Нағыз берік отбасы – үлкен еңбектің нәтижесі. Бұл жұмыс ұзақ уақытты қажет еткенімен, міндетті түрде жемісін береді. Егер отбасыңызға жаңашылдық енгізгіңіз келсе, жақын адамдарыңызбен ара-қатынасыңызды жақсартқыңыз келсе және туғандарыңызбен көбірек уақыт өткізуді ойласаңыз, өміріңізге бірнеше отбасылық дәстүр енгізіңіз.
Әкелерге (папа) пайдалы кеңестер | Аналарға және әйелдерге кеңестер
Кіріспе Банк жүйесі – нарықтық экономиканың ең маңызды және ажырамас құрылымдарының бірі. Банктердің дамуы тауар өндірісімен және айналымымен қатар өсіп өзара тығыз араласып кеткен. Мұндайда банктер ақша есеп айырысуларын жүргізіп, шаруашылыққа несие бере отырып, капиталдарды қайта бөлуде арадағы делдал ролін атқарып өндірістің жалпы тиімділігін елеулі түрде арттырып, қоғамдық еңбек өнімділігінің өсуіне жағдай туғызады. Қазіргі банктік жүйе – бұл кез келген дамыған мемлекеттің ұлттық шаруашылығының маңызды саласы. Оның практикалық ролі мемлекетте төлемдер мен есеп айырысулар жүйесін басқаратындығымен, өзінің коммерциялық мәмілелерінің көп бөлігін салымдар, инвестициялар және несиелік операциялар арқылы жүргізуімен анықталып, басқа да қаржы делдалдарымен қатар банктер халықтың жинақ ақшасын фирмаларға және коммерциялық құрылымдарға бағыттайды. Коммерциялық банктер мемлекеттің ақша-несие саясатына сәйкес әрекет ете отырып ақша ағындарының айналымына, эмиссиясына, жалпы массасына, оған қоса айналымдағы қолма-қол ақша санына әсер ету арқылы ақша қозғалысын реттейді.....
Кіріспе Мемлекеттің деңгейі мен негізін анықтауда экономика негізгі рөл атқарады. Оның әрбір саласын сәйкестілікпен жұмылдыру маңызды іс болып табылады. Әрбір елдегі нарықтық қатынастардың маңызды бөлігін несие мекемелері құрайды, яғни банк тараптары басты рөл атқарады. Менің бұл тақырыпты таңдау себебім - Ұлттық Банк – еліміздің эмиссиялық және резервтік орталық ретінде ақша – несие және валюта саясатын анықтайтын және маңызды жүйелерді реттеуші болғандықтан, оны тереңірек түсініп, танып білгім келеді. Республиканың Ұлттық банкінің ең басты мақсаты – экономиканы төлем құралдарымен үздіксіз жабдықтауды қамтамасыз ету және елдің барлық несие жүйесінің қызмет етуіне жағдай жасау, есеп айырысу жүйесін қалпына келтіру, банк қызметін реттеу болып табылады. Ол басқа қаржы – несие құралдарымен бәсекелеспейді және өз қызметінде пайданы табу мақсатын көздемейді.Ұлттық Банктің тарихына тоқталатын болсам, Қазақстан Республикасының Орталық банкі еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін КСРО Мембанкінің Республикалық Кеңесінің негізінде 1990 жылдың желтоқсанында алғашқыда Қазақстанның Мемлекеттік банкі ретінде құрылып, ал 1995 жылдың наурызынан Қазақстан Ұлттық Банкі деп аталды. Ол республикадағы банк жүйесінің жоғары деңгейдегі банк, өз қызметін Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 30 наурыздағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы" Заң күші бар Жарлығы бойынша жүргізеді және осы Жарлыққа сай Президентке есеп береді. Сонымен қатар Ұлттық банк өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын және басқа заңдарды, халықаралық шарттар мен келісімдерді басшылыққа алады.....
