, "мәдениет – халықтың ойлауының, іс-әрекетінің көрінісі, ал тіл – қалай ойлаудың көрінісі".
Тіл мен мәдениет – бір-бірінен ажырамайтын екі бірдей әлеуметтік құбылыс. Қоғамның өзі адамнан, ал адами жеке тұлғаның қалыптасуы тіл мен мәдениет бірлігінің тұтастығынан тұрады. Әр ұлт өз мәдениетін, ұлттық болмысын және тұрмыс тіршілігінің бейнесін тілінде сақтайды, тілі арқылы келер ұрпаққа жеткізеді. Тіл – мәдениеттің жемісі және оның құрамды бөліктерінің бірі, мәдениеттің қолданылуының бірден-бір шарты.
Қазақ тіл білімінде тілдік бірліктердің этнолингвистикалық табиғатын зерттеу – бірнеше ғылым түрлерінің басын біріктіретін күрделі, ерекшелегі мол зерттеу салалрының бірі. Әлем бейнесінің небір құпия сырларын ұғынып түсінуге әрқашан қадам жасаған әрбір этностың ғасырлар бойындағы жеткен жетістіктері бүгінгі күнге жеткен мол қазынасы – тілдік бірліктердің этнолингвистикалық сипатын айқындаудың, яғни қазақ тіл білімінде этнолингвистикалық зерттеулердің қазіргі жағдайы, кейбір лексика-семантикалық топтар этномәдени семаникасының жүйелі ғылыми-теориялық тұжырымдамасын жасау қажеттігін дәлелдейді.
Диплом жұмысы тілдің мәдени лексикасындағы әшекей бұйым атауларының тілдегі көрінісін лингвомәдени, этнолингвистикалық аспектіде қарастыруға арналған.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Психология | Адамның жеке басының мінез-құлқындағы көрінісінің психологиялық тарихы

Сыртқы бейнесі мен түр-тұлғасы жағынан адамдар біріне - бірі ұқсас болғанымен, мінез-құлқы, темперамент ерекшеліктері, қабілеті мен икемділігі жағынан олардың әрқайсысының өзіндік даралық қасиеттері болады. Табиғатта жеке дара ерекшеліктерімен сипатталатын үш түрлі нәрсе бар. Оның бірі – бір түп ағаштағы 200 000 – ға жуық жапырақтың бедері жағынан бір-біріне ұқсамай, даралық өзгешілігімен көзге түсетіндігі; екіншісі – темпераменті, мінез-құлқы жағынан бірдей екі адам болмайды; үшіншісі – дүние жүзіндегі 6 млрд. адамның әрқайсысының саусақ бедері біріне-бірі ұқсамайды. Осы деректер табиғаттағы кемелденіп жетілген ақыл-ой иесі – адамның өзіндік қасиеті мен ерекшелігін білдіреді.
Әрбір кісінің жеке басына тән дара өзгешіліктің бірі – осы темперамент. «Темперамент» сөзінің шығу тегіне тоқталар болсақ, «красис» деген грек сөзін латынша – темпераментум дейді. Мұндай атаудың мәні нәрселердің не заттардың мөлшер шамаластығы деген түсінікті білдіреді. Бұл өзгешілік – ең алдымен, адамның эмоциялық сезіміндегі және жүріс-тұрысы мен қимыл-қозғалысындағы, сөйлеген сөзіндегі, өзге адамдармен қарым-қатынасындағы ерекшеліктері. Сөйтіп, біз темпераментті жүйке жүйесінің табиғи типтік қасиеттеріне тәуелді, жеке адамға тән дара өзгешілік деп білеміз. Адамның мұндай өзгешілігінің сыр-сипатына зерттеуші-ғалымдар ерте замандарда-ақ айрықша мән берген. Адамның осындай өзгешілігінің мәнін ашуға алғаш көңіл аударып, еңбек жазған – ертедегі грек жұртының дәрігер ғылымы Гипппократ (б.з.д. 460 – 356 жж.) болды. Ол өз шәкірттерімен бірге организм өзгешіліктері денедегі «тіршілік шырындарына» байланысты деп санады. Яғни, олардың пікірінше, денені жылытатын – қан, салқындататын – сөл, құрғататын өт, дымқылдандыратын – қара өт. Бұлар бірімен –бірі белгілі бір пропорциялық қатынаста болады. Осы заттар қатынасының қай мөлшерде екендігіне қарай әрбір адамның өзіндік даралық өзгешілігі болады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Қаржы | Ақша қаражаттарының қоры қаржы қатынастарының материалдық заттық көрінісі ретінде

