Қызбалықты, қызықты, Қызылды - жасыл кең дала. Бұл күн қай күн, неткен жұрт Қиқу салады қыр мен ой? Қызыл туын қолға алған, Қолына орақ, балға алған, Жұмысшы, қара шаруаның Октябрь - ұлы той. .....
Жағалай Құрөзекті ауылым қонды, Үй тігіп, жүк жиғанша ымырт болды. Білге қара асынып аң іздедім, Үйде нағып отырсың, Мекен сорлы. Жағалай Құрөзекті шыға салдым, Таңға жақын бір елік атып алдым......
Самал жел, шалғын, жапырақ, балаусалы, Ұшқан құс, жайылған мал, таудағы аңы. Жапырлап қатар қонған халық пормы, Ыңыранып жатқан мезгіл жайлаудағы. Жайылған үйездемей қой мен қозы, Жусаған құлын мен тай байлаудағы. Таутеке, қоян, киік, қоймен бірге, Қойшылар «қорықтық» қылған тау - таудағы. Құс жырлап, су сылдырлап, күн шуақтап .....
Ғазиза - менің атым, затым әйел, Алла алса, арманым жоқ жанымды аяр. Ел надан, еңбек білер ешкімім жоқ, Мұң айтып, наз шаға алмай, өсек жаяр. Тең тауып, құрбы сүйіп күлмеген соң, Кеміріп жеп арман - қайғы көңілімді аяр. .....
Қабат - қабат салынған, Бөлек - бөлек болат үй, Электр шамы жағылған, «Тұр, жұмысшы, киім ки!» Деп, гудогі гүрілдейді. Ұршықтар ойнап, билеп би, Дөңгелектер дүрілдейді. Машинада қоңыр күй... .....
Алдымда айқын айнам бар, Алдымда жойқын майдан бар Ағарту елді - майданым! Майданда қан ішпеймін, Майданда іс істеймін, Майданда майда майдамын! Аң беруге ауылға, Аң беруге бауырға, Шаң беруге жауыңа.....