КІРІСПЕ Еліміздің даму кездерінің қай сатыларында болмасын дамудың объективті экономикалық заңдылықтарын анықтау және ол заңдылықтарды пайдалану шараларын дұрыс белгілеу үшін есеп жұмыстарын дұрыс ұйымдастырудың маңызы зор. Бухгалтерлік есеп және есеп беру мәліметтері шаруашылық жүргізуші субъектілердің және олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жедел басқару үшін, экономикалық жоспарлар жасап, оның орындалуын бақылау үшін қолданылады. Қаржылық есептілік, аудиттің маңызды объектісі болып табылады, ол оның мәліметтерінің дұрыстығын анықтау үшін арналған. Аудит ғылымның жаңа саласы ретінде пайдаланылып, оның теориялық және практикалық бағыттарын дамыту қажет етеді. Елімізде 1997 жылы 1 қаңтардан бастап 2003 жылдың 1 қаңтарына дейін қазақстандық бухгалтерлік есеп стандарттары басшылыққа алынып келді, 2003 жылдың 1 қаңтарынан бастап қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарын қабылдадық. 2004 жылы бухгалтерлік есеп методология департаменті қаржылық есеп беру ұлтық стандарты жасақталынды. Қаржылық есеп бере екі бөліммнен түрады. Бірінші бөлім жеке кәсіпкерлер және орташа кәсіпорындарға арналған, екінші бөлімі Қазақстан территориясындағы үлкен кәсіпорындарға және шетелдік серіптестік ұйымдарға арналған. 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық қаржылық шаруашылық қызметке ие Қазақстандағы кәсіпорындар қаржылық есеп берудің ұлттық стандарттарына көшті.....
І.Кіріспе. Жеке тұлға - әлеуметтік қатынастармен саналы іс-әрекетті жүзеге асырушы, нақты қоғамның мүшесі, өзін басқалардан ажырата білетін, өзінің кім екенін түсінетін есі кірген ересек кісі. Құдай қоғамнан тыс, тәуелсіз өмір сүре алмайды. Өйткені оның жаны да тәні де айналасындағылармен қарым-қатынас жасау үстінде тек әлеуметтік әсер жағдайларында ғана адам кісілік мән-мағынаға ие болады. Адам санасының дамып, өсіп жетілуіне оның ортасымен (отбасы, мектеп, т.б.) тығыз байланысты. Әлеумет әсері тимейтін, әлеуметтік құрықтан шығып кететін ешбір адам жоқ. Сондықтан адам психологиясын дұрыс ұғыну үшін ең алдымен, оның әлеуметтік жағдайын, яғни, оның қандай көзқарасы, наным-сенімі, бағыт-бағдары, білім мен іс-тәжірибесі, икем-бейімділігі, нақты кәсібі, білім бар екендігіне назар аударуымыз қажет. Осы айтылғандар жөнінде мағлұмат алғанда ғана біз оның психологиясы жайлы азды-көпті пікір білдіруге мүмкіндік аламыз. Ер жетіп ес білетін кісінің өмір жолын, ұстанған бағытын білдіретін мотивтер (түрткі, себеп) көп. Адам табиғаттағы кемелденіп жетілген ақыл-ой иесі және қоғамдық тұлға.....
Қазақ лингвистикасындағы тілдік қатынас пен қатысым әдісн зерттеу баспадан шыққан әдістемелік еңбектерге шолу жасауды қажет етеді. Қазақ тілінің әдістемесіне байланысты жарық көрген оқулықтар, еңбектер тіл білімінің барлық салаларын қамтып келіп, қазақ тілі ғылымында елеулі орын алады. Бірақ анықтап айтуға тиісті бір жағдай: ертеректе шыққан оқулықтардан бастап, осы соңғы кезеңдегі еңбектерге дейін тілдік қатынас мәселесін бірде-бір ғалым тікелей сөз етпейді. Бұған қарап, қазақ тіл білімінде қатысымдық процесс жоқ екен деп есептеуге болмайды. Баспадан шыққан еңбектерде тілдік қатынас, қатысым әдісі туралы ғылыми-теормялық пікір қалыптаспай, бұл мәселелерге байланысты терминдер бірізге түспегеніне қарамастан, тілді оқыту, тіл білімінің жеке салаларын оқыту мәселесі ертеден қолға алынған. Қазақ тілінің оқыту әдістемесінің тарихи қалыптасу жолында XX ғасырдың бас кезі, әсіресе осы кезеңнің алғашкы онжылдық уақыты, ерекше атап өтуді қажет етеді. Себебі, бұл жылдары көрнекті ғалым-ұстаздардың, қоғам қайраткерлерінің, жазушылардың ұлттық тілдің ерекшелігіне, оның қоғамдағы орны мен әлеуметтік мәніне көңіл аударып, қалам тартпағаны кемде-кем. 1922—1931 жылдарлың көлемінде казақ тілін оқыту, үйрету әдістсмесіне байланысты көптеген пікірлер мен көзқарастар сол кезеңдегі "Айқап", "Қазақ", "Қазақ тілі", "Мұғалім", "Шора", "Шолпан", "Сапа", "Жаңа мектеп", "Еңбекші қазақ". "Қызыл Қазақстан" сияқты басылымдарда көптеп жарияланды. Мысалы:....
