Менің ұстанымым

Ұстаным - түсіне білгенге, адамның бет - бейнесі мен өмірлік мұраты емес пе!? Адамдарды ұстанымына қарап, оның қаншалықты білікті әрі парасатты екенін пайымдауға болады. Кей кездері керісінше, соншалықты қарабайыр екені де байқалынып қалады. Мен өз ұстанымым туралыы ой өрбітсем: «Ешкімнің ала жібін аттамау», «Сырға берік, досқа адал жақсылыққа жақын болып, адамдарға болысу» мұраттарын көздедім. Адам болып дүние есігін ашқан соң, адам боп қалу борышымыз емес пе?! Қалай ойлайсыз, келісесіз бе?! М. Хакімжанова жырлағандай: «Сан ғасырдың айғағы өзгермейтін, Сен адамның досысың мәңгі өлмейтін...» Бір күрсіндіретіні, бүгінгі дүбірлі дүрбелең әлемде кісілік азайып бара жатқандай көрінеді. Мектепте, көшеде, тіпті қоғамдық орындарда дарақыланып күлген, даңғазашыл құрбыларымды көргенде, өзім жерге кіре жаздаймын. Мейлі, күлкілі жайт болған да шығар, соншама дабыра етудің не қажеттілігі бар десеңізші!.. Ол ол ма? Үлкенді сыйламақ түгілі, қағып құлата жаздайтындар көбейгенін ешкім жоққа шығара қоймас!.. Халқымыздың «Ата тұрып, ұл сөйлегеннен без,.» деген өрелі сөзі ескеруден қалып бара ма өзі, қалай ?.. Ал менің алтын қазық бағыт-бағдарым: «Болса- дағы қиындық алда небір, «адам болу» мұратым қала берер!» Әр заман өз ойшылдарын тудырады. Бар ғұламаның айтар асқақ арманы, ізгі мұраты - білім жауһарларын теріп, адамзатты игі істерге жұмылдыру.

Йасауи хикметтері, Қашқари ата сөздігі, Рабғузи қиссаларынан адами мұраттарды көксеген бабалардың арман- мұраттарын танып білгендей болдым. Адамзат атаулы бар жерде «кісілік», «парасаттылық» өз мәнін жоғалтпасы анық! .....
Эсселер
Толық