Өмір тауқыметі

Таңсәрі жаңа шыққан күннің бетін бұлт басқан, айнала аппақ, қар жауып тұр. Жел уф етсе, боран соққалы тұр. Ауылдағы барлық кемпір-шал, бала-шаға келіншектер жиналып соғысқа аттанып бара жатқан Сары шалдың баласы Әлібиді, Қоңқанның баласы Ерғалиды, Ертілеудің баласы Жетегенді шығарып салып тұр. Жетегеннің келіншегі Бати тозған шарқатының шетімен парлаған көз жасын сүртіп тұр. Жетегеннің артында шешесі Дәме, қызы Бажау мен аяғы ауыр келіншегі қалып барады. Жиналған жұрттың ішіндегі ақсақалды қарт адам
- Ал, балаларым, қайда жүрсеңдерде аман болыңдар! Жауды жеңіп аман-есен оралыңдар, деп ақ батасын беріп бетін сипады.
Қара торы ат жегілген шанадағы әскери киінген сұсты адам,
- Тез болыңдар, боран басталғалы тұр, жолымыз ұзақ, Шалқар стансасына жетуіміз керек деп, - айқайлады.
Жиналған қара құрым халық шу етіп жылап-сықтап қол былғап қала берді.
Қара торы ат жегілген шана көзден ғайып болғанша тарқаспады.
Бұл 1941 жылдың желтоқсан айы еді. Фашистік Германияның нағыз қаһарланып тұрған кезі. Соғысқа аттанған жас жігіттер Шалқар стансасына одан Ақтөбе қаласына жеткізіліп, казармаға орналастырылды. Ақтөбе қаласында он күн бойы дайындалғаннан кейін Мәскеу қаласына поезбен жеткізілді. Бұдан бұрын ешқайда шығып көрмеген ауыл жігіттеріне бәрі таңсық болса да, іштерінен үрей мен қорқыныш басымырақ. Мәскеуде екі күн болған соң, Мәскеу жанындағы Орел қаласына аттанды. Қасындағы ауыл жігіттері әр жаққа бөлініп кеткен. Ұрыстың дәл ортасына түскен 26 адам, көбісі жас жігіттер болса, кейбірі егде тартқан жігіт ағалары. Командир сапқа тұруға бұйрық берді.........
Шығармалар
Толық