file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Мен мемлекетімнің гүлденуі үшін не істей аламын?

Жастар - елдің келешегі. Ата-бабадан мұра болып қалған, оны ұрпақтың бірнеше буыны сабақтаса дамытқан тілімізді, әдет-ғұрыпты, тарихты, мәдениетті, өнер, білім мен ғылымды алға апаратын солар. Сондықтан да олардың білімді, өнерлі, еңбекқор болғанын ғана емес, мәдениетті болғанын, жаны да тәні де сұлу болғанын, тіліміздің қадірін түсірмей, абыройын асқақтата түсуін қалаймын.

Президент ел жастарымен болған кезекті бір кездесуінде «Еркін елде өскен ұрпақтың рухы әрдайым биік болуы тиіс. Жастары жалын жүректі, өршіл намысты, биік рухты болса –ол елдің еңсесі де биік болады. Өршіл, намысшыл жас отаншыл патриот келеді, халқына, өз ұлтына адал қызмет етуге ұмтылады.» Сондықтан жастар Елбасының сенімі мен үмітін ақтауымыз тиіс. Қазақ елін «Мәңгілік ел» қылатын біздер, жастар!» ......
Шығармалар
Толық