Рыноктық қатынастар құрылымында да мемлекет тарапынан оларды реттеу механизмiнде қаржы зор рөл атқарады. Қаржы – нарықтық қатынастардың құрамды бөлiгi және мемлекеттiк саясатты жүзеге асырудың құралы. Бұл орайда қаржының әлеуметтiк-экономикалық мәнiн түсiне бiлудiң, оның iс-әрекет етуiнiң ерекшелiктерiн терең ұғынудың, Қазақстан экономикасын ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғұрлым толық және ұтымды пайдаланудың әдiстерi мен амалдарын көре бiлудiң маңызы зор.
Ал өз кезегінде қаржы – ақша қатынастарының ажырағысыз бөлігі, ол әрқашан экономикалық жүйе шеңберінде қоғамдық ұдайы өндірістің түрлі субъектілері арасындағы бүкіл ақша қатынастарын емес, тек айрықша ақша қатынастарын білдіреді, сондықтан оның рөлі мен маңызы экономикалық қатынастарда ақша қатынастарының қандай орын алатындығына байланысты.
Қаржы механизмi арқылы мемлекет өзiнiң саяси, экономикалық және әлеуметтiк сфералардағы көптеген қызметтерiн атқаруға қажет ақшалай қаражаттар қорын жасап қолданады. Қаржы деп ақша қаражаттарын бөлу және пайдалану туралы қатынастардың жүйесi аталынады.
Қаржының экономикадағы басты қажеттiгi объективтi мән-жайдан – тауар-ақша қатынастарының болуынан және қоғамдық дамудың қажеттiлiктерiнен туындайды. Қаржының басты арналымы – табыстар мен ақшалай қорларды жасау арқылы мемлекет пен шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қаржы ресурстарына деген қажеттiлiктерiн қанағаттандырып отыру және бұл ресурстардың жұмсалуына бақылау жасау.
Экономикадағы ақша қорлары негізінен орталықтандырылған, яғни, мемлекеттік бюджет пен мемлекеттік қорлардың негізінде жинақталған ақша қорлары болса, ал орталықтандырылмаған ақша қорлары бұл қызмет етуші кәсіпорындар мен ұйымдардың ақша қорлары болып табылады. Ал ақша қорларының қалыптасуы ақша қаражаттарының қорларының қалыптасуының негізінде пайда болады. Осы жинақталған ақша қоралы қаржы қатынастарын іске асырудың негізі болып табылады.
Сондықтан курстық жұмыстың тақырыбын «Ақша қаражаттарының қоры қаржы қатынастарының материалдық-заттық көрінісі ретінде» деп алдым.
Бұл тақырыптың өзектілігі қаржы саласы мемлекеттің және шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы қорларының үздіксіз қалыптасып отыруын, осы қорларды қалыптастырудағы ақша қаражаттар қорларының тиімді қалыптасуын қамтамасыз етудің маңыздылығын, еліміздегі бүгінгі таңдағы негізгі қорлар мен ақша қаражаттарының қорлары негізінде жұмылдырылатын қаржы қатынастарының ерекшелігі туралы тоқталу болып табылады.
Жұмысты орындаудағы алдыма қойған негізгі мақсатым: ақша қаражаттарының қорларының қаржыны қалыптастырудағы орнын анықтау және еліміздің ұлттық қорының құрылу барысы мен экономикадағы қызметтеріне тоқталу болып табылады...
Курстық жұмыстар
Толық

Журналистика | Түркістан газетіндегі мәдени мәселелердің көрінісі

ХХІ ғасыр – ақпарат ғасыры. Әсіресе, технологиялық үрдістердің қарыштап дамуы ақпарат алуды мейлінше жылдамдатып жіберді. Бұл тұрғыдан интернет парақшаларының маңызы өте зор. Ал, бұған дейін қасаң, ресми ақпараттарға мейлінше орын беріп, цензураның қармағына іліккен қазақ журналистикасы үшін ХХІ ғасырдың басында үлкен таңдау тұрды. Бұл – ақпараттық кеңістікті иелену, Қазақстан журналистикасында жетекші рөлге ие болу мәселесі еді. Қазақ ақпараты ХХ ғасырдың басынан бастап дамыды десек, кеңестік кезеңді артқа тастап, тәуелсіздік баспалдағына шыққан қазақ ақпаратының мәні мен маңызы, атқаратын рөлі, қамтитын тақырыбы мүлдем басқаша сипатқа ие болды.
Қазақ журналистерінің алдында ауыр жүк тұрды. Ақпараттық экспансиядан қорғану, өзге ұлттың өзге идеологияны көздейтін ақпараттық тасқынынан құтылу мәселесі алға қойылды. Дәл осы мақсаттың үдесінен қазақ баспасөзі қалай шыға білді? ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Журналистика | Қазақстан мен Ресейдегі көші қон мәселесінің БАҚ тағы көрінісі