Кіріспе Қазақстан Республикасы Президенті Н.А. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстанның бәсекелес 50 елдің құрамына кіру стратегиясы» атты жолдауына орай Қазақстан өз даму жолында жаңа нарыкқа ену босағасында тұр. Онда ол отандық өнімдердің бәсекелестікке қабілетті болуын басымдылықтың бірі ретінде көрсеткен. Олардың сапасы халықаралық талаптарға сай болуға тиіс. Дүниежүзілік ашық саудада саланың тиімділігін қамтамасыз етуді атап көрсетті.Соның ішінде мал шаруашылығына айтарлықтай атап кеткен. Мал шаруашылығы саласында малдардың аурулары және оларды емдеу бізге жүктелген. Бұл жерде қарастырылып отырған ауру түрі тейлериоз.Тейлериоз ірі қарада жіті және жітілеу түрде өтетін, тейлерия туысына жататын қарапайымдылар қоздыратын протозооз ауруы. Ауруға шалдыққан малдың сөл бездері үлкейеді, қызба, қаназдык, белгілері байқалып, жүрек-қан тамыр жүйесінің және асқазан жолдарының қызметі бұзылуымен сипатталатын аса кауіпті ауру. Мүйізді ірі қара тейлериозы еліміздің оңтүстік өңірінде мал ауруларының арасындағы кең таралған инвазиялық аурулардың бірі. Бұл ауру тек қана кең таралғанымен ғана белгілі болмай, ауырған малдардың өлім-жетімге ұшырауының көптігімен, буаз сиырлардың түсік тастауымен, қысыр қалуымен, сауын сиырлардың сүтінің азаюымен, малдың азып тозуымен, емдеуге және бағып күтуге кететін шығындардың көптігімен, малдардың аурудан жазылғанының өзінде оңалуының қиындылығымен, яғни жалпы мал шаруашылығына өте үлкен зияндылығымен сипатталады. Тейлериоз ауруын емдеуде біршама басылымдарда арнайы химиопрепараттар жоқ деп жазылған....
Оқыту – шәкірт пен ұстаздың өзара бірлесіп, ынтымақтасып жасайтын ортақ іс-әрекеті. Оқыту – мұғалімнің тәлім-тәрбие берудегі басты әрекеті болса, оқу шәкірттің дүниені танып-білуге бағытталған өзіндік әрекеті.Қысқаша айтсақ, оқу еңбек әрекетін орындауға қажетті білім, дағды , икемділіктер жүйесін игеру процесі. Оқу арқылы шәкірт біртіндеп, білім, дағды, икемділіктерді тиісті ғылыми ұғымдарды меңгереді, мұның нәтижесінде оның жан қуаттары, ерік жігері дамиды. Оқу-тәрбие ісі жастардың жүрегін тебірентіп, ой-сезіміне әсер ету үшін біріншіден, тәрбиеші ұстаздың саяси сауатты, жан-жақты білімді болуы шарт, екіншіден, тәлімгер ұстаз өз бойындағы білімді оқушы жүрегіне еркін ұялата аларлықтай әдіскерлік шеберлігі болуы қажет. Қоғамдық қатынастардың өзгеруіне байланысты жалпы адамзаттық құндылықтарды жеке тұлғаны қалыптастырудың негізі етіп алу. Өз халқының мәдениетін, әдебиетін, тілін, салт-дәстүрін, тарихын, өнерін сүю арқылы, басқа халықтардың да тілі мен мәдениетін, салт-дәстүріне құрметпен қарайтын озық мәдениетті адам қалыптастыру. Мұғалімге қажетті қасиеттер: жылылық, түсінгіштік, сезімталдық, кең ойлай алу, баланы шабыттандыра білу, балаға адам ретінде қадірлі болу, сабағының қызықты әрі пайдалы болуы, шығармашылық ізденісі мол болуы қажет. 1. Оқыту процесінде оқушылардың оқу іс-әрекетін стимулдау әдісі.....
