Қиял-ғажайып ертегі: Түсін іздеген жігіт

Бұрынғы өткен заманда бір бай болыпты, төрт түлік малы сай болыпты. Байдың қойын бағатын қойшылары да көп екен. Сол көп қойшының ішінде ақылды бір қойшы болыпты. Күндіз кешке шейін қойын жайып шаршап келіп жатқан әлгі қойшы жігіт түнде түс көріпті. Түсінде бір омырауында күн, бір омырауында ай көріпті. Ертеңінде тұрған соң түнде көрген түсіне ғажайыптаныпты. Сол маңдағылар жори алмаған соң, түсін жорыту үшін сапарға аттаныпты. Күн жүріпті, ай жүріпті. Түстің жоруын ешкім таппапты. Жүріп отырып күндердің бірінде бір қалаға кез болыпты. Түн ішінде қонуға үй іздеп келе жатса, бір үйдің жанында бір жігіт киім-кешектерін бөктеріп жүруге әзірленіп жатыр екен. «Бұл не қылған жан екен түн ішінде бүлінген» деп қасына барса, қыз екен.

—Келдің бе?—деп сұрапты әлгі қыз.

—Келдім,—депті ойында еш нәрсе жоқ жігіт.

—Онда жүрелік,—депті қыз.

«Бұл мені қайда апарар екен, байқап көрейін» деп ойлапты да:

—Болады,—депті. Екеуі жүріп кетіпті.....
Ертегілер
Толық

Дос іздеген бота

Балаларды таныс ертегі кейіпкерлерінің рөліне, диалог, монолог түрінде сөздерді дыбыс ырғағына келтіре айтуға үйрету. Ертегіге деген қызығушылығын арттыру арқылы сахнада өзін - өзі еркін ұстауға қалыптастыру.
Көрнекілік: Жайлау бейнесі, аңдардың киімі.

Қатысушы кейіпкерлер:
Боталы түйе
Мысық
Ит
Әтеш
Бақа
Лақ
Қозы
Ара .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық

Дос іздеген бота

«Дос іздеген бота»
«Әдістемелік әзірлеме»
Аннотация
Бұл ертегінің мән - мағынасы өте зор. Достық, бейбітшілікті ту еткен Қазақстан Республикамызда қаншама ұлт өкілдері өмір сүреді. Олардың бар мақсат - арманы бейбіт, тыныш, бақытты өмір. Сондықтан мен бұл халық ертегісінің кейіпкерлерін әр түрлі ұлттармен сабақтастырып, барлық ұлттардың бір отбасыдай тату - тәтті өмір сүретінін, болашағымыз тек қана бейбітшілік пен келісім екендігін, олар болса адамзаттың ең басты құндылығы екендігін көрсеткім келді.
Мақсаты: Ертегі көрініс арқылы балаларды достық сезімге тәрбиелеу. Рөлдеріне еніп, оны іскерлікпен, үлкен шығармашылықпен орындауға тәрбиелеу; көркем сөздерді мәнерлеп орындауға бағыттау, жануарларға деген сүйіспеншілігін, қамқорлық сезімін қалыптастыру. Ертегіге деген қызығушылығын арттыру арқылы сахнада өзін - өзі еркін ұстауға қалыптастыру.
Ертегінің кейіпкерлері:
Автор – Қазақ тілі мұғалімі .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық

"Бар-бар": Ерке Есмаханның атышулы әніне отандық әнші жауап берді (видео)

Серік Ибрагимов қаралым жағынан рекордтық көрсеткішке жеткен Ерке Есмаханның "Қайдасың" әніне жауап ретінде "Бар-бар" әнін шығарды. Әнші ол жерде Ерке сынды "жоғын" іздеген қыздарға елімізде лайықты жігіттердің көп екенін айтады. Аталған ән Instagam желісінде тарады, деп хабарлайды NUR.KZ.
Жаңалықтар
Толық

Интернет желісінен жар іздегендерге 7 кеңес

Ғылыми жетістіктер өмірімізге етене енді. Қазір қалаған дүниені алу үшін дүкен аралаудың қажеті жоқ. Интернет дүкендер арқылы киім-кешек, азық-түлік аламыз. Сапарға шығу үшін де вокзалға барудың қажеті жоқ. Тіпті білесіз ғой, туған күн иесін құттықтау үшін де көлдей пост пен бір сурет шығару жеткілікті. Айт күні… Жо-жоқ, айтшылап, қонаққа баратындар әлі бар екен ғой. Төмендегі кеңестер махаббатын ғаламдатордан іздетіндерге арналады.

1. Бір мезгілде бірнеше жігітпен сөйлеспеңіз
Танысу сайттары базамызда бәленше адам бар, олардың ішінен міндетті түрде екінші жартыңызды табасыз деп мақтанып жатады. Бір қарасаңыз, бұл жақсы нәрсе сияқты. Алайда мұнымен Швартмор колледжінің профессоры Барри Шварц келіспейді. Оның айтуынша, тым көп таңдаудың болуы әрбір үміткерді тереңірек зерттеуге.....
Ерлерге (жігіт) пайдалы кеңестер | Қыздарға (бойжеткен) пайдалы кеңестер
Толық

Талап

Талап - талмас қанат.

Талаптыға нұр жауар.

Талаптыға жол бер,
Өнерліге қол бер.

Талабы таудай.
Мақал-мәтелдер
Толық