Диплом жұмысының жалпы сипаттамасы: Ғылыми еңбекте бүкіл әлемдегі халықаралық көші-қонға шолу жасалына отырып, Қазақстан мен Ресей Федерациясы арасындағы ғасырларға жалғасқан достықтың, саяси әріптестіктің астарына үңіліп, тарихи кезеңдер жеке- жеке бөлініп талданды.
Байырғы тарихшы Санжар Аспендияров, Ермұқан Бекмаханов, қазіргі замандағы Серік Әбдіакимов секілді зерттеуші ғалымдардың еңбектерін негізге ала отырып, Қазақстан мемлекетінің көші - қон тарихы маңызды бес кезеңге бөлініп талданды.
Қазіргі таңда Еуропа мен Азияның ортасында орналасқан Қазақстан мемлекетінің де халықаралық көші-қонға белсене араласып,мемлекетаралық, халықаралық көші-қонның белсенді мүшесіне айналып отырғанына жете назар аударылып, саяси сараптама жасалынды. Сондай- ақ екі достастық мемлекеттің көші- қон туралы Заң баптарындағы ерекшеліктерге тоқталып өтіп, бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдағы плюрализм тудыру дәрежесін анықтап, тұжырымдалды.
Ғылыми еңбекте зерттеу жүргізілген экономикалық, әлеуметтік зерттеулерді екі елдің саяси тыныс- тамырын дөп басу үшін әлемдік деңгейдегі демограф- ғалымдар Дэвид Коулмэн, ресейлік ғалымдар М. Демурин, М. Юсуповский, Е. Садовскаяның және А.Сейдімбеков, М. Тәтімов, Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексі, Қазақстан Республикасы Конституциясының баптары, Халықаралық көші- қон басқармасы, облыстық, республикалық, статистика басқармаларының материалдары пайдаланылды. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қасым Аманжолов | Сталинград түбіндегі жеңіс халықтар достығы мен әскери бауырмалдылықтың жарқын көрінісі


Совет Армиясының Сталинград түбіндегі жеңісі екінші дүние жүзі соғысының бағытын түпкілікті өзгерткен тарихтағы үлкен оқиға болды. Осы шайқаста Совет Армиясы — гитлерлік Германияның 330 мың әскери тобын талқандап, әскери-саяси жағдайды анти-фашистік коалицияның пайдасына өзгертті. Соның нәтижесінде Ұлы Отан соғысына және екінші дүние жүзілік соғыста түбірлі бетбұрыс жасалды.

«Осы шайқаста Гитлердің таңдаулы әскерлері талқандалып қана қойған жоқ. Мұнда фашизмнің шабуыл дінкесі құрып, моральдық рухы жанышталды. Фашистік одақ ыдырай бастады... Гитлершіл басқыншылар алдын-ала бас имегендердің күш-қайраты екі есе үдеді. «Сталинград» деген сөз қарсылықтың белгісі, жеңістің белгісі ретінде ауыздан-ауызға тарады».

Сталинград түбіндегі тарихи жеңіс дүние жүзіне Совет Армиясының күшін неміс-фашист әскерлерінен артық екендігін көрсетті. Еділ бойындағы шайқастың батырлары мен жеңімпаздары барлық көп ұлтты Совет халқы болды. Бұл жеңіс социалистік қоғамның және оның, мемлекеттің құрылысының салтанатты жеңісі болды. .....
Әңгімелер
Толық

Биология | Жер сілкінісі

Жер сілкінісі (грек сөзінен шыққан «сейсмос»: жер сілкінісі) жер қабатындағы толқулар мен ауытқулар, жер асты дүмпулері мен соққылары, жер қабаты жылжуынан туындаған немесе адамдардың әрекеті салдарынан пайда болған үлкен қашықтықта болатын құбылыс. Күшті және қиратушы жер сілкіністері ең ауыр болып табылады, онда аймақта тұтастай ел және өңір қалуы мүмкін. Адамзат тарихында осы дүлей зілзалалардан миллиондаған құрбандар, қалалар мен кенттерде жүздеген қаза табулар, құрылыстардың зақымдануы мен жойылулары орын алуда.

Жер сілкінісінің себебі соңына дейін анықталмаған. 18 ғасырда ғалымдар мынадай қорытынды жасады, жер қабатында жас учаскелер сілкінеді, осының салдарынан тау жыныстарының бөліну бойынша ығысулар болады. Бөліну үлкен болса, соғұрлым жерасты дүмпуінің күші қаттырақ болады. Кейбір аудандарда жер сілкінісі жиі болып тұрады. Бұл аудандар сейсмикалық белсенді деп аталады. .....
Рефераттар
Толық

Күз келбеті

Төрт мезгіл. Әр мезгілдің өзіне тән қасиеті бар. Бірі жаныңа жылулық сыйласа, бірі қайта туған жауқазындай бүршік атып жатады, ал бірі суығына үйретіп те үлгереді. Осы төрт мезгілдің ішінде ең кереметі күз болар...
Шығармалар
Толық