1 Міндеттемені бұзғандық үшін жауаптылық Міндеттемені бұзғандық үшін жауаптылық ұғымы Міндеттемені бұзғандық үшін жауапкершілік, бір жағынан заңдық жауапкершіліктің түрі бола тұрып, тағы да, азаматтық – құқықтық жауапкершіліктің бір түріне жатады, ол субъективтік азаматтық құқық бұзушыға қосымша азаматтық – құқықтық міндеттерді немесе оған тиесілі азаматтық құқықтан айыру түрінде мемлекеттік мәжбүрлеумен қамтамасыз етілген қосымша мүліктік айыруды жүктеуге бағытталған, субъективтік азаматтық құқықтарды қорғаудың арнайы құқық қорғау шараларын қолдану деп анықталады. Заңдық жауапкершіліктің түрі бола тұрып, міндеттемені бұзғандық үшін жауапкершілік, сөзсіз, қандай да бір теріс салдарларды құқық бұзушыға жүктеу болып табылады. Сонымен қатар, міндеттемені бұзғандық үшін жауапкершілік, азаматтық – құқықтық жауапкершіліктің бір түрі бола тұрып, құқық бұзушы үшін жұмыс жасау, қызмет көрсету, ақша сомасын төлеу жөніндегі қосымша міндеттемемен, не мүлікке қандай да бір құқықтан айыру түріндегі белгілі бір қосымша мүліктік айырумен сипатталады, ол тікелей қолайсыз мүліктік салдарларға алып келеді.....
КІРІСПЕ Қазіргі, тәуелсіздік таңы атып, еліміздің экономикасы, халықтың әлеуметтік ахуалы көтеріліп келе жатқан таңда, азаматтық – құқықтық қатынастарды оқып – үйреніп, оны зерттеп, түпкір – түпкірін түсініп, Республикамыздың заңнамасын жоғары дәрежеге көтеру бірінші қатардағы мәселелердің бірі болып отыр. Ел Президентінің 2005 жылғы Қазақстан халқына жолдауында ел экономикасының дамушы елдер қатарындағы үздігі екенін баяндады. Банктік жүйе жетілгендігін айтып, несие беру жүйесін, әсіресе жастарға, бюджет қарамағындағы мекемелер қызметкерлеріне несие беруді жетілдіру қажет екендігін айтып өтті. Осыдан орай міндеттеме бұл салалардың бөлінбес бөлшегі болғандықтан, менің дипломдық жұмысымның өзектілігі күмәнсіздігіне көз жетіп отыр деймін. Осы жұмысты жазу барысында мен міндеттемелік құқықты егжей – тегжейлі қарап, оның түрлерін, пайда болу, тоқтатылу негіздерін түрлі әдебиеттерден ізденіп оқыдым. Әдетте, екі немесе одан көп тараптар жасаған міндеттеме алдында жасалған шарттар бойынша орындалады. Бірақ, өмірде әр түрлі себептерге байланысты міндеттемелер сол келісілген күйінде орындама алмайтын жағдай тууы мүмкін. Осы жағдайда тараптардың өзара келісім арқылы міндеттемені өзгертуге жол беріледі. Міндеттеменің негізгі субъектілері болады. Олар кімдер? Деген сүрақ туады. Бұл сұраққа жауап қарастыратын болсақ, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодекстің III бөлімінде, міндеттемелік құқық бөлімінде дәлірек негізделіп жазылған.......